Қазақ терминологиясының даму кезеңдері мен термин түрлері


Slide 1 Slide 2

Термин сөздер - ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

Slide 3

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.

1. Баламасы бар термин сөздер: жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал - әмбебап, устав - жарғы, рынок - нарық, комплекс - кешен, администратор - әкім, т. б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья - отбасы, музей - мұражай, герб - елтаңба, гимн - әнұран, паспорт - төлқұжат, т. б.

2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффициент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм, т. б.

Slide 4

Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы:

а) Қазақ лексикасының терминденуінің төрт кезеңге бөлінуі.

ә) Қазақ лексикасы терминденуінің алғашқы кезеңі

б) ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ лексикасының терминденуі.

в) 30-90-жылдар аралығындағы қазақ лексикасының терминденуі.

г) Қазақ лексикасының қазіргі кездегі терминденуі

Slide 5

Ә. Қайдаров, А. Әбдірахманов, Исаев С. М., Айтбаев Ө., Жанпейісов Е., Барлыбаев Р, І. Кеңесбаев т. б. ғалымдар зерттеген

Slide 6

Шерубай Құрманбайұлы - мемлекет және қоғам қайраткері, тіл маманы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

Slide 7

Шерубай Құрманбайұлы қазақ терминологиясының терминденуін 4 кезеңге бөліп қарастырған

Slide 8

Шерубай Құрманбайұлы терминдерді негізнен көптеген топтарға бөліп қарастырған

Slide 9

Байырғы термин ( исконный термин ) - белгілі бір тiлде ертеден бар немесе сол тілдің терминологиясы қалыптаса бастаған алғашқы кезеңдерде жасалған термин .

Жаңа термин ( термин - неологизм ) - жаңа ұғымдардың атауы ретінде жасалып колданысқа енген немесе бұрыннан бар ұғымның жаңа атауы ретінде ұсынылған термин . Канадалық терминтанушы ғалымдар жаңадан жасалып, негізінен арнаулы салаларда қолданылып жүрген термин сөздерді « неоним » деп атап, ал жалпы тiлдегi жаңа сөздерді « неологизм » деп атауды ұсынады .

Slide 10

Көне термин ( термин - архаизм ) ертеде болған ұғымды білдіргенмен, көп уақыт бұрын қолданыстан шығып, қазір мағынасы мүлде түсініксіз болып қалған термин .

Ескірген термин ( устаревший термин ) кейіннен мейлінше сәтті әрі ұғымды дәл бейнелейтiн атаулар жасалғандыктан, қазiргi уақытта қолданыстан шеттеп қалған термин ( көбінесе синоним термин ) .

Slide 11

Тарихи термин ( термин - историзм ) тарихи ұғым атауы ретiнде сақталғанымен, ол белгілейтін ұғымның өзі жойылғандықтан, казiр қолданылмайтын көнерген термин түрі .

Кiрме термин ( заимствованный термин ) - өзге тілдерден тұтастай немесе жекелеген аспектiлерi ( тұлғасы ғана, мазмұны ғана, құрылымы ) алмасқан термин . Өзге тілден алмасқан элементтерінің түрлеріне қарай тұлғасы ( форма ) алмасқан және сөзжасамдық немесе синтаксистік құрылымы алмасқан терминдер деп екіге бөлінеді .

Slide 12

Калька термин ( термин - калька ) - өзге тілден сөзжасамдық немесе синтаксистік кұрылыммен алмасқан термин . Калька термин - өзге тiлдегi терминді оның құрылымын сақтай отырып, ұлт тіліне соған сәйкес келетін сөзбен, морфемамен дәл аудару арқылы жасалатын сөз термин немесе тiркестi термин .

Гибрид термин ( гибридный термин, гибридо - термин ) - бiр бөлiгi өзге тiлден алмасқан, ал өзге белiгi қабылдаушы тiлге аударылған немесе байырғы сөз болып келетiн терминдер . Мысалы, олардың қатарына жартылай калька ( мысалы, теле ( tele ) + көпір ( мость ) , радио - қондырғы ) және бiр бөлiгi өзге тiлден алынған, ал екiншi бөлiгi төл сөз болып келетiн жартылай кiрме терминдер жатады . Мұндайда түбiр морфема да ( мысалы, демократия + лан / дыр / у, реформа + шыл / дық ) немесе косымша морфема да ( фото + сурет, . . . т. б . ) алмасуы мүмкін .

Slide 13

Диалект термин ( термин - диалект ) - жергiлiктi сөздердi терминдендіру тәсiлi арқылы жасалған термин . Мысалы, ұжым, үрдіс, түнек т. б. терминдер осы тәсілмен жасалған . Қазақ тілінде жергiлiктi сөздерді терминқор калыптастыру кезi ретінде танып, оларды термин шығармашылығында пайдалана бастау кейінгі жылдары ғана байқалып отырған үрдіс .

Базалық термин ( базовый термин ) - белгiлi бiр терминологияның алғаш пайда болуы кезiнде сол терминологияның жасалуына болған терминологиядан немесе лексиканын бір саласынан алмастырылып алынған термин .

Slide 14

Негiзгi термин ( основной термин ) - белгiлi бiр арнаулы саланын негiзгi ұғымдарын бiлдiретiн термин . Мысалы, дыбыс, фонема, буын, сөз, сөйлем, мәтін, морфема, сиякты терминдер тiл бiлiмiнiн негiзгi терминдері .

Tipeк термин ( опорный термин ) - терминологиялық сөз тіркестерін жасауда негiзгi тiрек етiп алынатын термин .

Slide 15

Бастапқы термин ( исходный термин ) - туынды терминдерді жасауда пайдаланылатын негiз .

Өзiндiк термин ( собственный термин терминологии ) -арнаулы сала терминологиясының өз шеңберiнде пайда болған термин .

Slide 16

Қатыстырылған термин ( привлеченный термин ) -іргелес білім саласының терминологияларынан алынып, сол саладағы мағынасын сақтай отырып қолданылатын термин .

Ядролық термин ( ядерный термин ) - белгілі бір терминологияның ядросын құрайтын термин . Э. Ф. Скороходько « Семантикалық байланыстары мейлінше көп терминдер » деген анықтама береді . Бұл анықтамалар бірін - бiрi терiске шығармайды . Терминологияның қақ ортасында болатын терминдердiң әдетте семантикалық байланысы мол болады .

Slide 17

Шеткерi термин ( перифериный термин ) - терминологияның ядросынан алшақ, шеткерi жататын термин .

Әмбебап термин ( универсальный термин ) - бірнеше тiлдерде байқалатын құбылыстарды бiлдiретiн термин .

Slide 18

Бiрегей термин ( уникальный термин ) - бiр ғана тiлге тән ерекше құбылысты бiлдiретiн термин .

Көп мағыналы термин ( многозначный термин ) - бірнеше мағынаны бiлдiретiн термин .

Slide 19

Уәжді термин ( мотивированный термин ) - мағынасының ұғынықтылығы және тұлғасы ( форма ) арқылы белгілейтін ұғым жөнінде мәлімет беріп тұратын термин .

Латын негiздi термин ( латинистический термин ) - латын негiзiне ұлттық тiл қосымшасы жалғанып жасалған термин .

Slide 20

Есім термин ( эпонимический термин ) - кiсi аттары немесе фамилияларынан жасалған термин . Терминнiң бұл түрiн атау үшiн шет ел ғалымдары әр жылдары « фамильный термин », « термин - эпоним », « термин - антропоним », « деантропонимический термин » терминдерiн қолданған .

Топоним термин ( топономический термин ) - жер - су аттарынан жасалған термин .

Slide 21

Жалқы есiм термин ( термин - имя собственное ) - жалқы есiмдерден жасалған терминдер . Бұл терминдер құрамына есiм терминдер, топоним терминдер және баска да жалқы есiмдерден жасалған терминдердің барлығы кiредi . Мұндай термин түрлерiн ғалымдар әр жылдары « ономастический термин », « ономасионный термин », « терминоним » деп те атаған .


Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлының терминжасам әдістері мен қазақ ғылыми терминологиясының қалыптасуы
Қазақ драматургиясының даму кезеңдері мен теориялық мәселелері
Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы мен даму кезеңдері
Құқықтық қақтығыстар: табиғаты, даму кезеңдері және түрлері
Сөз белгісі мен мағынасы: термин және фармацевтикалық терминология жүйесі
Қазақ фольклорының тарихы және фольклортану ғылымының даму кезеңдері
Жазудың пайда болуы, түрлері және тарихи даму кезеңдері
Қазақ сатирасы мен юморы: жанрлық ерекшеліктері, функциялары және тарихи даму кезеңдері
Қазақ хандығының 550 жылдығы: қалыптасуы, даму кезеңдері және тарихи маңызы
Микробиологияның тарихи даму кезеңдері, ірі ғалымдар және микроскоп түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz