Фармакологиялық әсері
Презентация қосу
Тақырыбы: Микардис
(Телмисартан)
Орындаған: Кенжебек Ә.О.
Курс: 3 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 306 Б
Қабылдаған:Хурметбек Т.Т.
medkrmu.kz
Жоспар:
Ⅰ. Кіріспе
Ⅱ. Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы.
2.1.Фармакологиялық әсері.
2.2. Қолданылуы.
2.3.Қолданылу тәсілі және дозалары
2.4. Препаратты қолданылу ерекшеліктері
2.5. Жағымсыз әсерлері
2.6. Қолдануға болмайтын жағдайлар
2.7. Дәрілермен өзара әсерлесуі
2.8.Арнайы нұсқаулықтар
2.9.Артық дозалануы
Ⅲ. Қорытынды.
Ⅳ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
medkrmu.kz
Кіріспе
Саудалық атауы
МИКАРДИС®
Халықаралық патенттелмеген
атауы
Телмисартан
Дәрілік түрі
40 мг, 80 мг таблеткалар
Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – сәйкесінше 40 немесе 80 мг
телмисартан,
қосымша заттар: натрий гидроксиді,
повидон К 25, меглумин, сорбитол Р6,
магний стеараты
medkrmu.kz 4
Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы
Сипаттамасы:
40 мг таблеткалар – ұзынша пішінді, ақ
немесе ақ дерлік түсті, бір жағында «51Н»
таңбасы және екінші жағында компанияның
логотипі бар, екі беті дөңес, қалыңдығы 3.6 –
4.2 мм таблеткалар.
80 мг таблеткалар – ұзынша пішінді, ақ
немесе ақ дерлік түсті, бір жағында «52Н»
таңбасы және екінші жағында компанияның
логотипі бар, екі беті дөңес, қалыңдығы 4.4 –
5.0 мм таблеткалар.
medkrmu.kz 5
Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы
Фармакотерапиялық тобы
Ренин-ангиотензин жүйесіне
әсер ететін препараттар.
Ангиотензин II антагонистері.
Телмисартан.
АТХ коды C09CA07
medkrmu.kz 6
Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы
Микардис® жоғары қан
қысымын (гипертония) емдеу
үшін қолданылады. Кейде ол
басқа қан қысымы дәрі-
дәрмектерімен бірге беріледі.
Микардис
Микардис® сонымен қатар
жүректің ауыр
проблемалары үшін кем
дегенде 50 жаста болатын
адамдар үшін инсульт,
инфаркт немесе жүрек
проблемаларынан қайтыс
болу қаупін азайту үшін
қолданылады.
medkrmu.kz 7
Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы
Телмисартан
Мөлдір түссіз корпусты және қою көк түсті мөлдір қақпақшалы, қатты
желатин капсулалар өлшемі «2». Капсула ішінде – ақшыл түсті сфералық
микропеллеттер. (ТЕОФИЛ® СР 200 үшін).
Мөлдір түссіз корпусты және жасыл түсті мөлдір қақпақшалы, қатты
желатин капсулалар өлшемі «1». Капсула ішінде – ақшыл түсті сфералық
микропеллеттер. (ТЕОФИЛ® СР 300 үшін).
medkrmu.kz 8
Фармакологиялық әсері
Фармакокинетикасы
Телмисартан тез сіңеді, сіңірілетін көлемі ауытқып
тұрады. Телмисартанның биожетімділігі 50 %-ға
жуықты құрайды.
Телмисартанды тамақпен бір мезгілде
қабылдағанда AUC төмендеуі («концентрация-
уақыт»қисығы астындағы ауданы) 6 %-дан (40 мг
дозада) 19 %-ға дейін ауытқып тұрады (160 мг
дозада). Қабылдағаннан кейін 3 сағат өткен соң
қан плазмасындағы концентрациясы ас ішуге
байланыссыз теңеледі. AUC болар-болмас
төмендеуі емдік әсерінің азаюына алып келмейді.
medkrmu.kz 9
Фармакокинетикасы
Ерлер мен әйелдерде плазмадағы
концентрацияларында айырмашылық байқалады.
Сmax (ең жоғарғы концентрациясы) және AUC
тиімділігіне елеулі әсер етуінсіз-ақ, ерлермен
салыстырғанда әйелдерде шамамен сәйкесінше 3
және 2 есе жоғары болды.
Плазма ақуыздарымен байланысуы 99,5 %-дан
астам, негізінен альбуминмен және альфа-1
гликопротеинмен. Таралу көлемі 500 л жуықты
құрайды.
Телмисартан бастапқы затының глюкуронидпен
конъюгациялану жолымен метаболизденеді.
Конъюгатының фармакологиялық
medkrmu.kz белсенділігі 10
Фармакокинетикасы
Телмисартан фармакокинетикасының сипаты
биэкспоненциальді және жартылай
шығарылуының терминалдық кезеңі >20 сағат.
Cmax және – азғантай дәрежеде – AUC артуы
дозасына пропорционалды емес. Телмисартанның
клиникалық маңызды жинақталуы анықталмаған
Ішу арқылы қабылдағаннан кейін телмисартан
ішек арқылы өзгеріссіз күйде толығымен дерлік
шығарылады. Несеппен жалпы шығарылуы
дозасының 2 %-ынан азын құрайды. Жалпы
плазмалық клиренсі «бауыр» қан ағымымен
салыстырғанда (1500 мл/мин жуық) жоғары (900
мл/мин жуық). medkrmu.kz 11
Фармакокинетикасы
Телмисартан
Бүйрек жеткіліксіздігі бар
емделушілер
Егде жастағы
Гемодиализ жүргізіліп жүрген, бүйрек
емделушілер
жеткіліксіздігі бар емделушілерде
Егде жастағы
плазмада азғантай концентрациялары
емделушілер Телмисартанның
байқалады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар
фармакокинетик
тұлғаларда телмисартан плазма
Телмисартанның асы егде
ақуыздарымен көбірек байланысады
фармакокинетикасы жастағы
және диализ кезінде шығарылмайды.
егде жастағы емделушілерде
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде
емделушілерде өзгермейді
жартылай шығарылу кезеңі
өзгермейді.
өзгермейді.
medkrmu.kz 12
Фармакокинетикасы
Телмисартан
Балалар
Бауыр
жеткіліксіздігі бар Телмисартанның екі енгізілуінің
емделушілер фармакокинетикасы гипертензиясы бар
(n = 57) 6 жастан 18 жасқа дейінгі
Бауыр жеткіліксіздігі емделушілерде телмисартанды 1 мг/кг
бар емделушілерде немесе 2 мг/кг дозаларда төрт апталық
телмисартанның емдеу курсы бойына қабылдағаннан
абсолюттік кейін бағаланды. Зерттеу нәтижелері, 12
биожетімділігі 100 %- жасқа толмаған балалардағы
ға дейін артады. телмисартанның фармакокинетикасының
Бауыр жеткіліксіздігі көрсеткіштері ересектердегі осындаймен
кезінде жартылай сәйкес келетінін растады, атап айтқанда,
шығарылу кезеңі Cmax дозаға тәуелді емес сипаты
өзгермейді. расталды.
medkrmu.kz 13
Фармакодинамикасы
МИКАРДИС ішке қабылдауға арналған ангиотензин II рецепторларының (AT1
типі) тиімді және спецификалық (селективті) антагонисі болып
п
табылады. Телмисартан аса жоғары афинділікпен ангиотензин II-ні оның
ангиотензин II белгілі әсеріне жауап беретін AT1 субтипінің
рецепторларындағы байланысу орнынан ығыстырады. Телмисартанның AT1
рецепторына қатысты агонистік әсері жоқ. Телмисартан AT1-
рецепторларымен селективті байланысады. Байланысуы ұзақ сипатта
болады. Телмисартан басқа рецепторларға, соның ішінде AT2 рецепторға
және басқа аз зерттелген AT рецепторларға аффинділік танытпайды.
Бұл рецепторлардың функционалдық мәні, сондай-ақ олардың
телмисартанды тағайындаған кезде концентрациясы артатын
ангиотензин II шамадан тыс көтермелену мүмкіндігінің әсері
зерттелмеген.
medkrmu.kz 14
Фармакодинамикасы
Телмисартан плазмадағы альдостерон деңгейін төмендетеді, адам
п
плазмасындағы ренинді және ион өзектерін бөгемейді.
Телмисартан брадикининді ыдырататын ангиотензин-өзгертуші
ферментті (киназа II) тежемейді. Сондықтан брадикининнің әсеріне
байланысты жағымсыз әсерлері күшеймейді.
Адамда телмисартанның 80 мг дозасы ангиотензин II туғызған
артериялық қысымның (АҚ) жоғарылауын толығымен дерлік
тежейді. Тежегіштік әсері 24 сағаттан астам ұсталып тұрады
және 48 сағаттан кейін де анықталады.
medkrmu.kz 15
Фармакодинамикасы
Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу
Телмисартанның алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін АҚ 3 сағаттан кейін
п
төмендейді. Ең жоғарғы АҚ төмендеуіне емдеуді бастағаннан кейін біртіндеп 4
аптадан кейін жетеді және ұзақ уақыт бойы ұсталып тұрады.
Гипотензивтік әсері препаратты қабылдағаннан кейін, кезекті дозасын
қабылдау алдындағы 4 сағатты қоса, 24 сағат бойы жалғасады, бұны АҚ
амбулаторлық өлшеу, сондай-ақ препараттың бақыланатын клиникалық
сынақтардағы 40 және 80 мг МИКАРДИСті қабылдағаннан кейінгі ең төменгі
және ең жоғарғы концентрацияларының тұрақты (80 %-дан жоғары)
арақатынасы растайды.
Гипертензиясы бар емделушілерде МИКАРДИС жүректің жиырылу жылдамдығын
өзгертпестен, систолалық қысымды да, диастолалық қысымды да
төмендетеді.
medkrmu.kz 16
Фармакодинамикасы
п
Телмисартанның гипертензияға қарсы әсері амлодипин, атенолол,
эналаприл, гидрохлоротиазид, лозартан, лизиноприл, рамиприл және
валсартан сияқты гипотензивтік препараттардың басқа кластарының
өкілдерімен салыстырылды.
МИКАРДИСті күрт тоқтатқан жағдайда АҚ біртіндеп бірнеше күн бойы
артериялық гипертензияның жылдам қайта жаңғыруы белгілерінсіз
(«рикошет» синдромы жоқ) емдеуге дейінгі мәндеріне қайта келеді .
medkrmu.kz 17
Фармакодинамикасы
Фармакодинамика Клиникалық зерттеулерде, телмисартанды қолдану
артериялық гипертензиясы және сол жақ қарынша
гипертрофиясы бар науқастардағы сол жақ қарынша
салмағының және сол жақ қарынша салмағы индексінің
статистикалық елеулі азаюымен байланысты.
Гипертензиясы және диабеттік нефропатиясы бар
емделушілерде МИКАРДИСпен емдеуде протеинурияның
статистикалық маңызды төмендеуі (микроальбуминурия
мен макроальбуминурияны қоса) байқалады.
Көпорталықтық халықаралық клиникалық зерттеулерде,
телмисартанды қабылдаған емделушілердегі құрғақ
жөтел жағдайлары ангиотензин-өзгертуші ферменттің
тежегішерін (АӨФт) қабылдаған емделушілерге
қарағанда едәуір аз болғаны дәлелденген.
medkrmu.kz 18
Фармакодинамикасы
п Жүрек-қантамыр аурулары мен өлімінің алдын алу
Сыртартқысында ЖИА, инсульт, шеткергі тамырлардың аурулары мен нысана
ағзалардың зақымдануымен жүретін қант диабеті (ретинопатия, сол жақ
қарыншаның гипертрофиясы, макро және микроальбуминурия) бар 55 жастағы
және одан үлкен емделушілерде МИКАРДИСТІ қолдану миокард инфарктілерінің,
инсульттердің, іркілісті жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жату
жиілігін азайтуға және жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім
жағдайларын төмендетуге мүмкіндік береді.
medkrmu.kz 19
Фармакодинамикасы
Балалар:
Телмисартанның гипертензияға қарсы әсері 6 жастан 18 жасқа дейінгі
п
гипертензиясы бар емделушілерде (n = 76) телмисартанды төртапталық емдеу
кезеңі ішінде 1 мг/кг (емделгендер n = 30) немесе 2 мг/кг (емделгендер n = 31)
дозада қабылдағаннан кейін бағаланды.
Систолалық артериялық қысым (САҚ) телмисартанның сәйкесінше 2 мг /кг
және 1 мг/кг топтарында бастапқы мәнінен орташа алғанда 8.5 сын. бағ. және
3.6 мм.сын.бағ. төмендеген. Диастолалық артериялық қысым (ДАҚ)
телмисартанның сәйкесінше 1мг /кг және 2 мг/кг топтарында бастапқы
мәнінен орташа алғанда 4.5 мм. сын.бағ. және 4.8 мм. сын.бағ. төмендеген.
Өзгерістер дозаға тәуелді сипатта болды.
Қауіпсіздік профилі ересек емделушілердегі осындаймен салыстырмалы ұқсас
болды.
medkrmu.kz 20
Қолданылуы
эссенциальді артериялық гипертензияны
емдеуде
жүрек-қантамыр аурулары мен жүрек-қантамыр
ауруларының даму қаупі жоғары 55 жастан
асқан емделушілерде өлімнің алдын алуда
(төмендетуде)
Қолданылу тәсілі және дозалары
Телмисартан
оЖүрек-қантамыр аурулары мен өлім
жағдайларының алдын алу
Ұсынылатын дозасы күніне бір рет 80 мг құрайды.
80 мг-ден төмен дозалары жүрек-қантамыр
аурулары мен өлім жағдайларын төмендету үшін
тиімді болып табылатын-табылмайтындығы
анықталмаған.
Жүрек-қантамыр аурулары мен өлім жағдайларының
алдын алу үшін телмисартанды қолданудың
бастапқы сатысында артериялық қысымды (АҚ)
бақылау ұсынылады, сондай-ақ АҚ төмендететін
дәрілермен АҚ ретке келтіру қажет болуы мүмкін.
Қолданылу тәсілі және дозалары
Микардис Эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу
Ересектер үшін ұсынылған дозасы күніне бір рет 40 мг
құрайды.
Күтілген АҚ-ға қол жеткізілмеген жағдайларда, МИКАРДИС
дозасы ең жоғарғысы күніне бір рет 80 мг дейін
арттырылуы мүмкін.
Дозасын арттырған кезде гипертензияға қарсы ең жоғарғы
әсеріне әдетте емдеу басталғаннан кейін төрт-сегіз апта
ішінде қол жеткізілетінін ескеру керек.
оТелмисартанды тиазидтік диуретиктермен, мысалы,
телмисартанмен қосылғанда қосымша гипотензивтік әсер
беретін гидрохлоротиазидпен біріктіріп пайдалануға болады.
Ауыр дәрежелі артериялық гипертензиясы бар емделушілерде
телмисартанның тәулігіне 160 мг (80 мг Микардис
препаратының екі капсуласы) және тәулігіне 12,5-25 мг
гидрохлоротиазидпен біріктірілген дозасының көтерімділігі
жақсы және тиімді болған.
Қолданылу тәсілі және дозалары
Микардис Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің жеңіл және орташа
бұзылулары бар емделушілерде препараттың
тәуліктік дозасы күніне бір рет 40 мг аспауы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Гемодиализдегі емделушілерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі
бар емделушілерде дозасын түзету қажет емес.
Телмисартан гемофильтрация кезінде қаннан
шығарылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Артериялық гипертензиясы бар емделушілердегі плацебо-
бақыланатын сынақтарда телмисартанды (41,4 %) қабылдаған
кезде хабарланатын жағымсыз әсерлерінің жиынтық мөлшері,
әдетте плацебо қабылдауда (43,9 %) туындайтын жағымсыз
әсерлерінің санымен салыстырмалы ұқсас. Бұл жағымсыз әсерлер
саны дозаға тәуелді болған жоқ, емделушілердің жынысына, жас
шамасына және нәсіліне байланысты болған жоқ.
Препаратты жүрек-қантамыр аурулары мен өлімінің алдын
алу үшін қабылдаған емделушілерде МИКАРДИСтің қауіпсіздік
профилі, артериялық гипертензиясы бар емделушілерге
арналған қауіпсіздік профиліне сәйкес келді.
Жағымсыз әсерлері
Төменде атап келтірілген жағымсыз әсерлер гипертензиясы бар
емделушілер қатысқан барлық бақыланған клиникалық
сынақтар, сондай-ақ маркетингтен кейінгі зерттеулер
нәтижесінде жинақталған. Бұдан өзге, күрделі жағымсыз
әсерлері мен телмисартанды жүрек-қантамыр аурулары мен
өлімді болдырмау үшін алты жыл бойы қабылдаған 21 642
емделушінің қатысуымен ұзаққа созылған үш клиникалық
сынақта хабарланған препаратты қабылдауды тоқтатуға
алып келген жағымсыз әсерлер жатқызылды.
Жағымсыз құбылыстар мынадай жіктемелер пайдаланыла
отырып төменде көрсетілген: жиі ≥1/100-ден <1/10-ға дейін, жиі
емес ≥1/1000-нан <1/100-ге дейін, сирек ≥1/10000-нан <1/1000-ға
дейін, өте сирек <10000.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Телмисартанға немесе препарат компоненттерінің
кез-келгеніне жоғары сезімталдық
өт жолдарының обструкциялық аурулары
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
қант диабетімен немесе бүйрек жеткіліксіздігімен
ауыратын пациенттерге МИКАРДИСпен бірге
алискиренді қолдану (СКФ < 60 мл/мин/ 1,73 м2)
сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере
алмаушылық
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әсерлесуі
o МИКАРДИС гипертензияға қарсы басқа дәрілердің
гипотензивтік әсерін арттыруы мүмкін. Басқа
клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері
анықталмаған.
o Телмисартанды біріктіріп қолдану дигоксинмен,
варфаринмен, гидрохлоротиазидпен,
глибенкламидпен, ибупрофенмен, парацетамолмен,
симвастатинмен және амлодипинмен клиникалық
маңызды өзара әрекеттесуіне алып келмейді.
Дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің
қан плазмасындағы орташа ең төменгі
концентрациясының 20 %-ға жоғарылағаны байқалды
(жекелеген жағдайларда 39 %-ға), сондықтан қан
плазмасындағы дигоксин деңгейіне мониторинг
жүргізу қажет.
Дәрілермен өзара әсерлесуі
o Телмисартан мен рамиприлді бір мезгілде пайдаланғанда
рамиприл мен рамиприлаттың AUC0-24 пен Cmax 2,5 есе
артқаны байқалған. Бұл құбылыстың клиникалық
маңыздылығы анықталмаған.
o Литийді МИКАРДИСті қоса, ангиотензин II рецепторларының
антагонистерімен біріктіре пайдаланғанда сарысудағы литий
концентрацияларының қайтымды артқаны және уыттылығы
туралы хабарланған. Осы аталған жағдайда, қан
плазмасындағы литий деңгейіне мониторинг жүргізу
ұсынылады ал емделушілер дәрігердің қатаң қадағалауында
болуы тиіс.
o Ацетилсалицил қышқылын, циклооксигеназа-2 [ЦОГ-2]
тежегіштерін және селективті емес ҚҚСП қоса, қабынуға
қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) бір мезгілде
емдеу сусыздану бар емделушілерде жедел бүйрек
жеткіліксіздігінің даму қаупіне байланысты
АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Реноваскулярлық гипертензия
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін
дәрілермен ем алып жүрген, бүйрек артерияларының
екіжақты стенозы немесе жалғыз бүйрек
артериясының стенозы бар емделушілерде ауыр
гипотензия қаупі жоғары.
Бүйрек қызметінің бұзылулары және бүйректі
ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдайлар
МИКАРДИСті бүйрек жеткіліксіздігі бар
емделушілерде пайдаланғанда қан сарысуындағы
калий мен креатинин деңгейін ауық-ауық бақылап
отыру ұсынылады. МИКАРДИСТІ жуырда бүйрек
трансплантациясы жүргізілген емделушілерде
қолдану тәжірибесі болмаған.
АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Айналымдағы қан көлемінің (АҚК) төмендеуі
Симптоматикалық гипотензия, әсіресе алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін
жаппай диуретиктермен емдеудің, тұзды шектеулі пайдаланудың, диареяның
немесе құсудың салдарынан, АҚК төмендеуі және/немесе гипонатриемиясы бар
емделушілерде байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар, әсіресе АҚК төмендеуі және/
немесе натрий төмендеуін МИКАРДИСті тағайындағанға дейін түзету керек.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы:
Бүйрек қызметінің өзгеруі (соның ішінде бүйректің жедел жеткіліксіздігі)
жағдайлары сезімтал адамдарда, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін
тежеудің, әсіресе, осы жүйеге әсер ететін дәрілік препараттарды біріктіргендегі
нәтижесі ретінде белгілі. Сондықтан, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің
қосарлы блокадасын қолдануды (мысалы, АӨФ тежегішін немесе тікелей ренин
тежегіші алискиренді ангиотензин II рецепторларының антагонисіне қосқан
кезде) жекелеген жағдайлармен шектеу және бүйрек қызметінің мұқият
мониторингімен жүргізу керек.
АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін
көтермелеумен байланысты басқа жағдайдар
Тамыр тонусы мен бүйрек қызметі көбінесе
ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің
белсенділігіне тәуелді (мысалы, іркілісті ауыр
жүрек жеткліксіздігі немесе қатарлас жүретін
бүйрек артериясының стенозын қоса, бүйрек
аурулары бар емделушілер) емделушілерде, бұл
жүйеге әсер ететін басқа дәрілермен емдеуді
жедел гипотензиямен, гиперазотемиямен,
олигуриямен немесе сирек жағдайларда,
бүйректің жедел жеткіліксіздігімен
байланыстырады.
АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Бастапқы альдостеронизм
Бастапқы альдостеронизмі бар емделушілер әдетте
ренин-ангиотензин жүйесін тежеу жолымен әсер ететін
гипертензияға қарсы дәрілермен емдеуге реакция
бермейді. Сондықтан емделушілерді бұл тобында
МИКАРДИСті пайдалану ұсынылмайды.
Аортальді және митральді клапандардың стенозы, обструкциялық
гипертрофиялық кардиомиопатия
Басқа тамыр кеңейткіш дәрілерді пайдаланғандағы
сияқты, аортальді немесе митральді стеноздан немесе
обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиядан
зардап шегетін емделушілерде МИКАРДИСті
тағайындағанда өте сақ болу керек.
АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Жүктілік кезінде:
Жүктілік кезінде ангиотензин II рецепторларының
антагонистерін қабылдау ұсынылмайды. Ангиотензин II
рецепторларының антагонистерін қабылдаған және жүктілікті
жоспарлап жүрген емделушілер жүктілік кезінде қолданғанда
қауіпсіздік профилі белгілі гипертензиялық препараттармен
баламалы емге көшірілуі тиіс.
Жүктілік анықталған жағдайда ангиотензин II рецепторларының
антагонистерімен емдеу дереу тоқтатылуы және сәйкесінше
баламалы ем тағайындалуы тиіс.
Телмисартанмен клиникаға дейінгі зерттеулер тератогендік
әсерін растамайды, бірақ фетоуыттылығын көрсетеді..
Басқа тамыр кеңейткіш дәрілерді пайдаланғандағы сияқты,
аортальді немесе митральді стеноздан немесе обструкциялық
гипертрофиялық кардиомиопатиядан зардап шегетін
емделушілерде МИКАРДИСті тағайындағанда өте сақ болу
керек.
АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Қант диабеты:
Жүректің ишемиялық ауруымен (ЖИА) қатарлас қант
диабеті бар емделушілерде өліммен аяқталатын миокард
инфарктісінің дамуы мен жүрек-қантамыр аурулары
салдарынан кенеттен өлу қаупі артериялық қысымды
төмендететін дәрілік заттармен (мысалы, ангиотензин
рецепторларының блокаторлары немесе АӨФ тежегіштері)
емдегенде артуы мүмкін. Қант диабеті бар емделушілерде
ЖИА симптомсыз болуы және сондықтан да
диагностикаланбауы мүмкін. Қант диабеті бар
емделушілер МИКАРДИСті қабылдар алдында ЖИА
анықтау және сәйкесінше емін тағайындау үшін, тиісінше
диагностикалық тексеруден (мысалы, дене жүктемесімен
электрокардиограмма) өтуі тиіс.
Артық дозалануы
Артық дозалануы
Адамдардағы артық дозалануы жөніндегі мәліметтер шектеулі.
Симптомдары: артық дозалануының анағұрлым ықтимал
белгілері гипотензия және тахикардия болуы мүмкін,
брадикардияның дамуы мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.
Емі: ұсынылатын емі – симптоматикалық. Телмисартан қаннан
гемодиализбен шығарылмайды.
Артық дозалануы
Артық дозалануы
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, белсенділендірілген
көмір тағайындау, іш жүргізетін дәрілік заттар тағайындау,
жеделдетілген диурез, гемосорбция, плазмосорбция,
симптоматикалық ем (оның ішінде метоклопрамид және
ондансетрон –құсу жағдайында). Ұстаманы тоқтату үшін - к/і
диазепам, 0.1-0.3 мг/кг (бірақ 10 мг артық емес). Қатты жүрек
айнуы мен құсуда - метоклопрамид немесе ондансетрон (к/і).
Қорытынды
Телмисартан (микардис) ұзақ уақыт әсер ететін
ангиотензивтік АТ- рецепторлардың тежегіштерінің
бірі. Тәулігіне 1 рет ішке енгізеді. Жанама әсерлері
сирек (диспепсиялық бұзылыстар, фарингит, бронхит,
жөтел, бөртпе және басқалар) байқалады. Дегенмен
препараттың қауіпсіздігі жайлы қорытынды айту үшін
ұзақ бақылау керек.
Әдебиеттер
1. https://drugs.medelement.com/drug/%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%80%D
0%B4%D0%B8%D1%81-40%D0%BC%D0%B3-%
D0%B8%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D
1%8F/73955381477650962?instruction_lang=KZ&ysclid=l91js1rfi19843900
2. https://drugs.medelement.com/drug/%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%80%D
0%B4%D0%B8%D1%81-80%D0%BC%D0%B3-%
D0%B8%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D
1%8F/270050111477650962?instruction_lang=KZ&ysclid=l91kwxo2d2280869916
3. Харкевич Д.А. Фармакология : учебник. 12-е изд., испр. и доп. М. : ГЭОТАР-Медиа,
2018. 760 с.
4. Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина. 4-е изд., перераб. и доп. М. : ГЭОТАР-
Медиа, 2010. 832 с.
5. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология и фармакотерапия. 3-е изд. М. :
Медицинское информационное агентство, 2010. 872 с.
6. Биохимическая фармакология / под ред. П.В. Сергеева, Н.Л. Шимановского. М. :
Медицинское информационное агентство, 2010. 624 с.
medkrmu.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz