Сызықтарды бағдарлау



Сызықтарды бағдарлау

Бағдарлау, ориентация (франц. orіentatіon - шығысқа қарай бағыттау, лат. orіens - шығыс сөзінен алынған) -
1) бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы. Бағдаулау компас немесе карта көмегімен, аэрофото-түсірім мен жергілікті белгілерге, Күнге, Айға, жұлдыздарға қарап, сондай-ақ жарық, радио және дыбыс толқындары бойынша да жүргізіледі;
2) ғарыштық аппараттың геометриялық осьтерінің аспан денелеріне (Күн, Ай, жұлдыздар), сондай-ақ, магнит немесе ауырлық өрісінің күш сызықтарына қатысты анықталатын орны;
3) күрделі геом. фигуралар үшін түзудегі бағыт ұғымын жалпылап алу. Нүкте түзу бойымен қарама-қарсы екі бағытта қозғала алады.

горизонталь түзудің бойындағы қозғалыс солдан оңға қарай не оңнан солға қарай бағытталады. Осы сияқты әрбір тұйық қисық сызықты сағат тілінің бағытымен (1-, 2-сурет) не сағат тіліне қарсы бағытпен (3-сурет) Бағдаулауға болады. Жазықтықта жатқан, өзін-өзі қиып өтпейтін бірнеше тұйық қисық сызық үшін де белгілі бір Бағдарлауды таңдап алуға болады. Егер осындай қисық сызықтардың бәрі сағат тілінің (не оған қарама-қарсы) бағытымен бағдарланса, онда барлық жазықтық сағат тілінің бағытымен (не оған қарама-қарсы) бағдарланады делінеді. Әр түрлі беттің бағдарлануы (мыс., сфера бетінің, эллипсоид бетінің, т. б. ) жазықтықтың бағдарлануы сияқты анықталады. Бірақ кез келген бетті (мыс., Мебиус жапырағы) Бағдарлауға болмайды. Бағдарлау ұғымын кеңістікке де енгізуге болады. Егер кеңістіктің бір бөлігін шектейтін тұйық беттің бөлігі сырттан қарағанда сағат тілінің бағытына қарама-қарсы (не оның бағытымен) бағдарланса, онда бұл бет оң жаққа (сол жаққа) қарай бағдарланған делінеді. Оң және сол координаталар жүйелері де Бағдаулау ұғымына байланысты шыққан;
Мысалы

Бағдаулау спорты 19 ғасырдыңсоңында пайда болған.
Бағдарлау спортының халықар. федерациясы (ІОҒ) 1961 жылы құрылған.
Оған 40 мемлекет мүше.
Дүниежүзілік (1966 жылдан) және еуропалық (1962 жылдан) чемпионаттар өткізіліп тұрады.
Қазақстанда Бағдарлау спортынан тұңғыш жарыс 1963 жылы ұйымдастырылды.
Республика бойынша қысқы және жазғы чемпионаттар өткізіліп тұрады.
4) Ірі масштабты карта мен компасты пайдалана отырып, айналаны бағдарлауға негізделген спорттық жарыс түрі.


БАҒДАРЛАУ СЫЗЫҒЫ
бағытты анықтау сызығы.
Бағдарлау сызығы жер бетінде және карта арқылы бағдарлауда жиі кездеседі.
Бағдарлау кезінде негізгі сызық болып географиялық, магниттік және осьтік меридиандар немесе оларға параллель сызықтар алынады.
Бағдарлау сызықтарының көмегімен карта бетінде жүру бағытын, елді мекендерді, нысананы және тағы да басқалары анықтауға болады.

Бағдарлаушы құрылғылар
жергілікті жердегі заттарға (нысандарға) қарайғы бағытты анықтайтын құрылғылар - буссоль, компас.

Бағдарлық бағыт. жергілікті жерде компас, карта немесе аэротүсіріс арқылы бағытты анықтау. Бағдарлық бағыт ретінде дүниенің төрт бағыты (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс), Күннің, Айдың, жұлдыздардың орналасу жағдайлары алынады. Бағыт бағдары жер бетінде жақсы көрініп түрған қозғалмайтын зат немесе жер бедерінің элементі.

Назарларыңызға
Рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz