Сабақ жоспары: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру және қысқаша көбейту формулаларын қолдану


Slide 1

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру 1 сағат

Slide 2

Сабақты өткізу жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігі, сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІҮ. Өткен тақырыптарға қысқаша шолу

Ү. Жаңа білімді түсіндіру

ҮІ. Жаңа білімді бекіту

ҮІІ. Өздік жұмыс

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау

ІХ. Үй тапсырмасы

Х. Оқушыларды бағалау.

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

1. Көпмүшеге амалдар қолдану арқылы және қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

2. Жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды біріктіру ережелерін қолдану. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

3. Оқушылардың математикалық сөйлеу мәдениеттерін дамыту, есептер шығару барысында ұқыптылыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты түсіндіру

Slide 4

Жақша алдында «+» немесе «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады?

Екі өрнектің квадраттарының айырымы (анықтамасы, формуласы) .

Екі өрнектің қосындысының (айырымының) квадраты (анықтамасы, формуласы) .

Екі өрнектің қосындысының (айырымының) кубы (анықтамасы, формуласы) .

ІҮ. Өткен тақырыптарға қысқаша шолу

Slide 5

Ү. Жаңа білімді түсіндіру.

5х+3х және 8х өрнектерінің х = -3 болғандағы мәндерін салыстырайық:

5х+3х = 5 · (-3) +3 · (-3) = 24,

ал 8х = 8 · (-3) = 24.

Енді 5х+3х және 8х өрнектерінің мәндерін х = 4 болғанда салыстырып көрелік.

Бұл жағдайда берілген өрнектердің мәндері 32-ге тең. Демек, берілген өрнектердің х-тің кез келген мәнінде тең мән қабылдайды.

Slide 6

Анықтама: Құрамындағы әріптердің барлық мүмкін мәндерінде дұрыс болатын теңдік тепе-теңдік деп аталады.

Мысалы, 3х+5х = х+7х, b+2a = 2a+b теңдіктері тепе-теңдік болып табылады.

Анықтама: Әріптердің мүмкін мәндерінде бірдей мәнге ие болатын екі өрнек тепе-тең өрнектер деп аталады.

Анықтама: Әріптердің кез келген мәнінде мағынасы болатын бір өрнекті оған тепе-тең өрнекпен алмастыруды тепе-тең түрлендіру деп атайды.

Өрнектерді түрлендіру амалдар заңына сүйене отырып жасалады.

Slide 7 Slide 8

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

№1. Мына теңбе-теңдіктер дұрыс па:

3а(5b) = 15аb;

-3m+3m = 0;

1+(x - y) = 1 - (y - x ) ;

2a+(3 b - 4 ) = 2a - (3b+4) ?

№2. Теңбе-теңдік дұрыс па:

5а+(-5а) +7b = 7b;

31(m - m) = 31;

(-1) · b+а = а - b;

5а - 17 = 5(а - 17) ?

Кітаптан № 471, 472, 473 (тақ есептер)

Slide 9

№3. Жұлдызшаның орнына теңдік дұрыс болатындай етіп өрнектер жазыңдар:

(а+ b+с) +(* - * +с ) = 4а - 2b+2с:

(7х - *) - (*+2у) = 3х - 2у.

ҮІІ. Өздік жұмыс №1. Жұлдызшаның орнына алгебралық теңдік шығатындай өрнек қой:

4аb+2ab+* = 11ab;

13kp - 7kp+* = 12kp.

№2. Берілген өрнектер теңбе-теңдік бола ма:

35+15mn және (20mn - 5mn) +35;

(a - a) · 5 және (a+b) · 0;

3(2a - 5b) және 6a - 15b;

2a - 8 = 3a - (a+b) ?

Slide 10

ІХ. Үй тапсырмасы

Кітаптан № 471, 472, 473 (жұп есептер)

Формуланы топтастыру

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

Сабақта көпмүшеге амалдар қолдану арқылы және қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, өрнектерді тепе-тең түрлендіруді үйрендік.

Екі өрнектің квадрат тарының айырымы

Екі өрнектің кубтарының айырымы . . .

Екі өрнектің қосындысың квадраты . . .

Екі өрнектің кубтарының қосындысы . . .

Екі өрнектің айырымының квадраты . . .

Екі өрнектің айырымының кубы

Екі өрнектің қосынды- сының кубы

Қысқаша көбейту формулалары


Ұқсас жұмыстар
7-сынып: Қысқаша көбейту формулалары көмегімен алгебралық өрнектерді түрлендіру
Қысқаша көбейту формулаларын тиянақтау: дәлелдеу, геометриялық интерпретация және есепте қолдану
Бүтін өрнектерді көпмүшеге түрлендіру: ортақ көбейткіш, топтау және қысқаша көбейту формулалары
7-сынып Алгебра сабақ жоспары: қысқаша көбейту формулалары арқылы өрнектерді жіктеу және тиімді есептеу
Қысқаша көбейту формулалары: теория, есептер және сабақ жоспары
7-сынып: Қысқаша көбейту формулалары және көпмүшелерді түрлендіру мен жіктеу
Қысқаша көбейту формулаларын қайталау-қорытындылау сабағы: мақсаттар, әдістер және тапсырмалар
Квадрат түбір қатысқан өрнектерді түрлендіру: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
7-сынып алгебра: Қысқаша көбейту формулалары - сабақ жоспары мен деңгейлік тапсырмалар
Рационал өрнектерді түрлендіру және рационал бөлшектерге амалдар: сабақ жоспары (21.04.2012)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz