Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт




Презентация қосу
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың
ортасында ежелгі үнді -қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс
философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі
бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі
философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.
аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі мен өзара байланысы.
адамгершілік, адамдар арасындағы қарым – қатынас.
Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі
түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады.
Ол - өз алдына жеке проблема.
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы 7-
6 ғасырларда брахманизмге оппозициядан басталады. Үнді қоғамы 4
– кастаға бөлінді.
Абыздар (брахмандар)
Әскери-ақсүйектер (кшатрийлер)
Басы бос қоғам мүшелері (вайшилер)
Төменгі каста (шудралар)
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те
болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден
билікке масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм
мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт
түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған
ғұрыптарға тірелген болатын.
Ежелгі үнді философиясының алғашқы кезеңі ведалық кезең деп аталады. Ведалар – білім,
қасиетті аян жолымен пайда болған білімдер, әр кезеңде жазылған кітаптар.

Араньяктар
Брахмандар – әдет- Упанишадтар –
(орманшылар
ғұрыптармен, олар философиялық
кітабы) – Құдайға
бойынша қара көзкарастар,
құлшылық ету,
сөздермен философиялық
әдет-ғұрыптар
жазылған кітаптар білімдер.
туралы.
Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім
ретінде пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты
дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха
Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1. Өмір азапқа толы;
2. Ол азаптардың себебі бар
3. Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
4. Азаптан құтылудың кезі бар.
Өмір қасірет, адам қасіреттен құтыла алмайды, қасіреттен
құтылудың бір ғана жолы – Сансараға (қайта туылу) арқылы жету
керек. Ол үшін адам өзінің құштарлығын, нәпсісін тиып, әр түрлі
әдептілік қағидаларды мойындап, жанды таза ұстауы қажет. Адам
өзінің жаман қасиеттерімен күресуі керек. Сонда ол Нирванаға жетеді.
Нирвана – жанның жоғарғы рахат сезімі, өз-өзіңе үңілу, сөну дегенді
білдіреді.
Негізін салған Махавира Вардхамана. Джайнизм – бұл Үнді
философиясында үлкен орын алады. Оның негізгі – адам жанын тән
қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны
жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде
қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық
кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана.
Джайнизмнің басты мақсаты: адамның тіршілік мәселелері. Негізгі
мазмұны – этика, адамның түрлі құштарлықтардан азат ету.
Джайнизмнің басты принципі - Ахимса, яғни ешбір тірі тіршілік иесіне
зиян келтірмеу. Джайнизм білімге ерекше мән береді. Білім өз
құмарлығын жеңген және оған басқаларды үйрете алатын рухани
ұстаздар арқылы беріледі. Сондай-ақ білім тек ұстазды тыңдау ғана
емес, өзін-өзі танып білу, мінез-құлық пен іс-әрекетті қалыптастыру.
Үнді еліндегі философиялық материалистік жүйе. Олардың
айтуынша, бүкіл ғалам, табиғат табиғи жолмен - дүниенің
төрт негізгі элементтерінен: жер, су, от, ауадан жаралған.
Бұл элементтер белсенді және әрекетшіл. Бір күйден екінші
күйге ауысып отырады. Олардың өзара әрекетінен адам, сана
пайда болады, ал дене өлгенде қайтадан сол элементтерге
айналады.
Ежелгі Қытай философиясы әлеуметтік,
этикалық және саяси бағыттылықта дамыды.
Ежелгі «И-цзинь» түпнұсқасында дүние бес
элементтен: жер, су, от, ағаш, металлдан
Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты
рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д.
551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның
атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады.
Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
Бос қиялға салынбау.
«Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.
Қасарыстық көрсетпеу
Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы»,
«Көктем және күз» жылнамасы, « Сұқбат және пікір айту», т.б.).
Конфуцийдің « Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған
1546 түсіндірме жасалған.
Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның
ұстаған жолы: әділеттік табиғатты сүю әдет – ғұрыпты сақтап,
сыйлау
Конфуций адамдарды екіге бөледі:

Адамдар

Текті адамдар
Төменгі
– заңдар мен
адамдар – тек өз
адамгершілік
басының қамын
қағидалармен
ойлайды.
өмір сүреді
Қытай фиялософиясы Дао деген ұғымды түсіндіруден
басталады. Дао барлық заттың түп негізі және бірлігі, барлық заттар
мен құбылыстар өсіп, дамып, жетіліп, қайтадан Даоға айналады. Дао
ілімінің негізін салған Лао-Цзы б.э.д. VІ ғ. Лао-Цзы өзінің Дао және Дэ
деген кітабында дүниенің пайда болуын адам айтуы бойынша
дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар тіршілік иелері, өздерінің
табиғи жолымен өмір сүреді. Оларды Дао басқарады. Дао субстанция
ретінде көзге көрінбейді. Дао дүниенің пайда болуын былай
түсіндіреді. Ол Ин – оң және Янь – теріс бөлшек. Олардан Аспан мен
Жер пайда болады. Аспан және Жер өз кезегінде Ци деген бөлшек
шығарады. Даоизм қарама-қарсы құбылыстардың бір-бірімен қатар
бірлікте өмір сүруін үйлесімдік (гармония) деп қарастырады.
Бұл мектептің негізін салған Шань-Ян б.э.д ІІІ-ІV ғ. Заңгерлер
мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім
кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай
жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың
соны тәсілдері қажет. Легистер Конфуцийдің мемлекетті әдептілік
заңымен басқару керек дегеніне қарсы мемлекетті қатал заңға сүйеніп
басқару қажет дегенді дәріптейді. Сонда халық билеушіге бағынады,
айтқанын істейді. Адам ұсақ қылмыс жасаса да оны жазалау керек.
Сонда ол үлкен қылмыс жасамайды. Осылайшы легистердің мақсаты
ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы Ұлы Қытай
мемлекетін құру. Осы мемелекетте басқа халықтарды бағындыру керек
деген идеяны дәріптеді.
Орта Азия мен Қазақстан жері VIII ғасырдан бастап, араб
халифатының құрамына кіріп, онда өмір сүретін халықтар ислам дінін
қабылдай бастады. Сол кезден бастап түркі халықтарының жүз
мыңдаған томдық рухани мұрасы мың жылдан астам уақыт бойы араб
әріпімен жазылды.
Әл - Фараби мен Әбу Райхан Бируни, Ибн Синамен бірге
шығыстағы Қайта өрлеудің (Ренессанс) философиялық көзқарасын
қалыптастырып, оның идеологиялық негізін қалады. Шіркеу догмасы
мен сословиелік құрылымға оппозициядағы осы идеологияның негізін
қалаған олардың философиялық көзқарастары мен мистик-күпірлік
ойлары әлеуметтік бір бағытта дамыды173. Олай дейтініміз
В.К.Чалоян «Армянский Ренессанс» деген еңбегінде: “Шығыс
мәдениеті, өз кезегінде одан кейін жаңа әлеуметтік-экономикалық
қатынастар жағдайында пайда болған, мәдениеттің жаңа сатысын
қалыптастыруға дайын Батыстың Қайта өрлеуінің ізашары болды.
Шығыстың жетістіктері батыс әлеміне таяу шығыс халықтары мен
елдері және византия-кавказ өркениеті арқылы берілгені тарихи
дәлелденген. Сондықтан, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға
өту мәселесін зерттегенде оған Шығыстың әсері болмады деп, оның
рөлін ескермеу дұрыс емес. Осындай өзгерістің алғышарты шығыс
болды” деп дәлелдеген172. Сонымен қатар, Әл-Фараби мен Ибн Сина
Шығыс Ренессансын қалыптастырған парсы-түркі поэзиясының
ареопагиттік негізінің идеологиялық концепциясын жасады.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған
дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы
Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге
келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ
ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың
ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол
Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны
қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір
сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи
қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері
таза Түркі тілінде келтіріледі. Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн
Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) - Аристотельден
кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан,
энциклопедист ғалым. Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик,
астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде
сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады.
Фараби Аристотельдің, Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның
барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби
шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік
ғалымы А. Атеш— 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров—- 200 трактат деп көрсетеді
Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің
"категориялар", "метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші
және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер
жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мәні — маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп,
Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор
роль атқарды.
Анығырақ айтқанда, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб
тіліне аударылып үлгіргенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары
бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек
философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік
білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме
жазуды үйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден
тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым
саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін таныта білді. Сондықтан да,
шығыс философтары оны "Ал муалим ас-саны" - "екінші ұстаз" деп атаған.
Бақыт дегеніміз — ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп
нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар — өзіне ұнайтын,
керекті нәрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты ешбір жағ...
дайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана
пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар — данышпан адамдар.
Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында
дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын
қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны
сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады:
«Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған
саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде
жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы
Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара –
жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің
інім дүниеге келді». Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы
солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі
Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп-мактабка
орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды.
Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде
Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілінің
грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу
Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік
геогметрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты
табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа
тіреп қоятын.
Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны
суреттейді: «Ол осыған ұқсас нәрсені естімеген, сондай
талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып, менің
ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен
айналыспауыма кеңес берді. Евклида кітабымен де солай
болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің көмегімен
меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім.
Натилидің мені оқытуға шамасы жетпеді. Мен
кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы уақытқа
дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді». Ибн Сина
жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп
оқыды. «Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, -
өмірбаянында осылай айтылды, оған арналған кітаптарды
оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа
жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап
келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған
тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын,
маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он
алты жаста едім».
Философия тарихы пәндерінде қалыптасқан дәстүр бойынша, Шығыс
философиясы ежелгі замандағы түрінде жазылып келді. Ортағасырлық кезеңі
шығыс ойшылдарының шығармашылығында кең көлемде қатылған. Ал қазіргі
замандағы шығыс философиясы өркениеттің бесігінде, бастауында тұрған
елдерде жан жақты дамыса да, еурооцентристік қағида жақтастарының
жетегінде жүрген авторлар назарынан тыс қалып келеді. ХХ ғасырдағы
Шығыс философиясы деп қытай, үнді, жапон, мұсылман елдері философиялық
ой жүйелерін айтуға болады. Бұл аталған жайлардан басқа да философиялық
ойлау мектептері жоқ емес (мысалы, африкалық және т.б.). Осы көрсетілген
философиялық бағыттардың ерекшеліктерін, ғасырымыздағы жетістіктерін
олардың жүріп өткен тарихы кезеңдерімен салыстыра отырып баяндауды
мақсат тұтып, тек көрнекті философтардың шығармаларына толық тоқтауды
жөн көрдік.
ХХ ғасырдағы қытай философы Ху ШИ (1891-1962 жж.) көптеген ірі еңбектердің
авторы. 1926 жылы Шанхайда онынң төрт томдық еңбегі жарық көрген. Қытай
философиясының болашағын ол конфуциялық идеалдардың моралистік және
рационалистік тұсауларынан босану бағытымен байланыстырады. Оның пікірінше, бұл
жолда біздің жыл санауымыздағы үшінші, төртінші және бесінші неоконофуциялық
мектептерінің қайта өрлеуі үлкен рөл атқарды.
Ол қытай философиясы дамуының бірінші кезеінң философия әдісін анықтау
үшін зерттейді. Ху Ши әуел бастан-ақ қытай философиясында логика дамып, ал мораль
теориясы, саясат, білім мәселелері логика теориясы мен әдісін айқындау жолында
көмекші рқл атқарғанын пайымдайды. Осы жолда қытай екі кезеңнен – ақындардан
софистер ғасырына және софистерден логика ғасырына өтті және бірінші софистер
ретінде Лао-Цзыны атап көрсетеді.
“Өзгерістер кітабындағы” ең маңызды логикалық доктрина ретңнде Ху Ши Сян
идеясын сипаттайды. Идеалды форма конфуций логикасының негізгі бөлігі. Бұл идея
Аристотельдің формалды себептеріне немесе Ф. Бэконның форма туралы ұғымына
жақын келеді. Екінші – пайымдау теориясы – цы. Конфуций бұл теорияны
рационалдандыру дейді Ху Ши
Үнді елінде философия қандай да бір ғылымға немесе өнерге
қосымша ретінде болмаған, бірақ әрдайым көрнекті, тәуелсіз
жағдайда болған. Батысағы философия Платон мен Аристотель
кезінде саясат пен этикаға сүйенді, ал ортағасырларда теологияға,
Бэкон мен Ньютон дәуірінде жаратылыстануға, ХІХ ғасырдың
ойшылдары тарихқа, саясатқа және социологияға арқа сүйендіал
үнді елінде философия нық тұрды және басқа ғылымдар одан тірек
алды. Мундака упанишада барлық ғылымдардың негізндегі ғылым
немесе брахмавидья, сава-видья-пратшитхе туралы айтады.
Философия – өзге ғылымдарды бағыттаушы басты ғылым.
А. Гхоштың философиялық жүйесі құрылым жағынан күрделі, өйткені
оның философиялық жүйесі “синтез” ұғымының төңірегінде құралған, яғни ол
“синтез” ұғымынбарлық салада қолданды. Батыс пен Шығыстың мәдениетін
салыстырғанда, материя мен рухты салыстырғанда қарастырды.яғни ол өз
жүйесін “интегралды йога” деп анықтайды. “Интегрализм” оның
дүниетанымдық мәселелерінің басқарушы принципі болып табылады. Бірақ
Ауробиндоның философиялық жүйесінде интегрализнің негізгі объектісі болып
үндінің діни-философиялық дәстүрлері, оның шінде веданталар мен йогаға
ерекше көңіл бөледі.
Бұл мәселелерге көңіл бөлген себебі, веданта мен йога “интегрализмнің”
негізгі бастамасы болып табылады. Соның ішінде йога мәселес үлкен орын
алады, соған байланысты Ауробиндо арнайы трактат жазды. Ол “Йога синтезі”
деп аталады. Бұл “синтез” ең алдымен “йога” ұғымынның этимологиясына
негізделген. Сондықтан Ауробиндонынң бүкіл философиялық-діни жүйесі
“интегралды йога( деп аталады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – адам өмірінің
барлық саласында құдіреттілік, қасиеттілік орын алып, тұрақтануы, яғни адам
табиғатын, іс-әрекетін, ақыл парасатын рухани дамытып, тазарту.
Оның өмір сүрген отаны – Үндістан. Негізгі еңбегі “Персиядағы дамуы”
зорастризмді, оның философиялық, космологиялық ілімдерін пайымдауға арналған.
Жанның мәні туралы Икбалдың айтқаны зор. Ол жан үш бөліктен тұрады деп есептейді:
ақыл, жүрек және рух. Жүрек танымның ең жоғары құралы ретінде саналады, ол ақыл
мен рухты байланыстырады.
Икбалдың мани мен Мздак туралы айтқан ойлары ерекше. Мани жарық
принциптеріне оң идеяны, ал қараңғы принциптеріне бес идеяны жатқызады. Маздак
болса, осы принциптерді қолдай отырып, Құдай-жаратушы еске сақтау, даму, түсіну
қабілеттерімен айрықшалынады дейді. Бұл қабілеттер жеке адамның қасиеттері көрінеді.

Икбал өзінің “Персиялық дуализм” деген еңбегіде бірнеше нақты тұжырымдар
жасайды. Парсылардың Исламға дейінгі ойлары бірқалыпты, үзіліссіз дамыған.
Екіншіден, дүниедегі өмір сүрушлердің бірлік принципі – оның нағыз философиялық
негізі; үшіншіден, универсумның монистік принциптік қозғалу басы заорастризм
жақтастарының сұхбаттасынан нәр алады; төртіншіден, Исламға дейінгі парсы ойында
пантеистік бағыттар болмаған.
Икбалдың Лахрдағы кесенесі
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Мұсылман философиясы
Шығыс философиясы
Орыс философиясы
Ойлау мәдениеті
Тіл философиясы
Буддизм философиясы
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Араб философиясының кезеңдері
Философияның әдістері
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Пәндер