Органикалық ауыл шаруашылығының негізгі қағидалары: денсаулық, экология, әділдік және қамқорлық


Slide 1

Органикалық ауыл шаруашылығының принциптері

Slide 2

Органикалық ауыл шаруашылығы

Органикалық ауыл шаруашылығы - интенсивті ауыл шаруашылығына қарағанда мүлдем басқаша іргелі қағидада құрылған жүйе: табиғатты өнімділікті арттыру және пайданы көбейту үшін пайдалану емес, оңтайлы өнім мен лайықты табыс үшін табиғат заңдарын қолдану болып табылады.

Slide 3

Органикалық ауыл шаруашылығының принциптері

Органикалық ауыл шаруашылығына көшу себептерін, оның әдістері мен соңғы нәтижелерін түсіну үшін органикалық ауыл шаруашылығының жетекші принциптерін толық меңгеру өте маңызды. Органикалық ауыл шаруашылығы тарихының көп бөлігінде принципе жазылмаған, өйткені олар әртүрлі мектептердің философиясы мен тәжірибесінде бекітілген.

Slide 4

Органикалық ауыл шаруашылығының принциптері :

Денсаулық принципі

Экология принципі

Әділдік принципі;

Қамқорлық принципі

Принциптерді 28. 09. 2005 жылы Халықаралық органикалық қозғалыс Федерациясының (IFOAM) бас ассамблеясы әзірледі және бекітті. Бұл принциптер органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың негізі болып табылады. Олар органикалық ауыл шаруашылығының әлемге аша алатын мүмкіндіктерін және басқаруды жақсарту жолдары туралы көзқарасын көрсетедіжаһандық ауқымдағы ауыл шаруашылығы.

Slide 5

Денсаулық принципі

Денсаулық принципі - органикалық ауыл шаруашылығы топырақтын, өсімдік, жануарлар мен адамның және планетамыздың денсаулығын тұтас бөлінбейтін құбылыс ретінде сақтап, жақсартуы тиіс.

Осы принцип бойынша адамның және қоғамның денсаулығы экожүйелердің денсаулығынан бөлек болмайды. Сау топырақта сау өсімдік өседі, сол өсімдіктер жануарлар мен адамдардың саулығын қамтамасыз етеді. Осы принцип бойынша, денсаулыққа зиянды минералдық тыңайтқыштарын, пестицидтерді, жануарларға қолданылатын азықтық қоспалары мен ветеринарлық дәрумендерді пайдалануға рұқсат берілмейді.

Slide 6

Экология принципі

Экология принципі - органикалық ауыл шаруашылығы экологиялық жүйелер мен циклдердің принциптеріне негізделіп, осылармен бірге жұмыс атқаруға, бірге өмір сүруге және қолдауға шақырады. Принцип бойынша ауылшаруашылық өндірісі экологиялық құбылыстарға негізделетінің көрсетеді.

Slide 7

Әділдік принципі

Әділдік принципі - органикалық ауыл шаруашылығы өмір мүмкіндіктерімен жалпы қоршаған ортаны еске ала отырып әділдікті қамтамасыз етуі тиіс. Әділдік деген шаруашылық қарымқатынастарға объективті бағалаумен, сыйластықпен, дұрыс көзқараспен қамтамасыз етіледі.

Slide 8

Қамқорлық принципі

Қамқорлық принципі - органикалық ауылшаруашылығын басқаруды қазіргі және болашақ ұрпақтардың денсаулығы мен амандығы үшін алдын алан әрекет ету және жауапты болу түрде жүргізуді қамтасамыз етеді. Органикалық ауылшаруашылығы - жанды және динамикалық жүйе, ол ішкі және сыртқы сұранымдар мен шарттарға жауап реакциясын жасайды. Өнімді көтеру үшін қолданылатын іс әрекеттер денсаулыққа, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиісті


Ұқсас жұмыстар
Органикалық ауыл шаруашылығының принциптері мен әдістері
Органикалық өсімдік шаруашылығының қағидалары мен талаптары
Ауыл шаруашылығының негізгі және айналым капиталы: қалыптасуы, көрсеткіштері және тиімділігін арттыру жолдары
Қазақстандағы аграрлық қатынастардың ерекшелігі және ауыл шаруашылығының дамуы
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуы мен өңірлік көрсеткіштері (1991-2011)
Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуы және Алматы облысының агроөнеркәсіп кешенін талдау
Табиғат - денсаулық мекені: экология мен денсаулықты сақтауға бағытталған аралас сабақ
Органикалық және минералды тыңайтқыштар: сипаттамасы және қолдану қағидалары
Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тарихы, құрылымы және ғылыми жетістіктері
Ауыл шаруашылығының өнімдері мен өткізу жолдары: тауарлылықты бағалау, өндірісті интенсивтендіру және экономикалық көрсеткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz