Макроэкономикалық тепе-теңдік: жиынтық сұраным мен ұсыным, өндірістік қуаттылық және мультипликаторлық әсер


Slide 1

Макроэкономикалық тепе-теңдік

Орындаған: Оспан Жансая

Тобы: 3 бух «А»

Slide 2

ЖОСПАР:

Slide 3

Жиынтық сұраным инфляция деңгейімен сәйкестендірілген нақты ЖҰӨ элементтерінің ақшалай сұранымын көрсетеді. Ақшаның сандық теориясына сәйкес, жиынтық сұраным (АД) келесі формула бойынша есептеледі:

.

Жиынтық сұраным дегеніміз - белгілі бір баға деңгейімен ұсынылған жалпы тауарлар мен қызметтер көлеміне сұраныс. Ол тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің жалпы сұранысын көрсетеді.

MV=RY

M- ақша ұсыныс;

V- ақша айналымының жылдамдығы ;

R- баға деңгейі;

Y- өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.

Slide 4

Жиынтық сұранымға әсер ететін факторлар:

Slide 5

Жиынтық сұраныс өзгеруіне екі фактор әсер етеді:

Slide 6

Жиынтық ұсыным дегеніміз - өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтерінің ақшалай көрінісіндегі ұсынымның топтастырылған деңгейі.

Жиынтық ұсыным - бұл қалыптасқан баға деңгейіне сәйкес ұсынылатын және өндірілетін тауарлар менқызметтердің жалпы саны.

Баға деңгейі мен жиынтық ұсыным арасында тура қатынас болады. Баға деңгейі өскен сайын ұсыным да өседі.

Баға индексін есептеу үшін нақты уақыттағы анықталған жиынтықтағы тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасын базалық уақыттағы сондай тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасына бөлеміз.

Жиынтық ұсыным құрылған ұлттық өнім мөлшері мен баға өзгеруінің ұдайы өндірісін көрсетеді.

Slide 7

Жиынтық ұсынымның өзгеруіне әсер ететін факторлар:

Slide 8

Жиынтық сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін инфляция қарқыны мен нақты ұлттық өнім көлемі (баға өзгеріссіз қалған кездегі өнім құны) экономиканың жалпы макроэкономикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраным жиынтық ұсынымға тең болғанда, экономикалық тепе-теңдік қалыптасады.

Кез-келген ұлттық экономикада нақты ЖҰӨ көлемінің өсуі, инфляциялық процестердің жылдамдауына алып келеді.

Егер де нақты ЖҰӨ-нің ағымдағы өндірісі белгіленген потенциалдан төмен болса, онда жұмыссыздық деңгейін, жиынтық сұранымды өсіруді ынталандыру арқылы төмендетуге болады.

Мұндай жағдайға жету үшін, мемлекеттің экономикалық саясатының 3 негізгі құралы қолданылады:

- салықтарды төмендету;

- ақша массасын көбейту;

- мемлекеттік шығынды өсіру.

Slide 9

Мультипликатор дегеніміз - ұлттық табыс өсімімен осы өсімге әкелетін шығындардың арасындағы тікелей тәуелділікті көрсететін сандық көрсеткіш.

Инвестиция мен мемлекеттік шығындар ЖҰӨ-нің өсуіне қатаң әсер етуі - мультипликаторлық эффект деп аталады, ал осы әрекеттерді бейнелейтін үлгі - мультипликатор үлгісін көрсетеді.

Шығын көздеріне тәуелсіз (жеке инвестиция I немесе мемлекеттік шығындар G) экономикалық агенттердің қосымша тұтыну шығындары жоғарылаған сайын, мультипликатор эффектісі жоғарылайды. Ал жинақтауға икемделу жоғары болған сайын, эффект төмендейді.

Slide 10

Мультипликатор үлгісін төмендегідей көрсетуге болады:

∆ Y = k∆F.

Мұндағы:

∆ Y- ұлттық табыс өсімі;

k - сандық коэффициент немесе мультипликатор;

∆F - қосымша шығын.

Экономикалық жүйеге түсетін қандай да қосымша шығын экономикалық агенттердің көрсететін қызметтері мен тауарлардына алатын төлемдері - олардың табысы болып табылады. k = 1/1-MPC -шығын мультипликаторы.


Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық тепе-теңдік: жиынтық сұраныс және классикалық пен кейнстік үлгілер
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс: AD-AS моделі және макроэкономикалық тепе-теңдік
AD-AS үлгісі: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың құрамы, қисықтары және макроэкономикалық тепе-теңдік
Макроэкономикалық тепе-теңдік пен экономикалық өсу: тұжырымдамасы, көрсеткіштері, факторлары және Қазақстанның даму басымдықтары
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу: макроэкономикалық тепе-теңдік пен салықтардың нарықтық әсері
IS-LM үлгісі: тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Макроэкономикалық тепе-теңдік: классикалық және кейнстік үлгілер, тұтыну, жинақ, инвестициялар және мультипликатор
Макроэкономика және ұлттық есеп: ЖҰӨ, қор-ағын ұғымдары мен макроэкономикалық тепе-теңдік
Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер және мультипликаторлар
Макроэкономика, ұлттық өнім және қор-ағын ұғымдары: ЖҰӨ құрылымы мен макроэкономикалық тепе-теңдік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz