Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері


Slide 1

Тобы: 2101-11

Тексерген: Алимкулова А. С.

Орындаған: Медеубек М. Ү.

Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері

Slide 2

Мемлекеттің қызметтері

- қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары.

Slide 3

1. Мемлекеттің қызметтерінің қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөлінеді:

Таптық қайшылықтарды реттеу қызметі

Жалпы қоғамды реттеп-басқару қызметі.

2. Мемлекеттердің көпшілігінде қызметті бағыты бойынша:

ішкі

сыртқы деп бөледі

Slide 4

Мемлекеттік қызметтерді іске асыру тәсілдері:

1) Құқық шығармашылық - жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау.

2) Құқықты іске асыру - бұл істі орындау мемлекеттің үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік актілер қабылдайды.

3) Құқықты қорғау - бұл қызметті атқаратын органдар: сот, прокуратура, ІІМ, ҰҚК, т. б. олардың қызметтерінің бағыттары: заңдылықты, тәртіпті, адамдардың және заңды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, азаматтық, қылмыстық істерді уақытында қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа тарту.

Slide 5

Мемлекеттің басқару нысаны

- мемлекеттік жоғары биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарын құрудың тәртібін және олардың азаматтармен болатын өзара қатынастарын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі.

Қазір мемлекетті басқарудың

екі нысаны: монархия және республика болып бөлінетін болды.

Slide 6

Монархия

мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра ретінде беріледі. Монарх ешкімнің алдында жауапты болмайды. Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.

Республика

Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді.

Бұл органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады және олар сайлаушылар алдында жауапты болады.

Slide 7

Монархияның түрлері

1

Шексіз (абсолюттік) монархия.

Бұл жерде монарх мем/ң бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару және сот биліктері шоғырланған.

Қазір БАӘ-да бар.

2

Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия

басқарудың мұндай нысанында билік монарх пен басқа органдар арасында бөлінген болып келеді.

Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция елдерінде бар.

3

Дуалистік монархия

мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді.

Өткен кездегі Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монарх қолында атқарушы билік болған.

Slide 8

Республиканың негізгі түрлері :

Президенттік

Парламенттік, сондай-ақ

Парламенттік-Президенттік аралас республикалар да кездеседі

(мысалы, Қырғызстан Республикасы, Португалия, онда Үкіметті Президент пен Парламент бірлесе отырып жасақтайды, құрайды) .

Slide 9

Мемлекеттік құқықтық (саяси) режим

Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режим - саяси билікті және азамат пен мемлекеттің өзара байланысын ұйымдастырушы, сонымен қатар өзара әрекетте болатын нормалар мен идеялардың, осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен әрекеттердің жиынтығы.

Саяси режим түрлері:

демократиялық

формалды-демократиялық,

шынайы-демократиялық,

либералды-демократиялық;

антидемократиялық

авторитарлық,

тоталитарлық,

фашистік режимдер.


Ұқсас жұмыстар
Құқық нормаларының негіздері мен белгілері
Нормативтік құқықтық акт
Құқықтың түсінігі, мәні мен құндылығы
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдылықтары
Геометрия бөлімінің бөлімшелері
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде
Меншіктің субъектілері
МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КОУЗ ТЕОРЕМАСЫ
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Мемлекет пен құқық теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz