Көшу операторы


Slide 1

Turbo Pascal

программалау тілі

Slide 2

Мақсаты

Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

Slide 3

Turbo Pascal -жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есптеу машинасын жасаған француздың ұлығалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.

Slide 4

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық

ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі

ретінде ұсынған болатын.

Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол

кездерде кең таралған

АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда

жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.

Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын

компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі

есептерді шығара алатын,

кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Slide 5

Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Turbo Pascal - оның тұңғыш жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі.

Slide 6

Бейсик тілі сияқты, Паскальды оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі.

Slide 7

Паскаль программалау тілі

Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді. Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрдлі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Slide 8

Паскаль тілінің негізі элементтері

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (; ) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.

Slide 9

Мәлімет типтері

Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс. Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады. АJI, «ІВМ» және «РС» мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады («ІВМ РС») . Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет. Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық (қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады.

Slide 10

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (; ) қойылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Slide 11

Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.

Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады.

Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т. б. Нақты сандар: 2. 65, 0. 5, -0. 856, -6. 0.

Атау - идентификатор (identification - объектің белгілі бір символдар тіркесін сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т. б. белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор - міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің тізбегіне тұратын атау. Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т. б.

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар - true (ақиқат) немесе fallig (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.

Slide 12

Паскаль тілінде мынадай айнымалылардың

түрлері бар:

Бүтін - integer

Нақты - real

Екілік - boolean

Символды-белгілік - char

Массив - array

Жиын - set

Файл - fale

Жазу - record

Көрсеткіш - pointer

Шектелген - subrange

Жай түр

скаляр

Резерфтегі (түйінді) сөздер. Айнымалылар.

Slide 13

Паскаль тілінің негізі элементтері

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.

Slide 14

Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команданемесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (; ) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.

Slide 15

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Slide 16

Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.

Slide 17

Программаның соңғы және негізгібөлімі операторлар бөлімі - болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соңы end түйінді сөзімен

аяқталады.

Slide 18

Мәлімет типтері

Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

Slide 19

Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады.

Мысалы: 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады. Ал, «ІВМ» және «РС» мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады(«ІВМ РС») . Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады.

Slide 20

Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет.

Slide 21

Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық (қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады.

Slide 22

Стандартты типтерге

Бүтін - INTEGER;

Нақты - REAL;

Логикалық - BOOLEAN;

Тіркестік - (STRING) ;

Мәтіндік (ТЕХТ) тәрізді типтер жатады.

Slide 23

Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.

Slide 24

Программалау тілдерінің қарапайым операторларына: меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу-шығару операторлары мен бос оператор және процедураларды орындау (шақыру) операторлары жатады.

Slide 25

Ал күрделі немесе құрама операторларға: шартты көшу, қайталау(цикл), таңдау, жалғастыру (тіркестендіру) т. б. операторлары жатады.

Slide 26

Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық (символдық та болуы мүмкін) мен беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.

Slide 27

Көшу операторы

Көшу немесе шартсыз көшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор GO TO (көшу) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін LABEL бөлімінде сипатталған белгі атауы жазылады.

Slide 28

Бос оператор

Бос оператор ешқандай да әрекеттің орындалмайтынын көрсетеді, ол программа блогынан шықпай-ақ, бірнеше жолды орындамай өткізіп жіберіп, блок соңына бірден көшетін кезде

пайдаланылады.

Slide 29

Паскаль тілінде мәлімет енгізілетін READ

(READ-ағылшынша оқу) операторының

жалпы түрі (пішімі)

төмендегідей

READ (а1, а2, . . ., аn) ;

READLN (а1, а2, . . ., аn) ;

READLN;

Slide 30

Мұндағы а1, . . . . аn-айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln (readline - «қатарды оқу» деген сөздің қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай пернелерден мәндер енгізілгеннен кейінкурсорды келесі қатарға көшіріпжібереді.

Slide 31

Шығару операторы

Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы (процедурасы деп те айтылады) қолданылады:

WRITE (а1, а2, . . . , аn) ;

Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы WRITELN жаңа жолға өту үшін қолданылады.

Slide 32

Басқару операторы

Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу операторлары, цикл ұйымдастыру операторлары жатады.

Шартты операторлар:

If

Case

Slide 33

Көпжағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін - қайталау операторлары қолданылады.

Slide 34

Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар:арифметикалық цикл - FOR, шартты алдын ала тексеретін цикл - WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT.

Slide 35

Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге

асыратын

циклдік операторлардың үш түрі бар.

Арифметикалық цикл - FOR

Шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE

Шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT

Slide 36
Ұқсас жұмыстар
Меншіктеу операторы
Паскаль тілінің басқару шартты және шартсыз көшу операторлары
Шартты көшу операторы
Операторлар бөлімі
ЦИКЛ ДЕНЕСІ
Цикл операторлары
Сызықтық бағдарлама құрылымы
Сызықты құрылымды алгоритмдер мен программаларды құру
Қайталау операторы Nersta.blogspot.com
Паскаль тілінде программалау жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz