Бағдармалауға қойылатын негізгі талап - бағдарламаның анықтылығы және сенімділігі
Презентация қосу
Программалау (орыс. Программирование; ағылш. programming)
1) есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған программаларды
құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтінпен;
2) компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай
кезеңдерден тұрады: операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу
жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу); "шешу жоспарын"
программалау тілінде бейнелеу (программа жазу); программаны машина тіліне
аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы
жүзеге асыру (есеп шешу процесі). Сондай-ақ қолданбалы математиканың
компьютер үшін программалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері
мен құралдарын зерттейтін тарауы да Программалау деп аталады.
Бағдарламалау, программалау – 1)
есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кезектесе
орындалатын командалар тізбегіне
келтіру процесі. Ол есептерді шешу
алгоритміне сәйкес бағдарлама
жасаудан, оны жөндеуден және қолдану
барысында жетілдіру кезеңдерінен
тұрады; 2) ақпараттанудың ЭЕМ үшін
бағдарлама жасау тәсілдерін, сондай-ақ
оны жөндеуді және жетілдіруді
зерттейтін саласы.
Бағдармалауға қойылатын негізгі талап —
бағдарламаның анықтылығы және сенімділігі.
Бағдармалау жинақтаушы Бағдармалау, құрама
Бағдармалау *және нақтылаушы Бағдармалау
болып 3 түрге бөлінеді.
Жинақтаушы Бағдармалау — жалпы бағдарлама
жасау.
Құрама Бағдармалау ішкі программалар
жиынтығына сүйенеді.
Нақтылаушы Бағдармалау берілген кластағы кез
келген есепті шешуге арналған әмбебап
бағдарламаны қажет етеді. Іс жүзінде,
Бағдармалаудың бұл 3 түрі аралас қолданылады.
Бағдармалау ғылыми-техникалық пән ретінде
бағдарлама жасаудың теориясын,
методологиясын және технологиясын зерттейді.
Алгоритмді компьютерге программалау тілдері түсінікті
етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да алгоритм
әрекеті әзірленеді, сонан кейін ол мұндай тәсілдердің
бірінде жазылады. Жалпы қорытындысында программа
мәтіні — толықтай аяқталған, алгоритмді программалау
тілінде бүге-шігесіне дейін сипаттаған күйінде пайда
болады. Содан соң программаның бұл мәтіні транслятор
деп аталатын арнайы қызмет қолданбаларымен
өңдеуден өтеді немесе машина кодына аударылады, не
болмаса орындалады.
Объекті-бағытталған программалау тілдерінің
негізгі концепциясы– құрылатын қосымша өзара
байланысқан негізгі объектілерден тұрады.
Объекті-бағытталған технологияда қолданушы үш
базалық элементпен: объектілер, хабар және
класстармен жұмыс істейді.
Объектілер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын
программалық модулдерден, яғни байланысқан
мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Объект
құрылымы екі бөліктен тұрады: айнымалылар
және әдістер. Әдістер объект функциясының
алгоритмін анықтайтын процедуралар мен
функциялар жиынынан тұрады. Объектілі
айнымалылар жәй мәліметтерден (сан, массив,
текст) және күрделі құрылымды
информациялардан (график, дыбыс т.б.) тұрады.
Логикалық программалау тілдері
PROLOG және LISP жасанды интеллект
проблемаларының есептерін шешуге
арналған. LISP тілін 50-інші жылы
Д.Макартни символдық
информацияларды өңдеуге арнап
құрды. LISP тілінің мәліменттерінің
негізгі құрылымы тізімдер, тізімнің
элементтері атомдар. Lisp тілінің бір
ерекшелігі динамикалық жаңа
объектілерді құру мүмкіндігі, объект
есебінде программаның өзі де қатыса
алады.
Программалау процесін жақсартатын
және кең қолданылатын әдістердің
бірі – құрылымдық программалау.
Құрылымдық программалаудың 3
бөлігі (құраушысы) бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Модульдікпрограммалау дегеніміз –
программаны логикалық бөліктерге
бөлу процесі. Программа бірнеше
модульдерге бөлінеді және мына 2
мақсат орындалуы тиіс:
1)
модулдің дұрыс болуы және оның
контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
2)
модулдің ішкі жұмыстарын білмей
тұра әр түрлі модулдерден программа
құру мүмкіндігінің болуы қажет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz