Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар - есеп беру жылы жұмыскерлердің тізімдік орташа саны


Slide 1

Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын

Slide 2

Бизнес - жоспар

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т. б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Slide 3

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;

тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;

бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;

маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т. б. ) сараланады;

өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;

Slide 4

ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;

жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;

жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;

жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;

қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т. б. ) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді

Slide 5

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар- есеп беру жылы жұмыскерлердің тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын, өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар.

Slide 6

«Шағын бизнес» кәсіпорындарды- мына критерийлерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар) :

Жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін;

Активтердің жылдық орташа жалпы құны 60 000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;

Slide 7

Мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар;

Толық серіктестік ;

Сенім серіктестігі;

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

Қосымша жауапкершілікті серіктестік;

Өндірістік кооператив.

Slide 8

Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субъектілерді бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:

Белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;

Жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;

Уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.

Slide 9

Еңбекақыны ұйымдастыру мен реттеу

Slide 10

Еңбекті төлеуді басқару мемлекет, сала және шаруашылықпен айналысатын субектілердің деңгейінде жүреді, еңбекақының ең төмен деңгейін белгілеу, тарифтік жүйе, инфляция нәтижесінде оның шамаларын өзгерту, меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар үшін бірдей бастапқы мүмкіндіктерді жасау арқылы көрінеді. Кәсіпорын деңгейінде - төлеудің үдемелі жүйелерін таңдау, еңбек қызметін, еңбек көрсеткіштерін зерттеу және талдау, ұжымдық келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді.

Slide 11

ҚР еңбекті төлеуді жетілдірудің негізгі бағыттарында неғұрлым нақты міндеттері атап көрсетілген: - өндірістік сала және өндірістік емес сфералар қызметкерлерінің жалақысындағы ерекше айырмашылықты жою; - еңбекақы жүйесін еңбек өнімділігінің өсу қарқынына байланысты мемлекеттік реттеу; - кәсіпорындарда ұжымдық-келісімдік жүйені жетілдіру; - өнеркәсіптік салаларда бірыңғай тарифтік торды жетілдіру; - жұмыс берушілердің еңбекақылар мен зейнетақыларды уақытылы берілуі үшін жауапкершілігін жүктеу; - мекеме мүшелерінің кәсіпорын мен пайда капиталына қатысу

Slide 12

Кәсіпорынның жіктелуі, сыртқы және ішкі ортасы

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын және орта бизнесті несиелеу ерекшіліктері
Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету
Серіктестік қызметінің тәртібі
Кәсіпкерліктің мақсаттары
Кәсіпкерлік және оның түрлері
Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарының қалыптасуы
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
Шағын кəсіпкерлік
Халық пен еңбек статистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz