Экономикалық жүйелердің үлгілері


Slide 1

Тақырыбы: Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

Slide 2

1. Нарықтық экономика артықшылығы 2. Экономикалық жүйелердің типтері және даму заңдылықтары 3. Экономикалық жүйелердің үлгілері

Slide 3

Нарықтық экономика - рыноктық экономика, еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Slide 4

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі -өндіріушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Slide 5

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Slide 6

Нарық экономиканың үшінші маңызды элементі - баға.

Бірінші - баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады.

Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Slide 7

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Slide 8

Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т. б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Slide 9

Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Мәселен:

географиялық орналасу;

табиғи ресурстардың бар болуы;

тарихи даму жағдайлары;

халықтың дәстүрі, әдет-ғұрыпы;

өндіргіш күштердің даму дәрежесі;

қоғамның өлеуметтік бағытталуы

Slide 10

Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:

меншіктің әр алуан формаларының болуы;

тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;

еркін бәсекенің дамыған жүйесі;

кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;

экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.

Slide 11

Жүйе - (грек сөзі, құрастыру, бөліктерді біріктіру, қосу)

Жүйе - заңдылықтардың, бір-бірімен байланысты құбылыстардың, сондай-ақ табиғат пен қоғам жайлы ілімдердің объективті бірлігі

Slide 12

Жүйелер

Қарапайым

Күрделі

Slide 13

Адамдар арасындағы байланыстар қарапайым түрде, тек 2 элементтен субъекті және объектіден құралады

Қарапайым жүйе

Slide 14

Әр деңгейдегі біріккен өзара іс-қимылдағы элементтерден тұратын көп деңгейлі құрылым

Күрделі жүйе

Slide 15

Экономикалық жүйе

Ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық процестердің жиынтығы

Slide 16

Экономикалық жүйені 3 ірі блок құрайды:

Өндіруші күштер

Өндірістік қатынастар

Қондырма

1

2

3

Slide 17

Экономикалық жүйелердің 3 жіктелімі :

Ашықтық дәрежесі бойынша

Меншік қатынастары бойынша

Өнеркәсіптік төңкеріс және қазіргі ҒТР-ға негізделген

Slide 18

Ашықтық дәрежесі бойынша

2 түрі

Ашық экономикалық

жүйе

Жабық экономикалық

жүйе

Slide 19

ел ішіндегі іскерлік операциялармен қатар, халықаралық сыртқы экономикалық байланыстар енетін жүйе, ал онымен есеп айырысу шетелдік валюталарды пайдалануды талап етеді

Ашық экономикалық жүйе

Slide 20

барлық іскерлік операциялар мен мәмілелер бір елдің ғана аясында, елдің ішінде жүретін болғандықтан есеп айырысу сол елдің ұлттық валютасымен жүргізіледі

Жабық экономикалық жүйе

Slide 21

Меншік қатынастары бойынша экономикалық жүйенің 4 түрі:

1. Дәстүрлі экономикалық жүйе

2. Әкімшілдік - әміршілдік жүйе

3. Нарықтық экономикалық жүйе

4. Аралас экономикалық жүйе

Slide 22

Дәстүрлі экономикалық жүйе

ескі технологияға негізделген, қол еңбегі көп тараған, ғасырлық салт-дәстүрлері негізінде экономикалық тәртіптері орнаған, әлсіз дамыған елдерде кең тараған;

оқшау шаруашылыққа және жабық экономикаға негізделген жүйе

Slide 23

Әкімшілдік - әміршілдік экономикалық жүйе

мемлекеттік меншікке, орталықтандырылған жоспарлауға негізделген;

бұл экономикалық жүйеде өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну туралы барлық шешімдерді мемлекет қабылдайды

Slide 24

Нарықтық экономикалық жүйе

шаруашылық шешімдерді әрбір экономикалық агент өз бетімен қабылдайды;

ол еркін кәсіпкерлікке, қызмет өнімдерінің еркін айырбасына, еркін баға қалыптасуына, жеке меншікке, бәсекелестікке негізделген

Slide 25

Аралас экономикалық жүйе

негізгі экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратын мемлекет пен жеке сектордың экономикалық жүйеде біріге жұмыс жасауымен сипатталады

Slide 26

Өнеркәсіптік төңкеріс және қазіргі ҒТР-ға негізделген экономикалық жүйенің 3 түрі:

Индустрияға дейінгі

Индустриялдық

Индустриядан кейінгі

Slide 27

Индустрияға дейінгі жүйе - ауыл шаруашылығымен, шаруашылық жүргізудің табиғи нысанымен және қол еңбегінің басымдылығымен сипатталады

Slide 28

Индустриялдық жүйе - ірі машиналық өндіріске негізделген, дамыған ақша-тауар қатынастары бар жүйе

Slide 29

Индустриядан кейінгі жүйеде басты ресурс - ақпарат, экономиканың жетекші саласы - өндірістік емес сала, ал экономикалық дамудың мақсаты - адамның және оның өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау болып табылады

Slide 30

Не өндіру?

Қалай өндіру?

Кім үшін өндіру?

Кез келген экономикалық жүйенің негізгі 3 экономикалық мәселесі бар:

Slide 31

Американдық үлгі

Жапондық үлгі

Неміс үлгісі

Нарықтық экономиканың үлгілері /модельдері/

Шведтік үлгі

Оңтүстік кореялық үлгі

Қытайлық үлгі

Slide 32

мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен;

кәсіпкерлікті барынша қолдау;

халықтың бай, кедей болып бөлінуі;

жалақы айырмашылығының тым алшақтығы;

Әлсіз әлеуметтік топтардың болуы

Американдық үлгі

Slide 33
Ұқсас жұмыстар
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты  туралы ақпарат
Жаһандық теңсіздік
Қазақстанның саяси жүйесі
Эксперттік жүйе
Жаһандану тарихы
Жаһандану, ғаламдану
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны, тарихи түрлері, ұғымы белгілері
Бақылау объектісінің өзгеруін бақылау
Бұқаралық мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz