Бүкіләлемдік экономика



Бүкіләлемдік экономика. Әлемдік нарық

Жасыл экономика

Қазақстандағы жасыл экономиканы дамытудың тұжырымдамасы

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы

Әлемдік экономиканың жаһандануы

Әлемдік экономиканың жаһандануы - шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Әлемдік экономиканың жаһандануының жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғасырдың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаҺандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 - 90 жылдары өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технологилық үдерістердің жекелеген салаларына мамандана бастады. Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды. Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Әлемдік экономиканың жаһандануының жаңа деңгейіне өтуіне мүмкіндік алды. Мұның өзі инвестициялау мен несиелендіру саласында жаңа мүмкіндіктер туғызды, сондай-ақ сауданың бұрын болып көрмеген деңгейде дамуына алып келді.

Бағдарлама инвестициялық жобаларды іске асыру, саясаттарды реформалау жолымен жасыл бизнестің жаңа салаларын құру және дамыту бойынша мемлекеттердің, халықаралық, ғылыми ұйымдардың және бизнестің бірлескен әрекеттерін болжайды. Бағдарламаның міндеті тек мемлекеттер мен аймақтар арасында ғана емес, сонымен қатар мемлекет пен бизнес арасында да - серіктестіктің жаңа деңгейін құру және көптеген үдерістер арасындағы байланыс болып табылады. «Жасыл көпірдің» мәнісі - жасыл бизнестің жаңа салаларын дамыту және ол үшін ұзақ мерзімді және тұрақты негіздерді құру арқылы экономиканы көгалдандыру. Жасыл көпір жаңашыл жасыл технологиялар - жасыл бизнес үшін қолайлы шарттарды тудыру үшін төлемнің жаңа тетігін ұсынады.

Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы
Қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.
«Жасыл» экономикаға ауысу аясында:
қорлардың тиімділігін арттыру;
қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру;
халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады;

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:
бірінші кезең - 2013-2020 жж. - қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
екінші кезең - 2020-2030 жж. - табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
үшінші кезең - 2030-2050 жж. - олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

Жасыл экономика - бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика. Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Жоспар:
Әлемдік экономика
Сыртқы сауда
Дүниежүзілік сауда ұйымы

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі - дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы.

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты.

Әлемдік экономика - бұл ұлттық шаруашылықтар арасындағы байланысты жүзеге асыратын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі.

Әлемдік экономикаға тән сипаттар:

Әлемдік шаруашылықтың негізгі субъектілері:

Сыртқы сауда - елдер арасындағы сауда.
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді.
Сыртқы сауда саясаты - мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі.

Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік нарықтың маңызды элементі болып табылады.

Ұлттық валюта жүйесі - белгілі бір елдегі, сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz