ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Презентация қосу
АҚ «Астана Медицина университеті»
Кафедра: Еңбек гигиенасы және коммуналдық гигиенасы
СӨЖ
Тақырыбы:
ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Орындаған: Байтасова Ә.Қ 401 қдс
Тексерген: Сембиева Ф.
Астана қ. 2015 ж.
ЖОСПАР
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
1. Денсаулық деңгейлері, түрлері
2. Денсаулық көрсекіштері
3. Қазақтандағы қоғам денсаулығының көрсеткіші
• Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді
анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру
біршама қиындық туғызады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде
кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық
физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз.
Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да
толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында
биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің,
әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау
ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың
денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның
организмінің клиникалық,физиологиялық және биохимиялық
көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына,
сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына
байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық
кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар
өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы,
орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы
халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай
сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына,
еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық
сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына
тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ
халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп
ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән
берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені
саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-
мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және
философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Денсаулық деңгейлері
жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы
топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша
біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының
жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы
басқалар;
аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір
сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы
қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық
потенциал.
Қоғамдық денсаулық факторлардың кешенді әсеріне байланысты, бұл
факторларды бірнеше топқа біріктіруге болады:
1. саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы
саясат, денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау
саласындағы құқықтық актілер және т.б.);
2. әлеуметтік-экономикалық (тұрғындарға есептелетін ішкі жалпы өнім,
денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс
жағдайы, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты
және т.б.);
3. табиғи-климаттық, экологиялық (қоршаған орта жағдайы және
ластануы); биологиялық (жасы, жынысы, тұқым қуалаушылық, ұлты,
конституция, жүйке жүйесінің типі және т.б.)
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда
болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере
отырып, кешенді түрде анықтайды.
ФИЗИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК
САУЛЫҚ САУЛЫҚ
ПСИХИКАЛЫҚ
РУХАНИ САУЛЫҚ
САУЛЫҚ
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың
өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы
орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда
болуы.
Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу
«адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни
жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Қоғамдық денаулық көрсеткіші
Демографиялық Физикалық даму Аурушаңдық Мүгедектік
көрсеткіш көрсеткіші көрсеткіші көрсеткші
статистика антропскопия Алғашқы біріншілік
аурушаңдық
антропометрия жалпы
Динамика
физиометрия
Таралуы құрылымы
Физ.дамуды
Табиғи бағалау жиілігі
Физ.жағдайын
Патологиялық
бағалау
Механикалық зақымдану
Денсаулық тобын
анытау
• Аурушаңдық – халық арасында аурудың таралуы.
• Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа,
бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда
алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы.
• Жалпы аурулық– бұл биылғы жылы бірінші реет анықталған
аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың
салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық
аурулардың жиынтығы.
• Медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық
(патологиялық зақымдалу) дәрігерлік қарауда айқындалған
аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық
өзгерістердің жиынтығы.
Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – тұрғындардың пайызбен
көрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері
бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі – егде
адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ – 19%,
Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші
негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында – қатерлі жаңа пайда
болулар, үшінші орында – жарақаттанулар.
- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып
түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық
ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады
- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс
- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы
- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы
Физикалық даму- дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және
жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның
морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі. Дене
бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау
кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын
қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім
дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене
бітімдік даму соматоскопиясен, антропометриямен және физиометриямен
анықталады.
Қорытынды
Қоғам денсаулығының көрсеткішін Үкіметтің оған қатысты барлық жүйелері бірігіп,
тығыз байланыста жұмыс жасағанда ғана (қоршаған орта, әлеуметтік қорғау жүйесі,
дене шынықтыру, құқық қорғау органы және т.б.) жоғарылатуға болады. Ауруды алдын
алу ауруды емдегеннен әрқашан да тиімді және мемлекетке арзанға түседі.
Орынды жерде айтқан жөн, аурудың алдын алу тәжірибесі бұрынғы Кеңес Одағында
жүйелі дамыған еді. Сол прогрессивтік идеяны сақтап қалып, сонымен бірге алдыңғы
қатарлы мемлекеттердің тәжірибесін дамыта отырып, денсаулық сақтау жүйесіне
Қазақстан өз даму моделін ұсынбақ. Сол себепті Үкіметтің қоғам денсаулығы
көрсеткішіне қатысы бар барлық жүйенің жұмысын біріктіріп, бағдарлама дайындайтын
және оның жұмысын қадағалайтын қоғамдық денсаулық сақтау орталығы бар.
Әдебиеттер:
1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное
здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и
перспективы. –Алматы, 2013.– 100 с.
2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и
здравоохранение: Учебник. – М., 2012.– 416 с.
3. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и
здравоохранение. – С.-Петербург, 2013.– 914 с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz