Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен өндіріс факторлары: К. Маркстың және маржинализм теориясының көзқарастары


Slide 1

Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері. Өндіріс және нарық

Slide 2

Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмір суруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс үғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді.

Slide 3

Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. .

Slide 4

Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін.

Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екіншісі мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде жүзеге асады. Осы жағдайды ескере отырып. К. Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын - жүмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».

Slide 5

Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабідеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.

Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т. б. нәрселер.

Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.

Slide 6

Мысалы: маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мсн жыртуға жарамды жерлер және т. б. жатады.

Капитал - бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.

Еңбек адамның интелектуалды және дене қызметін көрсетеді.

Кәсіпкерлік қабілеттілік - арнайы өндіріс факторы - өндірісті ұйымдастыруда бастамашылдықты, төзімділікті, тәуекелдікті көрсетеді.

Slide 7

Өндіріс орындары

Slide 8

Үйге тапсырма:

Тапсырма: Ақтөбе облысы бойынша қандай ірі өндіріс орнын білесіздер (толық атауы және қандай тауар өндіретіндігін жазамыз және суреттері)

Өндіріс дегеніміз не?

Өндіргіш күштер?

Кәсіпкерлік қабілеттілік?

Маржинализм теориясының топтауынша неше өндіріс факторы бар?

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті ұйымдастыру: мәні, элементтері және түрлері
Қоғамдық өндіріс: экономикалық ресурстар, өндіріс факторлары және ұдайы өндіріс түрлері
Өндіріс теориясы: өндіріс факторлары, шығындар және пайда
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру: өндірістік процесс, түрлері, құрылымы, өндірістік цикл және әдістер
Өндіріс процесін ұйымдастыру: принциптер, әдістер және түрлері
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары: түрлері мен экономикалық қасиеттері
Негізгі өндірісті уақыттық және кеңістіктік ұйымдастыру принциптері мен әдістері
Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау принциптері мен әдістері: құрылыс материалдары кәсіпорны мысалында
К. Маркстың капитал теориясы: тұрақты және өзгермелі капитал, құнның өзін-өзі ұлғаюы, амортизация және көбею түрлері
Еркіндік философиясы: Спиноза, Хайдеггер, Сартр және Маркстың көзқарастары мен қоғамдық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz