Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Презентация қосу
Жоғары мектеп
педагогикасы кәсіби
мамандарды даярлау
туралы ғылым
МФОК 223 Қажымов Жандос
Жоғары мектеп педагогикасы екі
түрлі мағынада қарастырылады, бірі –
жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне
бағытталған адамның іс-әрекеті;
екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын,
ұстанымдарын, әдістерін ашатын
ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті
сияқты педагогика да адаммен бірге
пайда болып, адам санасының өсуі,
ойлаудың пайда болуы, адамның
өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы
және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-
қатынасы, педагогикалық ойлардан
туған.
Қазіргі педагогика 3 түрлі саладан тұрады: педагогика тарихы;
педагогика (мектептке дейінгі, орта мектеп, кәсіби мамандандырылған
білім, жоғары мектеп, кәсіптік әскери, салыстырмалы, т.б.) және білім
әдісі.
Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы
жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды
жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап
отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі
ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасы – тәрбие заңдылықтарының ұстанымы мен жоғары
оқу орындарындағы жоғары білікті маман иесін даярлайтын ғылым саласы.
Болашақ маман қазіргі студент – оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның
кәсіби даярлығы шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек.
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты – студенттерді оқу орындарының кез
келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасының
міндеттері:
• студенттерді болашақ мамандықтың
теориясы және технологиясымен
танысуға бағыттау;
• студенттерді жоғары мектеп
педагогикасы саласындағы өзекті
зерттеу мәселелерін анықтап,
талқылауға жағдай туғызу;
• студенттерді жоғары оқу орындары
мен жалпы мектеп арасындағы
байланысты жан-жақты зерттеуге
баулу.
Жоғары мектеп педагогикасында қалыптасқан
негізгі ұғымдар (категориялар) оқытушыларға
педагогикалық жеке құбылыстардың мәнін ашып,
ең бастысы, олардың өзара байланысын, бірі-
біріне ықпалының қандай деңгейде екендігін
көрсетеді. Жоғары мектеп педагогикасы
ғылымының даму деңгейі үнемі оның
ұғымдарының мазмұнының өзгеруіне әкеледі.
Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылымдар қатарына жатады. Ол ғылым
ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Осы кезеңде алғаш рет педагогика
оқулығы құрал ретінде пайдаланылды. Алайда, студенттермен жұмыс жасау, оқу
жайындағы сұрақтарға кепілдеме беру, тәрбие жұмысы, ақыл-ойлар ежелгі
дәуірден бастап университеттегі білім беру тарихының дамуымен бірге жалғасып
келді. Ғылыми білімнің қарқынды дамуы барысында жоғары мектептегі
педагогика өзінің жастығына қарамай жеке салаларға бөлінді және сол бөлінген
салалар өз алдына дами бастады. Оларға: жоғары мектеп дидактикасы, жоғары
оқу орындарындағы әдіс пен ілімнің тәрбиесі, жоғары мектептегі менеджмент,
т.б. жатады.
Жоғары мектеп педагогикасының объектісі – жоғары
оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу
орындарындағы білім саласы, педагогикалық
жүйелер. Аталаған жүйелерге академиялық топтар,
курстар, факультеттер, жоғары оқу орындары,
қоғамдық ұйымдар мен қалыптасулар, студенттер,
оқытушылар, білім министрлігі мен бөлімдері, т.б.
жатады. Жоғары мектеп педагогикасының
әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді.
Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі
байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан
қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен
тәуелділіктері ашылады. Ғылым кез-келген заттар
мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын
зерттей отырып, ең алдымен, олардың ішінен сол
заттар меп құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын,
болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп
алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz