Екпе күріш
Презентация қосу
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды
дақылдар – даражарнақтылар класына
жататын астық тұқымдас өсімдіктер.
Олардың 10 000-ға жуық түрі бар.
Қазақстанда астық тұқымдастардың 418
түрі өседі.
Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс,
бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс.,
қант қамысы, жүгері, т.б.).
Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30
– 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден
20 – 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі
қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары
– жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа
тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі
көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана
дара жынысты (жүгері) болады. Олардың
гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше
келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл
қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе
бірнеше гүлдерден топталған масақшадан
– шашақбас, айдар, масақ, собық,
сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры
құралады. Астық тұқымдасының көбі жел
арқылы тозаңданады.
• Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде
жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға
жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы
түптену түрлеріне байланысты: тамыр
сабақты, селдір түпті және тығыз түпті
болып үш топқа бөлінеді.
Тамыр сабақты астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына
тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі
(мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.).
Селдір түпті астық тұқымдасының түптену буыны топырақ
бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас)
Тығыз түпті астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі
(мыс., бетеге, қау, селдірек).
Екпе күріш
• Биіктігі 50–150 сантиметрге дейін жететін
біржылдық даражарнақты өсімдік.
Гүлшоғыры – ұзындығы 10–40 см көп масақты
сыпыртқыгүл. Гүл қабыршағы қатқыл
қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді.
Дәнегінде 9–12% нәруыз, 65–70% көмірсу
және 4–6% май болады. Күріш дәні ботқа,
палау жасауға пайдаланылады. Күріш
нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш
қайнатпасы – асқазан ауруына
қолданылатын тамаша дәрі. Күріштен
алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол.
Сабын мен шырақ дайындауға күріштің
ұрықтық дәнегінен май алынады. Күріштің
сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз
жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы,
кебегі – малға азық.
Қызылорда облысы Шиелі
ауданының Қызылту
колхозының звено жетекшісі
Ы. Жақаев дүниежүзілік
рекорд жасады. Екі мәрте
Еңбек Ері, Мемлекеттік
сыйлықтың иегері Ыбырай
Жақаев әр гектардан 174
центнерден күріш алды.
Ы. Жақаев
(1891–1981)
Құмай -
астық тұқымдас біржылдық даражарнақты
өсімдік . Сабағының биіктігі – 100–300 см.
Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің
пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады.
Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты,
қымқырылған, жинақы болып келеді. Құмай
(сорго) – азықтық, малазықтық және
техникалық өсімдік. Оның отаны – Африка.
Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды
баптап, өсірген. Құмай – жылу сүйгіш,
ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімді
өсімдік.
1 – сыпыртқы
құмай;
2 – дән құмай;
3 – қант құмай;
4 – Судандық
шөп
1 – егістік қылтанақсыз
күріш;
2 – егістік қылтанақты
күріш;
3 – кәдімгі тары;
4 – африкалық тары;
5 – қытайлық тары;
6 – чумиза; 7 – могар;
8 – тарақ бидайық;
9 – шалғындық атқонақ;
• Бидай, тары, сұлы, арпа – біржылдық
даражарнақты азықтық өсімдіктер.
• Сұлы негізінен малазықтық өсімдік
ретінде пайдаланылады.
Сабансабақтардан бидай түптенеді.
• Бидайдың гүлшоғыры – күрделі масақ.
Бидай өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі –
дәнек.
• Тарының гүл шоғыры – масақ тәрізді
сыпыртқыгүл, ал сұлының гүлшоғыры –
сыпыртқыгүл.
1 – қатты бидай;
2 – қылтанақсыз жұмсақ
бидай;
3 – қылтанақты жұмсақ
бидай;
4 – егістік қарабидай;
5 – егістік сұлы;
6 – көпқатарлы арпа;
7 – екі қатарлы арпа
Үйге тапсырма:
Астық тұқымдастар -
бағалы азықтық өсімдіктер
«Ы. Жақаев - күріштің атасы» -
баяндама дайындап келу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz