Дәрі-дәрмектерді жануарларда сынаудың этикалық және ғылыми аспектілері


Slide 1

Келісу-келіспеу эссесі

Құрастырған - Досан Болатұлы Жүнісов

Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Slide 2

Ж4. Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. («келісу, келіспеу» эссесі)

кіріспе бөлімде тақырып туралы басты идеяны анықтап, тақырыптың тезисін жазыңыз;

негізгі бөлімде келісу-келіспеу себептерін аргументтер арқылы түсіндіріңіз;

қорытынды бөлімде өз көзқарасыңды білдіріп, ой-пікірлеріңізден қорытынды шығарыңыз.

Жазылу алгоритмі

Оқу мақсаты

Slide 3

Тапсырма: Мектебіңізде химия-биология апталығы болады. Апталық аясында өтетін эссе байқауына «Дәрі-дәрмектерді тәжірибеден өткізу үшін жануарларды пайдалану қаншалықты дұрыс?» тақырыбында өз ойыңызды білдіре отырып, келісу-келіспеу эссесін жазыңыз.

Дәрі-дәрмек адамзат баласын түрлі аурулардан сақтап, адамның дертке қарсы күш-жігерін арттыра түседі. Емдік қасиеті бар өсімдіктердің адам ағзасына қалай әсер ететіндігін байқау үшін тәжірибеде жануарлар қолданылады. Алайда «кіші бауырларымыздың» тәжірибеде қолданылуы қаншалықты дұрыс?

Мен жануарларды эксперимент үшін өмірін қауіпке тігуге үзілді-кесілді қарсымын, яғни келіспеймін. Адамзат баласы мен жануарлар - жаратқан иеміздің жаратылыстары. Жануарлардың сөйлей алмайтындығы мен кейбір функцияларды жүзеге асыра алмайтындығын ескермесек, оларды адам деп атауға болар еді. Себебі олардың ішкі құрылысы, атап айтқанда, ДНҚ құрылысы адамның жасушаларына 98 пайыз ұқсас. Жануарлардың осы бір ерекшелігін медицина ғалымдары дәрі-дәрмектерді сынау мақсатында қолдануда. Ал табиғат перзенттерінің ертеңгі күні ешкімді де қызықтырмайды.

Тәжірибедегідей өткен емдік дәрмектер болашақта жануарларды дерттен айықтыру мақсатында да қолданылуы мүмкін. Бұл - жануарлардың сынақта пайдаланылмауын ақтайтын жалғыз аргумент, дегенмен опық жемейтін жан жоқ. Кейде фармацевтердің қателігі жануардың өмірінің үзілуіне алып келеді. Ағзасы белгіленген дозаны көтере алмайтын жануарлардың өлігі аз емес. Тәжірибе сәтті өткен жағдайдың өзінде тіршілік иесі жануарлардың жасушалары мутацияға ұшырап, қатерлі ісік арттыру ықтималдылығы жоғары болып келеді.

Тоқсан ауыз сөздің түйіні - дәрі-дәрмекті жануарлардың ағзасында сынау дұрыс емес әрекет. Жеке басым мен мұндай әрекетке мүлдем қарсымын. Табиғат пен жануарларды қорғау - біздің басты міндетіміз. Қара басымыздың қамын ойлағанша, жануарларды адамзат қолымен жасалатын қиянаттардан сақтайық!

Үлгі


Ұқсас жұмыстар
Дайын дәрі-дәрмектерді өнеркәсіптік өндірудегі нормативтік-техникалық құжаттама, валидация және GMP талаптары
Қант диабеті бар пациенттер мен олардың отбасыларына арналған инсулин және дәрі-дәрмектерді енгізу әдістемелік нұсқаулығы
Сөз мәдениетінің этикалық және лингвоэкологиялық аспектілері
Эвтаназияның медициналық-этикалық және исламдық аспектілері
Ағзаларды клондау: түрлері, тарихы, медициналық қолданылуы және этикалық аспектілері
Құрылыс материалдары мен конструкцияларын сынаудың әдістері және талаптары
Жедел медициналық көмек пен мейіргер ісінде ғылыми зерттеулердің халықаралық құқықтық және этикалық негіздері
Дәрі-дәрмектер өндірісін мемлекеттік нормалау және сапаны басқару
Клиникалық зерттеулер: этикалық аспектілер, талаптар және этикалық комитеттердің қызметі
Дәрі-дәрмек іздеуде компьютерлік және молекулалық модельдеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz