ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК



ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК
Орындаған:Тінейбай Айнұр, Раимбекова Альбина
Тобы:Лр-22-03

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазақстандықтарды елең еткізген еді. Алты бағытты қамтитын мақаладағы негізгі мәселенің бірі - ұлттық бірегейлікті сақтау. Яғни, ұлттық бірегейлікті сақтап, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын ұлттық идеология - мақаланың ұстанымы болатын. Мұның арғы жағына тереңдесек, ұлттық код, ұлттық мәдениет, ұлттық негіздер, латын жазуына көшу сияқты сүбелі мәселелер шығады. Кез-келген халықтың рухани деңгейі арқылы ұлттық бірегейлік көрініп, жүзеге асып отырады. Қысқа қайырғанда, ұлттық бірегейлік ұлттың өркендеу мүмкіндігінің барометрі. Бұл ретте, әлемдегі жаңалықтың адамзат қоғамына ықпалын тигізбей қоймайтыны анық. Заманның ағысына қарай мәдениет, адамзат өзгеріп, түрлі топтар, секталар пайда болуы мүмкін. Яғни, мемлекетті әлсірету арқылы ұлттық бірегейлікті ыдыратуға болады. Дегенмен, өркениеттің игілігінен бас тартып, толық тұмшаланып тірлік кешу - қиынның қиыны. Қадымнан қазірге дейін қазақ руханиятындағы елдік, ар-намыс, қайырымдылық, төзім, қанағат, мейірімділік сынды ізгі қасиеттер - ұлттық бірегейліктің негізгі тұтқасы. Алаш тұлғаларының ұстанымына айналған бұл құндылықтар арқылы қазақтың отбасында, қоғам өмірінде бірлік, түсінік, төзімділік, қайырымдылық сақталған. Адал еңбекпен күн кешуді мақсат ету - бірегейлікті сақтаудың алғышарты. Ал ұлттық бірегейліктің негізгі белгілері: ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, діннің таза күйінде сақталуы, тарих, тарихқа құрмет, ұлттық өнер, туысқандық дәстүр, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтардың сақталуы, заман талабына сай икемділік, білімділік, ғылымның мемлекетке тигізер пайдасы бағалау т. б. Атам қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет мағыналы сөз бар. Бұл аталы сөз ұлтты ұйыстыруға ұлттық бірегейлікке, елдік пен ауызбіршілікке үндейді. Себебі, ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Әрине, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата дәстүрді ұмытпаған абзал. Ал ұлттық бірегейлік болмаса не болады? Ұлттық бірегейлік болмаса, тұлғалық бірегейлік болмайды. Тұлға болмаса, тарих та болмас еді.

Жаһандану және интеграциялану жағдайында қоғамда ұлттық бірегейлік мәселесі мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады. Ұлттық бірегейлік түбегейлі анықталмаған жағдайда қоғам ішінде дағдарыстың орын алу ықтималдығы күшейеді. Яғни, өз кезегінде ұлтаралық және этносаралық қарым-қатынастар, көші-қон үрдістері мен жергілікті элиталардың ұлттық саясаттағы жұмысының күшеюіне өз әсерін тигізеді. Нәтижесінде, азаматтардың өздері бірегейлігін іздестіру барысында рулық, тайпалық, діни, отбасылық сияқты басқа да бірегейлік түрлерінің күшейіп, кең таралуына жол ашады. Мемлекеттің ішінде түрлі ағымдардың күшейіп, тоқырауға ұшырауына алып келеді. Сондықтан нақты ұлттық бірегейлік қалыптасқан қоғамда ғана тұрақталған және мығым мемлекеттің дамуы орын алады. Ұлттық бірегейлікті сақтау-ұлттық жаңғыру. Ұлттық жаңғыру деген сөздің өзі үлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар:• Ұлттықсана-. • , .

Ұлттық бірегейлік адамның белгілі бір ұлтқа, елге, мәдени кеңістікке жататындығын білдіретін бірегейліктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде анықталып жүр. Ол - азаматтық және ұлтшылдық сияқты түсініктермен теңестірілмейді, дегенмен, олар оған күшті әсер ете алатын факторлар болып табылуы мүмкін. Сонымен бірге ұлттық бірегейлік адаммен бірге тумысынан пайда болмайды. Ол белгілі бір адамдардың тобының тілін, тарихын, қауымдастықтың мәдениетін қабылдаған кезде пайда болады. Осыған белгілі бір мемлекетке тиесілік, мемлекеттік бірегейлікке, ұлттық идеяға және мемлекеттік символдарға шынайы берілушілік сезімін де қосуға болады. Ұлттық бірегейлік көпдеңгейлі және көпқұрамды болуы да мүмкін. Жеке мемлекеті жоқ азшылықты құрайтын халықтарда ұлттық бірегейлік көп жағдайда саяси ұлтпен және мемлекетпен байланысты едәуір кең ұлттық бірегейліктің құрамдас бөлігі болып табылатын өңірлік этномәдени бірегейлікпен анықталады. Мәселен, мигранттардың ұлттық бірегейлігі олардың шыққан жерімен анықталса, екінші жағынан, жаңа мемлекетпен және мәдени ортамен өзіндік бірегейленуімен де анықтауға болады

Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық және мемлекеттік бірегейлілігін сақтап қалу мәселесі туындайды. Осы арқылы мемлекетіміз әлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық және мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз. Тәуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едәуір ықпал ете алады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік құрылысында екі бағыт айқын анықталды. Бірақ оларды зерттемес бұрын, біз «ұлт», «этнос» және тағы басқа ұғымдардың мәнін және мазмұнын ашып, анықтап алуымыз керек. Этнос және ұлт - әр түрлі әлеуметтік құбылыстар. Ю. М. Бородай олардың айырмашылығын жақсы көрсете білді. Этностық қауымның спецификасы адамның антропогенетикалық ерекшелігіне негізделеді. Сондықтан да этникалық «табиғи» қауымның дамуы ешқандай мемлекет басқаруын қажет етпейді. Керісінше, ұлт мемлекет пен азаматтық қоғамның жемісі болып табылады.

Қазақстанда ұлттық бірегейлікті анықтауда қоғамда екі концепцияның қарама-қайшылығын Қадыржановта айтады. Ол оны «Қазақ ұлты» және «қазақстандық ұлт» деп екіге бөліп көрсетеді. Бұл екі тұжырым қазірше виртуалды кеңістікте, қоғамдық дискурс саласында күрес жүргізіліп отыр деп пайым жасайды. Кеңестік уақытта қалыптасқан адамдардың саяси мәдениеті, коммунистік санасы мен халықтың құндылықтарымен астасып жатыр. Бұл өз кезегінде коммунистік жүйенің ыдыраған тұсында адамдардың бірегейлігін таңдауында тығырыққа тірегені анық. Оған қоса ұлттық құрамның түрлі этнос өкілдерімен араласып көпэтносты және мультимәдени қоғамның қалыптасуы тағы бар.
Ұлттық бірегейліктің мазмұны мен парадигмасын анықтауға ұмтылу мен ғылыми іздестірудің саяси-құқықтық негізі Қазақстан Республикасының ең алғашқы ата заңы 1993 жылғы Конституциясында қаланды. 1993 жылғы Конституциясының 47-бабы этностық компонентке негізделген ұлттық бірегейліктің нақты парадигмаларын көрсетті. 1993 жылы ең алғашқы Конституция Қазақстанда ұлттық құрылыстың этномәдени моделінің басымдығын байқатты.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz