Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы




Презентация қосу
Сабақ тақырыбы:
ІІІ бөлім. Махаббат және абырой. Бауыржан
Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінің жанрлық
ерекшелігі
Сабақ мақсаты: Т/Ж 1 8.1.1.1 - әдеби шығарманың
жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,
прологтарды анықтау;
Бағалау критерийлері: шығарманың пролог, эпилог
ұғымдарын біледі; кейіпкерлерді анықтайды; өз
пікірлерімен бөлісіп, дәлелдейді.
Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы
Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы,
гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы 1910
жылы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау
деген жерде дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті
бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.
Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге
шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, командир
атағын алады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы
басталысымен Бауыржан Момышұлы генерал-
майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы
маңында жасақталған 316-шы атқыштар
дивизиясының құрамында майданға аттанады.
Ол батальон, полк, дивизия командирі қызметтерін
атқарған. Бауыржан Момышұлы туралы
Қазақфильм киностудиясы “Ел басына күн туса”
көркем фильмін түсірді. Сонымен қоса Бауыржан
Момышұлы көптеген кітаптардың авторы. Атап
айтқанда “Жауынгердің тұлғасы”, “Майдандағы
кездесулер”, “Генерал Панфилов”, “Төлеген
Тоқтаров”, “Куба әсерлері”, “Ұшқан ұя”, “Москва
үшін шайқас” т.б. кітаптары жарық
көрді.Шығармалары бірнеше шетел тілдеріне
аударылған.
Бауыржан Момышұлының тұңғыш туындысы болған,
қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік
шығармаларының бірі-”Ұшқан ұя”
“Ұшқан ұя” повесі мемуарлық жанрдағы шығарма
ретінде жазылғанымен, ол проза деңгейіне
көтерілген ұлттық сипаттағы нағыз көркем
туынды. “Ұшқан ұя” еңбегін ұлттық салт-
дәстүрімізді көркем шығармаға мазмұндап берген
этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар.
Шығармадағы негізгі мәселе-Адам, оның
кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы
адамдардың өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы
дамиды.
"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі
Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы,
шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.
Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге
жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі
сыйлы адам.
Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның
қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.
Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе
мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар,
қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.
Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал,
Құрмангүл деген қызы қалды.
Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан
Момышұлының әпкелері.
Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы
адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді,
қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі.
Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал
әміршісіндей.
Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың
оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға
таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын
дұрыс түсіндіру.
Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын
компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек
тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп,
шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша
мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің
жалғасын көрсетеді.
Осы шығармада кездесетін ұлттық салт-дәстүр
мен құндылықтар туралы тапсырмалар орындайық.

1-тапсырма. Бата дегенді қалай түсінесіз? Оны кім
береді? Ол қандай жағдайларда беріледі?

Дескриптор: 1. Бата туралы біледі;
2. Өз ойын айта алады.
Өзіңді тексер

Бата дегеніміз менің ойымша, адамға жақсылық
тілеу мақсатында беріледі. Үлкендерден бата алу
жатар үшін үлкен құрмет деп есептеймін. Батаны
жасы үлкен қария немесе көпті көрген ақсақалдар
береді. Батаның түрлері: жол батасы, дастархан
батасы, дүниеге сәби келгенде, жастар үйленгенде,
т.б. жағдайларда беріледі.
2-тапсырма. Қазақша жыл қайыруды ретімен
орналастырыңыз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Өзіңді тексер
1-Тышқан
2- Сиыр
3- Жылан
4- Жылқы
5- Мешін
6- Тауық
7- Доңыз
8- Қоян
9- Қой
10- Барыс
11- Ит
12- Ұлу
3-тапсырма. Шығармада кездесетін мақал-
мәтелдерге түсінік беріп, өз ойларыңыз бойынша
жазыңыз.

1.”Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді”
2. “Он үште отау иесі”

Дескриптор: 1.Мақал-мәтелді түсіндіреді;
2. Өз ойы бойынша жазады.
Өзіңді тексер
1.”Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді”
Менің ойымша, бала жетіге толғанша қадамын
нық баса алмайды. Әлі толық жетіле
қоймағандықтан әр нәрсенің байыбына бара
алмайды. Өз-өзін толық меңгермей, қадамын да
шалыс басуы мүмкін. Ал жетіге толғанда азамат
болды деп есептеп, оған сенім артып, қадамына
сәттілік тілейді.
Қорытынды

Сіз білдіңіз:
Б. Момышұлының “Ұшқан ұя” повесі

Сіз меңгердіңіз:
Шығарманың жанрлық ерекшелігін, пролог,
эпилогты анықтай алу
Қосымша тапсырма

“Ұшқан ұя” повесінің кітапта берілген 1,2,3,4
бөлімдерін оқу

Ұқсас жұмыстар
Алғы сөз
Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң
Қазақ солдаты
Бауыржан Момышұлы немересі Ержанмен бірге 1974 жыл
"Әдебиет пен өнер" тақырыбындағы сабақ жоспарына презентация
Бауыржан Момышұлы. Қарлығаштың құйрығы неге айыр
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде
Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат
Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға дейін
Бауыржан Момышұлына алдымен тұлға ретінде қалыптасу үшін әсер еткен басты фактор - өзінің түлеп ұшқан ұясы
Пәндер