Қазақ АКСР


Slide 1

Темірбек Жүргенов Қараұлы өмірбаян.

Slide 2

Ұлттық мәдениетіміздегі қайраткерлердің ішінде Темірбек Жүргенов публицист, қазақ мәдениетінің тарланы, білім, мәдениет және өнердің дамуына өз үлесін қосқан мемлекет және қоғам қайраткері ретінде белгілі. Бүгінгі таңда оның шығармашылығын қазақ халқының рухани мұрасы ретінде қарастырамыз.

Темірбек Жүргенов 1898 жылы қарашада Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңа талап ауылында ауқатты шопан отбасында дүниеге келген.

Алғашқы ұстазы шығысқа белгілі ақын және аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов Темірбекке ауыл мектебі аясында шығыс тілдерін үйретті. Оның бұл тілдерді меңгергені кейіннен Орта Азияда жұмыс істеген жылдары көмегін тигізді.

1913 жылы Жүргенов Аламесектегі орыс-түзем бастауыш мектебін үздік аяқтап, Перовск қаласындағы (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы жоғары қалалық орыс-қазақ училищесіне түседі. Орыс тілінен алған білімі Крылов, Некрасовтың шығармаларын оқуына көмегін тигізді. 1918 жылы Торғай қаласында Т. Жүргенов Әліби Жангельдинмен танысып, білімді және талантты жігітті «Қазақ мұңы» газетінің редакциясы жұмысымен БКП(б) қатарында сөз сөйлеу үшін Торғай съезінің Кеңесіне дайындайды.

Жүргенов Темірбек Қараұлы

(1898-1938)

Slide 3

Т. Жүргеновтің қазақ тіліне аударылған “Политэкономия” Михайловск кітабы

Кітап 1926 жылы Қзыл-Орда қаласында жарияланды. НБ РК жиі фондында сақталған.

Slide 4

Торғай облысы советінің 1-ші Қазақстан съезінің делегаттары (бұрын Ақтөбе) 1920 ж.

Slide 5

Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін ойдағыдай аяқтап, 1923 жылы Ташкенттегі ОАМУ- дың құқық факультетінің 1 курсына оқуға түседі. Сонымен қатар оны қазақ мәдениеті мен білімі мәселелерін қарастыратын Түркі республикаларындағы ҚазАССР-нің өкілетті елшісі етіп тағайындайды.

1926 жылы Т. Жүргеновтың тікелей қатысуымен Ташкент қаласында Қазақпединституты ашылды және оны - ОАМУ-дың 4 курс студентін осы алғашқы қазақ оқу орнының алғашқы ректоры етіп тағайындады.

1929-1930 ж. ж. - Тәжік Республикасының қаржы саласы бойынша халық комиссары.

1930-1933 ж. ж. - Өзбекстан ағарту ісінің халық комиссары.

1933-1937 ж. ж. - Қазақстан ағарту ісінің халық комиссары, БКП(б) Өлкелік комитетінің бюро мүшесі, өнер жөніндегі Комитеттің жетекшісі.

1936 ж. (шілде) Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталды.

1938 ж. (25 мамыр) репрессия құрбаны болды.

Slide 6

Темірбек Жүргенов қысқа да жарқын ғұмырында еліміздің мәдени құрылысына қажетті тың идеяларды қалдырды. Қазақстанның Халық Ағарту комитетін басқара жүріп, білім берудің қазіргі моделін, өнердің кәсіби түрлерін жарыққа шығарудың, ұлттық кеңес мәдениетіндегі қазақ мәдениетінің маңыздылығын қалыптастырудың негізін қалады. Ол көптеген мәселелерді жүзеге асырды:

Республиканың барлық облыс орталықтарында ұлттық театр топтары мен студиялар ашылды;

Музыкалық студия ашылды, ол алдымен Қазақ музыка театры болып құрылды, одан кейін мемлекеттік академиялық опера және балет театры болды;

Музыкалық-драмалық техникум құрылды;

Тұрғындардың эстетикалық дамуын көздейтін облыстық (қазақ, орыс) театрлары ашылды;

Бұрынғы Луначарский атындағы ГИТИС - Мәскеу театр комбинаты жанынан Қазақ ұлттық драма шеберханасы ашылды;

Slide 7

Хореографиялық училище ашылды;

Халық өнері қайраткерлерінің бүкілқазақстандық 1 слеті ұйымдастырылды;

Қазақтардың ауыз әдебиеті туындылары, қазіргі қазақ ақындарының (Мұхит Мералиев, Ақан сері, Біржан сал және т. б. ) әндері жиналып, қағаз бетіне түсті;

1921 жылы Қазақстан ақындарының әндері мен поэмаларының жинағы «Терме» деген атпен құрастырылып жарыққа шықты;

Ұлттық музыка аспаптарын дайындайтын шеберхана ұйымдастырылды;

Театралды костюм мамандығы бойынша костюмерлер жұмысқа шақырылды;

Мәскеу театр студиялары мен жоғары оқу орындарына жас қазақстандық артистер, суретшілер шақырылды;

Қазақ жазушыларының аударуымен әлем әдебиетінің құнды мұралары қазақ тіліне аударылды;

Ұлт аспаптар оркестрі құрылды;

Ұйғыр музыкалық драма театры ашылды;

Қазақ Көркемсурет галереясы ашылды;

Қазақкинотрест ұйымдастылып, фильмдер түсірілді, кино қоятын орындар және кинотеатрлар жүйесі кеңейтілді;

Slide 8

Т. Жүргеновтің “Қазақстандағы мәдениет революциясы ”кітабының қабы.

Slide 9

“Қазақстандағы мәдениет революциясы” кітабының титулдық беті.

Slide 10

Т. Жүргеновтің Қазастандағы сауатсыздықты жою жұмысы туралы кітабының қабы.

Slide 11

Т. Жүргеновтің мектептің түп кемшіліктерін кетіру үшін күрес атты кітабының қабы.

Slide 12

“Политэкономия” кітабының титулдық беті.

Кітаптың қабы

Slide 13

Жүргенов Темірбек Қараұлы (1898-1938) мемлекет және қоғам қайраткері. Ақтөбе обл. Ырғыз ауданында дүниеге келді .

Орыс қазақ бастауыш мектебі, Перовскідегі Суханский атындағы орыс- қазақ училещесин бітірді. 1917 жылы Уфа қаласындағы жер шаруашылығы училещесіне оқуға туседі, бірақ азамат соғысы оқуын тоқтатты. Темірбекті политикалық күрестің жолына соқты.

Т. Жүргенов советтің обылыстық съезін дайындауда белсене қатысты «Қазақ мұңы» атты газетіне жұмыс істеді. Ырғыз уезінде ақгвардиялықтармен күресті, Кенжар болысындағы ревалюциялық комитеттің өкілі болды 1920-1921 жылы ырғыз уездінін атқару комитетінің төрағасы. Бейбітшілік құрылысына ауысу Т. Жүргеновтің оқуын жалғастыруға ықпал етеді. Орынбордағы журналистика факультетін бітірген сон (1928) Орта азиялық мемлекеттік университетіне жолдама алады (1927) Сол жылдары халық шаруашылығында мамандар мен ұйымдастырушылар жетіспеді сондықтан жоғарғы оқу орындары мен техникумдардың студенттерін жинады. 1924-1926 жылы студент Т. Жүргеновке Түркістан Республикасың Қаз. АКСР-ің өкілетті өкілі болуға міндет артты. Ол Орта Азия мен Қазақстан ұлттық мемлекет бөліну дайындығына белсене қатысады.

Slide 14

Т. Жургенов статисттикалық және демографиялық материялдар көп жинаған, әдебиет және архивтің қайнар бұлағын зерттеген . Т. Жүргенов университеттің соңғы курсында Ташкенттегі қазақ педагогикалық инстетутын ректоры болы тағайындалды (1926-1929) . Қазақстан мен Түркістанның орталық атқару комитеті болып сайланды.

Т. Жүргеновті университет бітіргенен соң оны мемлекеттік құқығының ғылыми өкілі ретінде қалдырды . 1929 жылы оны Тәжік ССР-ің қаржы комисары етіп тағайындады, ол 1930-1933 жылдары Өзбек ССР-нің халық ағарту комиссары. Сол уақытта, 1933 жылы Т. Жургеновты Қазақ АКСР -нің ұлттық комитеті ағартушысы болып тағайындаған кезде, республикаға өте қиын болды. ВКП (б) халық комисарының жаңа билігі, калективизация кезінде жіберілген үлкен қатені түзеу үшін, көптеген күш салды . Және халық білімі саласында көптеген қарама- қайшы сұрақтар болды.

Жүргеновтің ұйымдастыру қабілеті, үлкен оқу орындарын ашып, бастауыш білімді реттеу, сауатсыздықты жою мәселерінің сұрақтары кезінде ерекше айқындалды. Халықтың білім денгейін білу үшін әр түрлі аудандарды кезіп, статья таратып, доклад оқыды. Оның әдебиет пен өнер саласын дамыту жағынан қайраты құнарлы болды.

1937 жылы 3 тамызда «халық жауы» деген жалған айыппен ату жазасына кесілді. 1957 жылы 18 сәуірде ақталды. Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Т. Жургенов есімі берілді. Оның ескерткіші оның туған жерінде орнатылған.

Slide 15

Қанабек Байсейтов Қаз ССР-нің халық әртісі қазақ театрының іргетасын қалаушыларының бірі.

«Қыз Жібек» операсын құруын ұсынған халық комитетінің ағартушысы Темірбек Жүргенов.

Оны өзіне шақырып, ұзақ осы сүйетін даласының мағынасын аса қызығушылықпен айтты. Содан соң, жаңадан құрылған қазақ мемлекеттік музыкалық театрының редакторы етіп тағайындайды, және кідірмей үлкен творчествалық жұмысқа кірісуіне рұқсат берді. Болашақ операға Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әуені» атты жинағын қолданыңдар. Бірақ бізге жақсы опера жазып беріңдер!»-деп әңгімесін бітіріп, ол телефонға жақындап, театор режисеры Жұмат Шаннинге қоңырау шалып, «Қыз Жібек» операсынның әнін Бурсуловский жазатынын жариялап, және оған үш күннен кейін орыс тіліндегі Либреттосын дайындап беруді сұрады.

Жүргеновке тез арада және міндетті түрде осы операны алу керек болды. Жаңа құрылған театорда жалғыз спектакль жүріп жатқан, кезі болды. Жаңа құрылған театорда Мұхтар Әуезовтің «Айман Шолпан» пьесасына жазылған И. В. Коцик пен С. И. Шабельскийдің музыкалық комедиясы. Ол табысы мол болғанымен, оған жұмыстың бәрін құру, әрине, мүмкін емес. Жаңа қойылымдар қажет болды, ұлы октябрдің жылдығына біреуі ғана болсада, бірақ құру тәжірибесі ешкімде болмағандықтан, Ахмет Жұбановтың сұрауымен Қазақстан астанасына Ленинград кансерваториясының жас жігерлі түлегінің келуі (атақты профессор Максимилан Штейнбергтің сыныбы) көмек ретінде көрінді.

Slide 16 Slide 17

С. Сейфуллин және Т. Жүргенов Москва декадасының күнделігінде марапатталғандар арасында, 1936ж. (фото Астанадағы С. Сейфуллин атындағы мұражайында сақталған) .

Slide 18

Москвадағы Қазақ әдебиетімен өнер декадасы, 1936ж.

Slide 19

“Социалистік Қазақстан” газеті Москвадағы Қазақ әдебиетімен өнері декадасын күнделігінде марапатталғандар суретімен 1936ж.

Slide 20

Дәмеш Ермекова - Жүргенова - Т. Жүргеновтің зайыбы.

Slide 21

Дәмеш Ермекова Жүргенова (ортада) Алма-Аты мемлекеттік медициналық институтының оқытушыларымен студенттері арасында.

Slide 22

АТСИ қыметкерлерімен студенттер қауымымен, институтқа Т. Жүргеновтің атын берген 1989 жылғы кездесу.

Slide 23

20 ғасырдың 20-30 жылдары ғасырлар бойы көшпенді өмірге бейімделген Қазақстан үшін дамудың жаңа жүйесін таңдап, оны қабылдау қоғам өмірі үшін де қиын болды. Бұл таңдау енді ғана аяғынан тік тұрып келе жатқан жас интеллегенцияның қызметін экономиканың, ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуына ықпал етті. Қазақ мәдениетін тамырландыру, келер ұрпаққа мәдени мұраларды сақтау, өзінің Отанын жаңа ел қатарына қосу сияқты ойлармен ынталандыру қасиеті, Т. Жургеновтің туған халқына деген сүйіспеншілігін артатын, шығармашылық күштері айналасына жиналды.

Қазақстанның тәуелсіздік міндеттерінде бұл ойлар жаңа импульс алып, іске асып, мемлекетті болашаққа апарды.

Slide 24

Социализмді жаратушы арасында көз жұмғандар қатарына, қолына қару алып революция жаулауынан қорғағандар - М. Масанчи Т. Алиева, Құрманғалиева, С. Жақұпова т. б. Тағдыр ОК БК(б) П-ның Қазақстанға көптеген жіберушілерін, партияның тәжірбиелі қайраткерлеін аямады:1905 жылдан бері партия өкілі кәсіпқой революционер В. Н. Андрониковті, 1917 жылдан бері партия окілі Л. И. Мирзоянды, 1919 жылының партия өкілі, азамат соғысына қатысқан К. Я. Рафальскийді, 1917 жылының партия өкілі В. Н. Ланарсенді және т. б.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ АКСР - інің одақтас республика болып құрылуы
Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде
Қазақ автономиясының кұрылуы
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер
Қазақ даласына жер аударылған ұлттар тарихы
Конституция тарихы
Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасының қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КІШІ ҚАЗАН
Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР - нің
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz