Жараның белгілері



С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
Студенттің өзіндік
жұмысы
Тақырыбы: Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
Орындаған: Жұмаш А.
Дурхан Ж
20-06 топ
2023 жыл

Жоспары
1. Жара туралы түсінік
2. Жаралардың белгілері
3. Жаралар кезінде алғашқы медициналық көмек
4. Байламдарды салудың ережелері. Жалпы жағдайлар
5. Қан кету, қан кетудің түрлері
6. Қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек

Жараның белгілері
Жараға тән белгілері: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы, қызметінің бұзылуы. Тілінген жара. өткір заттармен жараланғанда болады. Мұндай жараныңаузы ашылып тұрады. Қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында жазылады.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т. б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.

Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Жараланудағы бірінші көмек Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату ( байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі. Жараға таңғышты қояр алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл. Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс. Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясын жасап науқасты емдеу мекемесіне алыа бару керек.
Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике немесе фельдшер көрсетеді. Егер бірінші көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, онда еш нәрсені қайтадан істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу мекемесіне апару қажет. Жәрдем көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген жағдайда, жара бар жерді кең ашып, жараның шетіндегі жүнді қыру және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен денелерді алып тастау, жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш қойылуы қажет. Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы емдеу мекемесіне жөнелту керек.

Жарақат механизмі мен жара алу сипатына байланысты қандай жаралар болады?
Жарақат - сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық, т. б. ) әсерінен пайда болады. Осыған байланысты Жарақат бірнеше түрге бөлінеді:
1) механикалық Жарақат - сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Бұған, көбінесе, жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу, т. б. жатады;
2) термикалық Жарақат - жоғары не төмен температура (үсу, күйік), электр тогы, рентген сәулелері әсерінен;
3) химиялық Жарақат - қышқыл, сілті, улы заттардың әсерінен;
4) биологиялық Жарақат - бактериялық уланудың (токсиндердің) әсерінен;
5) психикалық Жарақат - орталық жүйке қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты қорқу, шошу, қайғы, т. б. ) болады. Жарақат жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел Жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т. б. ) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу) оған не органға үнемі сыртқы күштің әсер етуінен болады.

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану) ;
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, тұрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар) ;

Алғашкы медициналык және дәрігерлікке дейінгі комек есінен айрылган адамньщ зейінін калпына келтіруге, тыныс жөне жүрек қызметін әлсірететін кесапат күбылыстарды жоюға бағытталғап.
Ашық жарақат кезінде кеуде клеткаларынан қан ақкан кезінде қатты таңғышты қою, ашык пневмотаракс кымтағыш танғышты кою, сырқатты басатын және жүрекке жәйлі дәрі- дәрмекті енғізу аса маңызды.
Кеуде клеткалары закымдалған сыркаттарға (сүйек пен төстің сынуы, кеуде клеткаларының сығылуы) барыпша еркін дем алу сәтінде катты таңғыш байлайды. Тізерлей отырғызып сыркатты басу үшін егеді (2%- Імл промедол) .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz