Қозғыш тіндер


Slide 1

Қозғыш тіндер Қозғыш ұлпа

Орындаған:Қадырбата Әсет

Қабылдаған:Жумабекова Раушан

Тобы:СТК-203

Қожа Ахмет Яссауй Университеті

Slide 2

Кіріспе

Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.

Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары.

Қозғыш тіндердің тыныштық және белсенді жағдайлары.

Slide 3

Тіндер

Қозғыш тіндер

Қозбайтынтіндер

Ақпараттар таралу жолдары:

Жасушамен жасуша арасында

Қан мен лимфада еріген заттар

Электрлік сигнал турінде

Қозғыш тіндер

HTML, CSS, JS

Slide 4

Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері

Қандай да болсын қозғыш тіндердің негізгі қасиеті - тітіркенгіштік немесе сыртқы ортаның әсеріне, өзінің физикалық және химиялық жағдайын өзгертіп, белсенді жауап беруге дайындық қабілеті. Қозғыш тіндерге организмнің жүйке, бұлшықет тіндері және сөл бөлетін бездер жатады. Егер оларға тітіркендіргішпен әсер етсе, оған жауап ретінде қозу үрдісі пайда болады, яғни тіндер тыныштық қалпынан әрекеттік жағдайға көшіп, белсенділігі жоғарылайды.

Slide 5

Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары.

Тітіркендіргіштер деп қозғыш құрылымдарға әсер ететін сыртқы және ішкі ортаның факторлырын айтады. Олар екі топқа бөлінеді:

Табиғи (әртүрлі қабылдағыштар мен жүйке жасушаларында пайда болатын жүйкелік серпіндер) ;

Тасанды: физикалық (механикалық - соғу, түйреу; температуралық - ыстық, суық; электр тоғы - айнымалы немесе тұрақты), химиялық (қышқылдар, негіздер, эфирлер, т. б. ), физико-жимиялық (осмостық - натрий хлоридінің кристалдары) . Физиологиялық тәжірибеде электр тоғымен тітіркендіруді жиі пайдаланады. Себебі оның күшін, әсер ету ұзақтығын, жиілігін және өрістеу деңгейлерін өзгертуге болады. Электр тіркендіргіші тіндерде із қалдырмай, зақым келтірмей, қысқа уақытта әсер етеді. Клиникада диагностикалық және емдеу мақсатында электрлік аспаптар кеңінен колданылады (мысалы, жоғары жиілікті токпен тіндерді тереңдетіп қыздыру) .

Slide 6

Қозғыш тіндердің тыныштық және белсенді жағдайлары.

Қозғыш тіндерге сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерінің әсері болмаса, олар тыныштық жағдайда тұр деп айтуға болады. Бұл кезде тіндердегі зат алмасу (метаболизм) деңгейі салыстырмалы тұрақты болып, көрінетін іс-әрекет байқалмайды. Тіндер белсенді жағдайда болу үшін, оған әсер ететін тітіркендіргіш зат алмасу деңгейін өзгертіп, тіндерді әрекеттік деңгейге жеткізуі керек. Қозғыш тіндердің белсенді жағдайының негізгі түрлері - қозу және тежелу.

Қозу - бұл тіндегі тітіркендіргіш әсерінен пайда болатын белсенді физиологиялық үдеріс, осы кезде тіннің тіршілік қасиеттері өзгереді және әрекеттік қызметтері байқалады.

Тежелу - тіндерге тітіркендіргішпен әсер еткенде пайда болатын белсенді үдеріс, ол басқа қозуды басу арқылы көрінеді, яғни тіндердің әрекеттік қызметтері тоқталады. Тежелу тек жергілікті жауап түрінде дамиды.

Slide 7

Қолданылған әдебиеттер

Қалыпты Физиология

Н. Торманов Адам физиологиясы


Ұқсас жұмыстар
Қоздырғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері
Қозғыштық кезеңдері
Қозғыш ұлпалар физиологиясы
Органдар биохимиясы ІІ
Физиологиялық зерттеу әдістері
Қозу үрдісі
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Физиологиялық зерттеу тәсілдері
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
Жүйке тінінің биохимиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz