ТАС ЖҰМЫСТАРЫ ТАС ҚАЛАУ ПРОЦЕСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Slide 1

тас жұмыстары Тас қалау процесі технологиясы

Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері

Тас қалауының процестері мен тәсілдері

Кірпіш қалау технологиясы

Тас жұмыстарын жаңғырту жағдайында орындау ерекшеліктері

Тас жұмыстарын төтенше жағдайда атқару

Тас жұмыстарының сапасын бақылау

Тас жұмыстарын қауіпсіз орындау техникасы

Slide 2

Тас қалау қолданатын тас материалдарының түріне байланысты табиғи және жасанды тастардан жасалған қалауға бөліненді.

Сыртқы пішіндері дұрыс емес табиғи тастардан жасалған қалауды шой (бут) тастан, ал дөрекі, жартылай таза және өңделген тастардан жасалған қалауды шабылған тастан қалау деп атайды

Жасанды тастардан қалау тұтас немесе қуыс кірпіштен орындалады. Балшықты күйдіріп жасаған кірпіштер күйдірілген, ал байланыстырығыш заттар негізінде дайындалғандар күйдірілмеген болады

Тас жұмыстары өндірісін жобалау ҚМЕ 111-17-78 талаптарына сөйкес жасалу керек

Slide 3

Тас жұмыстары негізгі және қосалғы процестердің кешенінен болады

Незізгі процес - жасанды не табиғи тастардан жасалған кірпішті ерітінгіге төсеу

Қосалқы процес - төсеніштер орнату, материалдар әзірлеу, арматура салу және т. б.

Slide 4 Slide 5

Тас

Slide 6

Кәдімгі қызыл кірпіш (МСТ-530-80) . Оның өлшемдері 250х120х65мм, салмағы 3, 5 кг нан 3, 8 кг дейін және маркалары 300; 250; 200; 150; 125; 100 және 75 болады. Қысу беріктігі 30; 25; 20 МПа және т. б.

Кәдімгі кірпіштің 1м3 көлемдік массасы 1800 кг шамасында. Кірпіштің техникалық көрсеткіштері: беріктік, көлемдік салмағы, аязға төзімділігі, сусіңіруі

Slide 7 Slide 8

Кірпіш қалау маркасы 4; 10; 25; 50; 75; 100; 150 және 200 жәй (ізбес, цемент) және күрделі (цемент-ізбес, цемент-балшық) ерітінділерімен жүргізіледі

Цемент ерітінділері беріктігі мен тұрақтылықты жоғары талап ететін конструктивті элементтерді (діңгектер, күмбездер, үймереттің төменгі қабаттарының аралық қабырғалары) тұрғызғанда қолданылады

Slide 9

Ізбес ерітінділері аз күш түсетін және құрғақ жағдайларда пайдаланылады

Цемент-ізбес, цемент-балшық дағдылы күш түскенде құрғақ және дымқыл жағдайларда кең қолданыс алған

Ерітінділер құрғақ күйіндегі тығыздығы бойынша тығыз толтырғыштарда дайындалған - ауыр (тығыздығы 1500кг/1м3 артық) және жеңілдерге (тығыздығы 1500кг/1м3 кем) бөлінеді

Аязға төзімділігі бойынша 10; 15; 25; 35; 100; 150; 200; 300 маркаларға бөлінеді

Slide 10

Орталықтандырылған кәсіпорындардан әкелінген ерітіндінің әр тобында дайындалған күні, уақыты, маркасы, жылжымалылығы, ал құрғақ қоспалар үшін 1%-тен аспайтын нақты дымқылдығы көрсетілген паспорт болу керек

Ерітінділер берілген маркадан басқа созымдылыққа және жақсы су ұстайтын қабілетте болу керек. Ерітінділер ерітінді-бетон араластырғыш зауыттарда және қондырғыларда дайындалады

Slide 11

Қалау - қолданатын тас түрлеріне байланысты

Шой тастан қалау - сыртқы пішіні дұрыс емес табиғи тастан

Жеңілдетілген қалау - сыртқы қабырғаларды тұрғызу үшін кірпіштен және жылу өткізбейтін материалдардан жасалған

Шой бетонды қалау - іргетастар, үйасты қабырғаларын, биік емес үймереттерді, тірек қабырғаларды тұрғызу үшін бетон қоспасынан жасалған және тастар батырылған

Ұсақ блокты қалау - қабырғалар, діңгектер құру үшін керамика, жеңіл бетон және пішіні дұрыс табиғи тастардан жасалған

Біріңғай кірпіштен қалау - қабырғалар, діңгектер, аркалар күмбездер т. б тұрғызу үшін кәдімгі тұтас, кеуекті, ұуысғ кеуекті-қуыс немесе силикат кірпіштен жасалған

Отқа төзімді қалау - жоғары температура жағдайларында жұмыс істейтін конструкцияны қаптау және қалау үшін шамотты, магнезиалы, көміртекті және кірпіштің басқа түрлерінен жасалған

Slide 12 Slide 13

Шектес тастардың аралығындағы бойлай және көлденең бағыттардағы ерітіндімен толтырылған саңылауларды жіктер деп атайды. Қалау жіктері көлденең және тік болады. Параллелепипед пішінді тастардың қырлары төсем, бүйір және үшкір қырлары деп аталады.

Сыртқы бүйірімен төселген қалау қатарын бүйір, ал үшкірінен төселгендерді үшкір қатарлы деп атайды.

Қалаудың сыртқы (қасбет бойынша) және ішкі қатарлары сыртқы және ішкі шек қатары, ал олардың аралығы - шойма деп аталады.

Тас қалауын жіктестіру

Қалау элементтері: а-тас қырларының аттары; б-үшкір қыр; в-бүйір қыр; г-шек қатарлары мен қалау жіктері

Slide 14 Slide 15

Жіктерді байлау жүйелері

Жіктер байлау бір қатарлы және көп қатарлы жүйелерге бөлінеді. Бір қатарлы жүйемен байлау дәстүрлі болып саналады. Оның мәні: бір қатардың барлық жіктері бойлай тік жіктердегі келесі қатардың кірпішін ½ кірпішке жылжыту арқылы, ал көлденеңдікі - ¼ кірпішке асыра басып жабылады. Тізбекті қалаудың үшкір қатарлары бүйір қатарлармен алмасып отырады.

Суретте бір қатарлы жіктер байлауы:

а-қасбет; б-тік бұрыштарды және тік шектеуі бар конструкцияларды түзілісті қалау; в-қабырғалар жанасуын қалау; г-доғал бұрыштарды қалау; д-сүйір бұрыштарды қалау; 1, 2-бұрыштың сүйір бұрышына салатын шабылған кірпіш

Slide 16

Байланыстырып калау (ушкатарлап калау) : 1 - первый ряд; 2 - второй ряд; 3 - третий ряд; 1А - начало второй трехрядки

Slide 17

Көп қатарлы жүйемен жіктер байлау кірпіш және тастың өлшеміне сәйкес орнатылады. Жалаң қабатты кірпіштен қалағанда бойлай тік жіктер әр бес бүйір қатардан кейін үшкір қатарымен асыра жабылып отырылады. Мұндай қалау бес қатарлы деп аталады. Көп қатарлы жүйенің кемшілігі - қалаудың бес қатарына дейінгі биіктікте бойлай жіктер байлаудың болмайтындығы, бірақ бұл оның беріктігі мен тұрақтылығын төмендетпейді. Бір қатарлымен салыстырғанда толық өлшемді емес кірпішті аз қажет етеді. Сондықтан мұндай қалау материал шығыны бойынша өте үнемді.

Суретте көп қатарлы жіктер байлауы: а-қасбет; б-шектелген бұрыштары бар қабырғаларды қалау; в-қабырға жанасуын қалау

Slide 18

Кірпіш қалауында барлық жіктерді ерітіндімен толтыру керек. Бұл конструкцияның беріктігін және жылылық сақтау қасиеттерін көтереді

Сылаққа арналған кірпіш қабырғаларының өң бетіндегі жіктерін 10-15мм тереңдіктегі қыс жіктер сылақ қабатымен толтырылады. Ал сылақталмайтын қабырғалардың өң беттеріінің жіктері ерітіндімен толық бітеліп, артығы күрекшемен (кельма) кесіп алынып тасталады

Кірпіш қалауының көлденең жіктерінің орташа қалыңдығы 12мм, ал тіктерінікі 10мм болады. Кейбір жерлерде көлденең жіктердің қалыңдығы 10-15мм шегінде болса, тіктердікі 8-15мм ге шейін болуы мүмкін екен

Slide 19

Қалауға арналған құрал-саймандар жинағы.

Төсеніштер мен саты ағаштар

Тасшылар бригадасы пайдаланатын құрал-саймандар жинағына

жұмыс және бақылау-өлшеу аспаптары, құрылғылар кіреді

Slide 20

Күрекше (кельма) ерітінді төсемін тегістеуге, тік ерітінді жіктерін жасауға, ерітінді артығын тақап кесу үшін қызмет атқарады.

Ерітінді жіктерінің пішінін әшекейлегіштермен жасайды

Slide 21

Қалау жұмысының барысында тасшы бақылау-өлшеу аспаптарын: өлшеу лентасын, тіктеуішті, деңгей өлшеуішті, үшбұрышты сызғышты үлгілерді (шаблондарды) пайдаланады

Slide 22

Қатарлардың көлденеңділігін және көлденең жіктердің қалыңдығын сақтау үшін қатарлағышқа бекітілген арқан-бау қолданылады. Қатарламалар бұрыштардың тіктігін және кірпіш қалауының біркелкі қалыңдығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Биіктік белгілерді түсіруге және тексеруге, арқан-бауды бекітуге қызмет жасайды.

Бұрыш қатарламаның қанат-бауды бекітетін тесіктері бар, ол перпендикуляр орналасқан қанат-бауды ауыстыру және жаңа орында бекіту үшін қондырғымен жабдықталады. Бұрыш қатарламасын бұрыштың сыртқы және ішкі жағынан тіктей отырып орнатады, аралықтары әр 12 м сайын қабырға ұзындығы бойынша бекітіледі

Slide 23

Тас қалау биік ғимараттарда жүргізілгенде жұмыс орнын дұрыс және қауіпсіз ұйымдастрыу үшін төсеніштер мен саты ағаштар қолданылады

Ұй құрылысында қабат биіктігі 3, 5 м дейін болғанда үшбұрышты металл қайырмалы тіректері бар топсалы-панельді төсеніштер кең қолданылады, олар қабырғаларды екі жағдайдан қалауға мүмкіндік береді:

1, 15м және 2, 05 м биіктікте

Slide 24

Үздіксіз көтерілетін рычакты төсеніштір 5 м-ге дейін биіктікте тас және әрлеу жұмыстарын орындауға арналған. Төсеніштерді көтеру және төмен түсіру - гидродомкратпен, ал оларды аралық биіктіктерде бекіту арнайы тежеуіш құрылғымен жүзеге асырылады

Пакетті өзі бір қалыпқа түсетін әмбебап төсеніштер тұрғын, азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың кірпіш қабырғаларын және қабат биіктігі 9 м-ге дейін қалау үшін арналған және болат рамадан, ағаш төсемнен және қоршаудан тұрады


Ұқсас жұмыстар
Тас қалау турлері және кірпіш төсеу әдістері
Кесу ережелері және тас қалау элементтері
Тау жыныстарының өңдеу ерекшеліктері
Табиғи тас материалдары мен олардан жасалған бұйымдармен және қолдану барысымен танысу
Ежелгі Мысыр, Қытай және т.б. елдерде әктас пен гипс өндіруі мен қолдануының дамуы
Жартылай кокстеу процесі
Алғашқы адамдардың өмірі
Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері
Тас дәуірінің кезеңдерін ата
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz