Сыртқы қарызды басқару әдістері



Мемлекеттік борыш
және оны басқару
Тексерген:Кожахметов З. К.
Дайындаған:Ахжан Айдана EA-21

Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы .
Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады.

Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
Ішкі мемлекеттік борыш -Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының қарыз беруші- резиденттердің алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.
Сыртқы мемлекеттік борыш- Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының қарыз беруші- бейрезиденттердің алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.

01
02
01
Ағымдағы борыш- бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиелерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.
Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелрінің бүкіл сомасын айтады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің және Ұлттық банктің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді.
Егер борышты кредиторлардың түрлері бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе
Дүниежүзілік банкке,
Халықаралық валюта қорына
Қазақстандық экспортты қаржыландыратын ұйымдарға қарыз.
Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе
Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық міндеттемелерді,
Ұлттық банктің ноттары
еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Орналастырылған еурооблигацияларды өтеу мемлекетік борышқа қызмет көрсетуге, жұмсалатын шығыстардың негізгі баптарының бірі болып отыр.

Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі Үкімет тұрғызатын өзгеше «қаржы пирамидасы» болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.
Мемлекеттік борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек;
Облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.

Сыртқы мемлекеттік борыш-шетелдік кредиторлар турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекетік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор елдерді экономикалық және саяси тәуелдікке ұрындыруы мүмкін.

Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады. Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді.
II. Мемлекеттік борышты басқару әдістері

Сыртқы қарыз мәселесі үнемі бақылап, реттеп отыруды талап етеді, себебі ол мемлекеттің болашақта дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Латын Америкасында жоғары инфляция мен өндірістің төмен деңгейімен сипатталған онжылдық өте терең құлдыраудың үлкен сомадағы сыртқы қарыздардан туындағанын ұмытпау керек. Мемлекеттік қарызды басқару негіздері жоғарыдан келетін бұйрықтыр мен арнайы тапсырулардан тұрады.
Сыртқы қарызды басқару әдістері:
Қайта қаржыландыру әдісі
Қарызды төлеуден бас тарту
Қарызды кешіру
Реструктуризация әдісі

Сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістері: 1) Реттеудің конверсионды әдісі; 2) Қарызды жеке инвестиция мен салымдар тарту арқылы толық өтеу; 3) Қарызды өтеу дамуды қаржыландыру үшін пайыздық төлемдерді пайдалану.
Сыртқы қарыздың конверсиясы ретінде сыртқы қарызды міндеттердің басқа тұрлерімен өтеуге болатын барлық механизмдерді түсініледі. Бұған инвестициядағы қарыз конверсиясы, тауарлы жеткізілімдермен өтеу, қарызды меншікке айырбастау, қарызды облигацияға айырбастау және т. б. кіреді. Сыртқы қарызды басқару кредиторлар (жеке және ресми) және қарыз алушылар түріне байланысты жүргізіледі.

Назарларыңызға
рахмет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz