Қалталық дербес компьютер


Slide 1

Компьютер түрлері

Slide 2

Кампьютер туралы мәлімет

Slide 3

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш, емептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық - бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін - интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі - дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер XX ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т. б.

Компьютер - жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Slide 4

Апараттық және бағдарламалық жасақтама

Сөзімізді жалғастырмас бұрын, сіз мына маңызды заттарды біліп алуыңыз керек: Бұл компьютердің аппараттық жасақтамасы немесе басқаша айтқанда «Темір», сонымен қатар бағдарламалық жасақтама немесе компьютерде сіздің жұмыс істейтін бағдарламаларыңыз.

Аппараттық жасақтама (темір) - бұл біз қолмен ұстап көре алатын компьютердің бөлігі, яғни монитор, жүйелік блок, пернетақта немесе тінтуір (mouse) . Сонымен қатар компьютердің аппараттық бөлігіне барлық ішкі компоненттер кіреді, мысалы, жүйелік блоктың ішінде орналасқан жүйелік тақта.

Бағдарламалық жасақтама - бұл компьютердің аппараттық бөлігін басқаратын зат, яғни қарапайым сөзбен айтқанда бұл Microsoft Word, Excel, Windows, браузерлер, ойындар және т. б. бағдарламалар. Төмендегі суретте презентация құруға көмектесетін Microsoft PowerPoint бағдарламасын көре аласыз.

Slide 5 Slide 6

Компьютердің түрлері мен типтері

Үстел үстілік компьютерлер

Портативті компьютерлер

Планшеттік компьютерлер

Дербес компьютерлер және Мак

Дербес компьютерлер және Мак

Slide 7

Компьютердің түрлері мен типтері

Көптеген адам компьютер сөзін естігенде дербес компьютер немесе ноутбукты елестетеді. Алайда, түрлері мен мөлшерлері әртүрлі компьютерлер болады және олар күнделікті өмірде әртүрлі функцияларды атқарады. Сіз банкоматтан ақша алғанда, супермаркетте азық-түлігіңізді бағасын анықтайтын сканерден өткізгенде немесе калькулятор қолданғаныңызда. Мұның бәрі компьютер, тек типі мен мақсаты басқа.

Дербес компьютерлер және Мак

Дербес компьютерлер екі түрлі болады: ДК (Дербес Компьютер) және Мак. Екеуі де толықтай функционалды, бірақ сырт келбеті әртүрлі.

ДК: Мұндай компьютер ең алғаш 1981 жылы шығарылып, IBM PC деп аталды. Кейін осыған ұқсас компьютерлерді басқа компаниялар да шығара бастады. Бүгінде бұл ДК-нің ең көп таралған типі және ода Microsoft Windows операциялық жүйесі жұмыс істейді.

Мак: Бұл компьютерлерді Apple Inc. компаниясы 1984 жылы шығара бастады. Ол қолданушының графикалық интерфейсі (GUI) бар алғашқы компьютер болып саналады. Оларда Mac OS X операциялық жүйесі пайдаланылады.

Slide 8

Үстел үстілік кампьютерлер

Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және т. б. жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол пернетақта, тінтуір, монитор және жүйелік блоктан тұрады. Көптеген үстел үстілік компьютерлерді жаңарту, жетілдіру немесе ішіне жаңа бөлшектер салу оңай. Үстел үстілік компьютерлердің тағы бір артықшылығы - бұл олардың бағасы. Егер функционалдылығы жағынан бірдей болатын үстел үстілік компьютер мен ноутбукты салыстыратын болсаңыз, бағасы жағынан үстелік үстілік компьютер арзанырақ болатынын байқайсыз.

Slide 9

Портативті компьютерлер

Компьютерлердің екінші типі - бұл ноутбуктер. Бұлардың артықшылығы, батареямен жұмыс істейтіндігінде және жинақы, оңтайлылығында, сондықтан оны кез келген жерде пайдалануға болады.

Ноутбук үстел үстілік компьютерден кішкентай болғандықтан, ішкі компоненттеріне қолжетімділік қиынға соғады. Бұл дегеніміз - сіз оған үстел үстілік компьютердегі сияқты жаңа бөлшектер қосып немесе оңай жаңарта алмайсыз.

Slide 10

Планшеттік компьютерлер

Планшеттік компьютерлер немесе жай ғана «планшет». Олар ноутбуктен де жинақы әрі оңтайлы. Пернетақта мен тачпадтың орнына мәтінді теру мен навигация үшін сенсорлық экран қолданылады. iPad - планшеттік компьютерге мысал бола алады.

Планшет үстел үстілік компьютер немесе ноутбуктың орнын толық баса алмайды, өйткені бағдарламаларды ашуға және құжаттармен жұмыс істеуге ноутбук немесе үстел үстілік компьютер ыңғайлы. Бірақ егер сіз жай ғана ойын ойнап, әлеуметтік желіде отырып, видео көріп, музыка тыңдауды ойласаңыз, онда планшет компьютерді толықтай алмастыра алады.

Slide 11

Дербес компьютерлер және Мак

Дербес компьютерлер екі түрлі болады: ДК (Дербес Компьютер) және Мак. Екеуі де толықтай функционалды, бірақ сырт келбеті әртүрлі.

ДК: Мұндай компьютер ең алғаш 1981 жылы шығарылып, IBM PC деп аталды. Кейін осыған ұқсас компьютерлерді басқа компаниялар да шығара бастады. Бүгінде бұл ДК-нің ең көп таралған типі және ода Microsoft Windows операциялық жүйесі жұмыс істейді.

Мак: Бұл компьютерлерді Apple Inc. компаниясы 1984 жылы шығара бастады. Ол қолданушының графикалық интерфейсі (GUI) бар алғашқы компьютер болып саналады. Оларда Mac OS X операциялық жүйесі пайдаланылады.

Slide 12

Компьютердің құрылысы

Жүйелік блок

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей

Дисплей (монитор) - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта

Пернетақта - компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тінтуір

Тінтуір, кейде тышқан - «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Принтер

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т. б. ) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Slide 13

Early Personal Computers. jpg

б. э. д. 3000 жыл - Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер - абак пайда болды.

б. э. д. 500 жыл - Қытайда абактың «жаңа» нұсқасы пайда болды.

1492 жыл - Леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы XX ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды.

1623 жыл - Вильгельм Шиккард, Тюбинген университетінің профессорі, тісті сақиналар неізінде алты разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті.

1630 жыл - Ричард Деламейн шеңберлік логарифмдік сызғыш жасады.

1642 жыл - Блез Паскаль «Паскалин» - алғашқы нақты жүзеге асырылған және кең танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы прототипі бес разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын еді. Паскаль бұндай есептегіштердің оннан астамын жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты сандармен де жұмыс жасай алатын еді.

1673 жыл - көрнекті неміс философы және математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц механикалық калькулятор жасады, ол екілік санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу, қосу және азайтуды орындай алатын еді.

Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады.

1723 жыл - неміс математигі және астрономы Христиан Людвиг Герстен, Лейбниц жұмыстарының негізінде арифметикалық машина жасады. Машина сандарды көбейту кезінде бүтін бөлігін және тізбектелген қосу амалдарының санын есептей алатын еді. Сонымен қатар бұл машина енгізілген мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексере алатын еді.

Нөлдік буын

Slide 14

1786 жыл - неміс әскери инженері Иоганн Мюллер «айырмалық машина» идеясын ұсынды - бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін логарифмдерді табуляциялай алатын еді. Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған бұл машина біршама кішкентай (биіктігі 13 см, диаметрі 30 см) болғанымен, 14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын еді.


Ұқсас жұмыстар
Электронды есептеуіш машиналардың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеу техникасының даму тарихы туралы
Бірінші электронды компьютер
Электронды есептеуіш машиналары
Есептеуіш машинасының кезеңдерімен жіктелуі
Компьютерді өшірген жады
ДК қолданбалы программалық қамтамасыздандырылу
Технология жаршысы мультимедиялық жоба
Linux операциялық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz