Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері: заңдар, нарықтық тепе-теңдік, икемділік және тұтынушылық мінез-құлық


Slide 1

Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

Slide 2

1. Сұраныс заңы. Сұраныс .

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс .

3. Нарық тепе-теңдігі.

4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.

5. Тұтынушылық мінез-құлқы.

Slide 3

1. Сұраныс заңы . Сұраныс .

Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.

Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады.

Сұраныс- төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.

Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі - сұраныс заңы.

Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады

Slide 4

2. Ұсыныс заңы . Ұсыныс .

Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.

Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.

Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

Бағадан тыс факторлар :

1. ресурстарға бағалардың өзгеруі.

2. Технологиялардың өзгеруі.

3. Субсидия және салықтардың өзгеруі.

4. басқа тауарларға бағалардың өзгеруі.

5. Ауа райы жағдайлары.

6. Өндірушілер санының өзгеруі.

Slide 5

3. Нарық тепе-теңдігі

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады (А - нүктесі) . Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса. Артық сұраныс (артылып қалу) пайда болады, немесе, ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.

Slide 6

4. Икемділік ұғымы

Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.

Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады

Икемділік дегеніміз - бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді.

Slide 7

5. Тұтынушылық мінез-құлқы

Игілік пайдалылығы - бұл экономикалық игіліктің бір немесе бірнеше адам қажеттіліктерінің қанағаттандыру қабілеті. Зерттеу нәтижесінде 19 ғасырда мынадай заңдылық анықталады : біртіндеп тұтынатын қандай да бір игіліктің бөлігі тұтынушы үшін азаюшы пайдалылыққа ие болады .


Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныс: нарықтық тепе-теңдік және баға теориясының негіздері
Нарықтық экономикада сұраныс пен ұсыныс: түсінік, заңдар және икемділік
Нарықтық механизм: инфрақұрылым, сұраныс пен ұсыныс, икемділік
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
Сұраныс пен ұсыныс: заңдылықтары, әсер етуші факторлары, икемділігі және нарықтық тепе-теңдік
Сұраныс пен ұсыныс: нарықтық тепе-теңдік, баға қалыптастыру және тұтынушы бағаларының индексі
Сұраныс, ұсыныс және нарықтық тепе-теңдік: теориясы, механизмі және баға көрсеткіштері
Сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы және нарықтық тепе-теңдік
Сұраныс пен ұсыныс теорияларының негіздері: нарық механизмі, баға, бәсеке және икемділік
Еңбек, капитал және жер нарықтары: ұсыныс, сұраныс, тепе-теңдік және рента
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz