Диффузды эндокринді жүйе
Презентация қосу
Астана медицина университеті
гистологии және цитология кафедрасы
Диффузды эндокринді жүйе
Орындаған: Утепбаева Н.А
Қабылдаған: Исаева З.К
Жоспары
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Диффузды эндокринді жүйе
2.2 Эндокринді жүйеге сипаттама
2.3 Эндокринді жүйелер жіктелісі
2.4 Ортаңғы мүшелер: Гипаталамус, Гипофиз, Эпифиз
2.5 Шеткі мүшелер:Қалқанша және бүйрек үсті бездері
2.6 Аралас бездер: - эндо-экзокринді кызмет аткаратын бездер: гонадалар
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Организм функциялары нерв және эндокринді жүйе арқылы реттеліп тұрады.
Эндокринді жүйе бұл реттеуші жүйенің эфференттік звеносы болып табылады
және ішкі ортаны қалыпты жағдайда сақтайды. Бұл қызмет эндокринді жүйенің
қанға бөлініп шығатын гормондары арқылы атқарылады. Бұл органдардың
белсенділігінің өзгеруі олардың құрылысы өзгеруімен жүреді, сонымен қатар
керісінше олардың құрылысының бұзылуы өндіретін гормондарының мөлшерін
өзгертеді. Осы тақырыптан алынған білім студенттер үшін гормоналды реттеу
бұзылуларын түсінуге қажет.
Эндокриндік жүйе
• Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде
гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық
заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына
арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған
заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге
және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді
• Эндокринді гормондар табиғаты негізінен
құрамындағы қосылыстарға байланысты:
• а) аминқышқылды (олигопептид, пептид,
белок, т.б.)
• б) гликопротеидті;
• в) стероидты (холестеринді туындылары
бар).
Гормондар
• Гормондар әсері, олармен әрекеттесуші рецепторлар табиғатына байланысты. Мысалы, нерв
және бұлшық ет тоқымаларында рецепторлармен әрекеттеуші адреналин гормоны эффекті
кейбір ағзаларда бұлшық ет қысқаруына, ал екіншілерінде бұлшық ет тоқымасының
босаңсуына соқтырады. Оның себебі, тері асты терминалды бөлігіндегі тегіс бұлшық ет
хұжайраларының – рецепторлары адреналинмен әрекеттеседі (адамдарда осы әсер арқылы
шошып кетіп бозару құбылысы өтеді). Өкпе бронхиолдары бұлшық етіндегі В –
рецепторлардың адреналинмен әрекеттесуі арқылы бұлшық ет тоқымасы босаңсиды. Сондай-
ақ адреналин табиғатына АМР – молекуласының қосылуы әсер етеді, соның үшін: гликогеннің
глюкозаға өзгеруіне себепші болады. (Старленді). Кейбір гормондар, белок синтезіндегі гендер
жүйесі активтілігіне де әсер етеді. Мысалы, қалқан безі гормондары (стероидты) липидтермен
әрекеттескенде ериді, полазматикалық мембранадан өтеді. Цитоплазмада гормон, арнаулы
белокты рецепторлармен байланысады, гормон-рецептор комплексі сатылы реакциялар
арқылы ядроға енеді. (А. Хэм, Д. Корман).
Эндокринді жүйе
жіктеледі
ІІ. Эндокринді
Эндокринді
жүйенің
жүйенің
перифириялық
орталық
ағзалары: Аралас бездер: ІV. Жалқы (жеке)
ағзалалары:
1 – қалқанша 1-ұйқы безі; орналасқан
1-Гипоталамус
безі; 2-жыныс бездері; эндокринді
(нейросекреторлық
2- қалқанша 3- плацента хұжайралар
ядро);
жаны безі;
2- Гипофиз;
3- бүйрек үсті
3 –Эпифиз.
безі:
ңз
то мнз
д
да
лл е
еа
рм
рж ыр
––қм уү
ыб
й
б
на
н
р
алеа
сі
двз
б
н
ыд рах
ог б
е
й
и
р
е
ог л
нз
еа
ді д
н
ке
ді ы
ст крт
о
ыт
п
жо
ік
п
те
лі
сі
Гипаталамус дамуы
• Дамуы. Ми негізінен (табаны) өсінді күйінде, гипофиздің арткы бөлімі дамиды, бездің қалған
бөліктері эпителиалды және нейралды бөлімдерден бастама алады. Бас миы дамуының
түтікше күйінде (эмбрионда) эктодермалды эпителийдің ауыз қуысымен жалғасатын жеріндегі
бөртуден Ратка (гипофизарлық) калтасы құралады, одан соң эпителиалды қалташаға өзгереді
(адиногипофизге - бастама құрайды). Бұл қалташаның бас миы бастаманың аралык
көпіршігімен жанасуынан 3 ші қарынша түтігі құралады
Гипаталамус құрылысы
• Гипофизарлық қалтаның алдыңғы қабырғасы кеңейіп, гипофиздің алдыңғы бөлігін құрайды, артқы
кабырғасы аралық бөлігін құрайды. Алдыңғы және аралық бөлік ортасында жіңішке гипофизарлық
қуыстық (қалта қалдығы) қалады. Адам эмбрионында алдыңғы және аралық бөлік қосылып кетеді
(куыс жоқ). Түтікшенің (воронка) дисталды ұшының нейроглийлері — гипофиздің артқы бөлігін
(нейрогипофизді) құрайды. Түтікшенің проксималды бөлігі жіңішкеріп, гипофизді гипоталамуспен
жалғаушы гипофизарлык аяқшалар құрайды.
Гипофиздің ішкі құрылысы және орналасуы
Эпифиз
• Дамуы. Адам эмбронында 5-6-шы аптада түтікшелі кезең аралық ми бөртуінен эпифиз
қалыптасады. Хайуанаттарда домалақ ауыздылар, парапинеалды бөртпелер
(эпителиалды нервті құрылыс) және жұнсыз маңдай симпатикалық нервтер арқылы
сәуле тітіркенгіштігі эпифизге келеді. Эпифиз қабырғасы эпиндимдерінің бөртуінен
қосымша субкомиссуралды ағза құралады (эпифиз құрамында болады).
Құрылысы.
• Эпифиздің сыртқы жағын дәнекер тоқымалы капсула қоршаған, олардан без
паренхимасына дәнекер тоқымалы тосқауылдар өтеді (құрамында қан тамырлары бар).
Эпифизде 2 түрлі хұжайлар; пинелоциттер (паренхималы) және глиал хұжайлар бар.
Қалқанды бездер.
• Дамуы. Адам эмбрионында 3-4-ші аптада түтікшелі кезеңде жабралы
қалтаның 1-ші және 2-ші жұбы аралығында өңеш қабырғасының бөртуінен
қалқанды без бастамасы құралады. Бұл бастама (бөртпе-бүршік)
эпителиалдық тұтам күйінде өңеш ішегін бойлай өседі (ұлғаяды), жабралық
қаттаның III-IV-жұбында эпителиалды тұтам ұлғайып қалқанды бездің оң
және сол бөліктерінің қалыптасуына бастама болады.
• Алғашқы эпителиалды тұтам шығарушы түтікке сәйкес келуші құрылым
жойылып (атрофиялану) қалқанды бездің екі бөлігін жалғастырушы жіпше
ретінде, сондай-ақ тіл түбірінде шұқыр күйіндегі проксималды бөлім болып
сақталып қалады. Басқа сүт қоректілерде эпителиалды тұтамның дисталды
ұшы да атрофиланады, сол үшін қалқанды бездің екі бөлігі тұтаспайды
(жалғану байланысуы жоқ) бөлек-бөлек күйінде сақталады. Бөліктер
бастамасы ұлғайып эпителиалды трабекуланың тармақталған сирек торын
құрайды, олардың фолликулы дамиды, аралықтарына қан тамыры мен
нервтері бар мезенхима орналасады (дамып өнеді). Сондай-ақ адам және
сүт қоректілерде нейропастаттарданбастама алушы нейроэндрокринді
нарафоллнулярлық хұжайралары болады.
Айырша без - тимус көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде, жүрек
ұясының (ортаңғы қабырғаның) үстіңгі жағында орналасқан. Астыңғы жағы жүрек қабы -
перикардпен, артқы жағы ірі-ірі қан тамырлармен шектескен. Айырша безін көзбен көріп,
қолмен ұстау қиын, сондықтан ол ойдағыдай зерттелмеген. Без екі - қабық және ми
қабаттардан тұрады. Онда екі түрлі жасуша бар - лимфоид жасуша (ұсақ микроциттер)
негізінен қабық қабатта, торлы жасуша астыңғы қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға
айналады, торда лимфоциттер орналасады.
Ұйқы безі-Қарынасты (ұйқы) безі аралас сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөлініс
қызмет атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру қызметі жатады. Ішкі
сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің
негізінен "үш" жағында және аздап басқа бөлімдерінде орналасқан ерекше тін. Аралшық
жасушалардың өзектері болмайды. Ең алғаш аралшықты морфологиялық жеке құрылым
ретінде 1863 ж. Лангерганс ашты. Лангерганс аралшықтарында 2 түрлі жасушалар бар және
(түйірлі жасуша). Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%. Аралшық тіндерінің салмағы аз
болғанымен организмнің тірлігіне өте қажетті. Оның гипоқызметі қантты диабет ауруын
тудырады. "Диабет" деген сөз грекше "тесіп өтемін" деген мағынада. Осы сөз бұл аурудың
дәл негізін көрсетеді. Шынында, қант жасушалық тіндік кедергінің бәрінен өтіп көп мөлшерде
сыртқа шығады
Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 г.
Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5,
милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.
Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі.
Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.
Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone - пайда болу, aden - без) аралас сөлініс
бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі - жыныс жасушаларын
(гаметоцитгерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында
сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп
жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі - көбею немесе
репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет
атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап,
ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс
гормондарын шығарады
Қорытынды
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде
XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің
негізін А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып
тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан
денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
1.”Цитология,эмбриология және гистология” Ж.О.Аяпова Алматы 2009
2.”Гистология” Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрин Москва-2001,379-409 беттер,410-424 беттер
3.”Эмбриология негіздері” Т.Ж.Үмбетов Т.Ж.Бримов
4. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,II том 20042. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II
том. Алматы: «Кітап», 2006.
5. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана:
«Фолиант», 2005.
6.Гистология Цитология и Эмбриология : атлас О.В.Волковой, Т.К.Дубовая и др-М.,Медицина,
1983г
7.Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии, эмбриологии
Ю.И.Афанасьева,А.Н.Яцковского.-М.,Медицина,1999.
8.МомыновТ.,Рақышев А.,Медицинский словарь-Медициналық сөздік.Алматы:Атамұра,1999.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz