Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері




Презентация қосу
№1 тақырып
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Жоспары:
1. Әлеуметтанудың объктісі мен пәні, құрылымы мен
функциялары
2. Әлеуметтанудың пайда болуының алғышарттары
3. Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
1. Әлеуметтану (социология) – латынның
societas – қоғам және гректің logos – ғылым
деген сөздерінен құралған, қоғам туралы
ғылым. Әлеуметтануды өз бетінше ғылым
ретіндегі негізін қалаған – француз ғалымы
Огюст Конт (1798-1857).
Әлеуметтану – әлеуметтік біртұтас жүйе
ретіндегі қоғамды және оның құрамдас
бөліктерін: тұлғалар, әлеуметтік бірлестіктер,
институттардың атқаратын қызметі мен дамуы
туралы ғылым.
Қоғамды басқа да қоғамдық ғылымдар
қарастырады: тарих, саясаттану, құқықтану,
әлеуметтік психология, т.б. Сондықтан,
әлеуметтанудың нені зерттейтіндігін анықтау
маңызды.
Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын
қарастырады, соның ішінде мемлекет, саясат,
құқық, экономика, мораль, өнер, дін және
қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты
мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу пәніне
айналдырады.
Қоғам

Саясаттану – қоғамның саяси саласы мен институттарын зерттейді

Тарих – қоғамдағы ерекше, қайталанбайтын оқиғаларды зерттейді
Әлеуметтік психология – қоғамдағы шағын әлеуметтік топтарды,
олардың ішіндегі қарым-қатынастарды зерттейді
Құқықтану – қоғамның құқықтық саласын зерттейді
Философия – қоғамның жалпы дамуы мәселелерін зерттейді
Әлеуметтану – қоғамға әр кезде тән болатын заңдылықтарды
зерттейді
Әлеуметтанудың өзіндік құрылымы мен әдістемесі бар. Оның
құрылымы күрделі:
1) үш деңгейлік құрылым, яғни жалпы әлеуметтанулық
теориялар, орта деңгей теориялары және нақты әлеуметтанулық
зерттеулерді бөлуге болады.
Жалпы әлеуметтанулық теориялар кез-келген қоғамға тән
заңдылықтарды зерттейді. Мысалы, құрылымдық функционализм,
символдық интеракционизм, т.б.
Орта деңгей теориялары қоғамның жеке салаларына тән
заңдылықтарды жеке теориялар шеңберінде зерттейді. Бұл
деңгейді әлеуметтануға американдық әлеуметтанушы Р. Мертон
енгізген. Орта деңгей теорияларының 300-ден астам түрі бар.
Мысалы, жастар әлеуметтануы, құқық әлеуметтануы, отбасы
әлеуметтануы, девиантты мінез-құлық әлеуметтануы, т.б.
Нақты әлеуметтанулық зерттеулер қоғамның әртүрлі
өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталады.
2) Макро- және микроәлеуметтанулық деңгейлер.
Макроәлеуметтану жалпы қоғамды,
микроәлеуметтану – қоғамның жеке әлеуметтік
топтарын зерттеуге бағытталған.
Әлеуметтану білімінде оның құрылымы туралы –
метатеорияны бөледі.
Әлеуметтанудың негізгі қызметтері – теориялық-
танымдық, тәжірибелік, әдістемелік, басқару және
болжамдық.
2. Қоғам мен ондағы адамның өмірі ғалымдар мен ойшылдарды
ежелден-ақ қызықтырған. Қоғам туралы теориялық білімдердің
неғұрлым дамыған алғашқы жүйесі ежелгі Үндістан мен Қытай,
Вавилон, антикалық Грекия, Рим империясының философиялық
мектептерінде қалыптасқан.
Ең алғашында қоғамның түрлерін философтар бейнеледі. Б.з.д. ІV
ғасырда ежелгі грек философы Платон (б.з.д. 427-347) қоғамды
абстрактылы және дедуктивті тәсілдер көмегімен қарастырды, ал оның
оқушысы Аристотель (б.з.д. 384-322) қоғамдық құбылыстарды талдау
үшін эмпирикалық бақылауларды пайдаланды.
Орта ғасырларда Батыс Еуропада Аврелий Августиннің, Фома
Аквинскийдің идеялары кең таралды.
Мұнан әрі қарай қоғамтанушылық тұжырымдама Қайта өрлеу және
Жаңа дәуірде Данте Алигьери, Леонардо да Винчи, Т.Мор, Т.Кампанелла,
Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Ж.-Ж.Руссо, Ш.-Л.Монтескье, М.Вольтер,
Д.Дидро, Г.Гегель және т.б. еңбектерінде даму алды.
Франциялық Шарль Луи Монтескье (1689-1755), Анри де Сен-
Симон (1760-1825) және шотландық Адам Фергюссон (1723-1816)
қоғамдағы саяси және экономикалық мәселелерді қарастырды.
О.Конттың ойынша, «адамзаттың жаңа діні» болуға, қоғамдағы
үйлесімділік пен жердегі жұмақты орнатуға тиісті ғылым тек
ХІХғ. 30-жылдарында ғана пайда болады.
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу үрдісі ұзақ мерзімге
созылды. О.Конт «социология» терминін 2,5 мың жыл бойы
қалыптасқан ғылыми зерттеудің объектісіне қолданды. Контқа
дейін ойшылдар қоғамды талдап, бейнеледі, бірақ алынған
білімдерді әлеуметтану деп атаған жоқ.
Кейіннен Г.Спенсер, К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер
еңбектерінің арқасында әлеуметтану өз бетінше жеке ғылымға
айналды. Осы ғалымдар әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің
теориялық негіздерін қалады.
3. Әлеуметтанудың пайда болуы мен дамуын шартты
түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1) әлеуметтанудың алдын-ала тарихы, мұнда адам мен
қоғам туралы көзқарастар әлеуметтік философия
шеңберінде дамыды;
2) әлеуметтанудың өз бетінше өзіндік пәні мен ғылыми
әдісі бар ғылым ретінде пайда болуы кезеңі немесе
әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең;
3) қазіргі кезең, мұнда әлеуметтану жеке ғылым ретінде
мойындалды және әлеуметтік құбылыстардың табиғатын
түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі ғылыми
концепциялар жасалды.
Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі
тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың
дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану деп,
нақты зерттеулер жүргізуді, арнаулы әдістер қолдану
(сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді
жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Адольф-
Кетле (франко-бельгиялық статист), Чарльз Бут
(Англия), Ульям Томас, Флориан Знанецкий
(поляктар) осы салада еңбек етті.
Теориялық әлеуметтануды қайтадан жаңғыртқан
американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс,
Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. болды.

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану түсінігі
Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ
ДӘРІС Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
ЭМПИРИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Әлеуметтану міндеттері
Әлеуметтану ғылымының қызметтері
Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Огюст Конт Әлеуметтанудың негзін қалаушысы
Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті
Пәндер