Ұйқы артериясында


Slide 1

Науқастың функционалдық жағдайын бағалау

Slide 2

Қызба -Бұл дене температурасының 37 град-тан жоғары болуы. Теріні сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауабы ретінде дамитын ағзаның белсенді, қорғану-бейімделу реакциясы оларға көбінесе пирогендік заттар жатады. Олар микробтар, сарысулар, вакциналар, Жарақаттанудан ішкі қансырауларда, некрозда, пайда болады ағза ұлпаларының ыдырау өнімдері

Қызба

Slide 3

Температура жоғарлау дәрежесіне қарай:

Ø Гипотермия -36 °С төмен

Ø Қалыпты - 36, 0 - 36, 9°С

Ø Субфебрилді -37, 1 -ден 37, 9°С-ға дейін

Ø Фебрилді - 38, 0-ден 39, 0°С-ға дейін

Ø Пиретикалық (жоғары) - 39, 1-ден 40, 9°С-ға дейін

Ø Гиперпиретикалық (өте жоғары) -41°С-ден жоғары

Slide 4

Термометр

Термометр (гр. θέρμη - жылу; Үлгі:Lang-el2 - өлшеймін) - дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Галилео Галилейді атайды. Оның өз қолымен жазған еңбектерінде термометрдің нақты сипаттамасы жоқ, бірақ оның шәкірттері Нелли мен Вивиани Галилейдің 1597жылы термоброскопқа ұқсас бір нәрсе жасап шығарғанын байқаған. Галилей бұл кездері өзі жасап шығарған аспапқа ұқсайтын құралдың сипаттамасы кездесетін Герон Александрийскидің еңбектерін зерттеп жүрген еді, бірақ ол денелердің температурасын өлшеу үшін емес, судың температурасын жылыту арқылы көтеру үшін арналған еді. Термоскоптың құрылысы трубкаға жабыстырылған шыныдан жасалған шариктен тұрды. Шарикті аздап қыздырып, трубканың соңын су құйылған ыдысқа сүңгітеді. Аздаған уақыттан кейін шариктің ішіндегі ауа салқындайды, оның қысымы төмендеп, су атмосфералық қысымның нәтижесінде трубка бойымен жоғары көтеріледі. Одан кейін біраз уақыт өткен соң, шариктің ішіндегі ауаның температурасы төмендеп, судың деңгейі түсе бастайды. Термоскоптың көмегімен тек дененің жылу деңгейін ғана білуге болатын еді, температураның сандық мәнін білу мүмкін емес еді, өйткені шкала жоқ еді. Оған қоса, судың деңгейі тек дененің температурасынан ғана емес, атмосфералық қысымға да байланысты еді.

Slide 5

Термометр түрлері:

1. Механикалық термометрлер

2. Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлер

3. Электрлі термометрлер

4. Инфрақызыл термометрлар

5. Термосызықты

Slide 6

Қызба кезеңінің сипаттамасы

I кезең: температураның көтерілуі.

Науқас шағымдары: бас ауру, сүйек

сырқырауы, әлсіздік, қалтырау.

Тері жамылғылары: "Құс терісі" түрінде.

Естің жағдайы: өзгермеген.

Жылу жасау және жылу бөлу қатынасы.

Жылу жасау, жылу бөлуден

басым болады.

Науқасты күту алгоритмі:

а) емделушіні жылыту;

ә) жылы көрпемен жабу;

б) аяғына жылытқыш қою;

в) ыстық, тәтті шай беру

Slide 7

II кезең: температураның тұрақты болуы .

Науқастың шағымдары: бас ауруы, сүйек сырқырауы, сусау, ауыз қүрғауы.

Тері жамылғылары: беті қызарады, тері ыстық, ауыз қуысының кілегей қабаты құрғайды, еріні қызарады.

Ес жағдайы: елес, сандырақ пайда болуы мүмкін.

Жылу жасау жөне жылу бөлу қатынасы: тепе-теңдік қалыпта болады.

Науқасты күту алгоритмі:

маңдайына компресс немесе мүзды мұйык; қою;

теріні сірке қосылған суық сумен сүрту;

суық сумен ылғалдалған жамылғышпен орау;

дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу;

ауыз куысының кілегей қабатын жуу;

ерінді вазелинмен майлау;

Slide 8

III кезең: температураның төмендеуі-дағдарыс .

Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу.

Тері жамылғылары: терісі бозғылт, суық, жабысқақ термен қапталган.

Естің жағдайы: мелшиген, кейде есінен танады.

Жылу жасау мен жылу берудің қатынасы.

Науқасты күту алгоритмі:

төсектің аяқ жағын жоғарылатып, жастықты алып тастау;

дәрігерді шақыру;

кофе немесе ыстық шай беру;

науқасты қымтап жабу;

10% сульфат және 10% кофеин-натрийі бензоат ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау;

Slide 9

Дене температурасын өлшейтін тұстар

Қолтық асты аймағы

36-37°С

Құлақ ішіне

Ауыз қуысы 0, 5-0, 8°С

Slide 10

Артериялық пульс(РС)

Бұл артериялды жүйеге қанның айдалуы нәтижесінде артерия қабырғаларының ырғақты қозғалуы .

Slide 11

Диагностика мақсатымен пульсті басқа да қан тамырларынан анықтауға болады.

Ұйқы артериясында. Артерияны қатты қыспай екі жақтан кезекпен пульсті тексеру керек.

Сан артериясында пульсті созылған сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексереді.

Тізе асты артериясында. Пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі.

Асықты жіліктің сыртқы артериясында пульсті ішкі тобықты қысып отыра тексереді.

Табан сыртының артериясында пульсті бірінші кеңістік аралық проксималды табанының сыртқы беткейінде тексереді.

Slide 12 Slide 13

Білек артериясынан пульсті анықтау үшін іс-әрекеттер алгоритмі:

Білезік буыны тұсынан оң жақ саусақтарыңызбен ұстаңыз

Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз

2-4 саусақтармен ырғақты соғатын сәулелі артерияны сипап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз.

Пульс толқындарының сипатамасын 1 минут ішінде анықтаныз

Оң және сол жақ; білек артериясында пульсті бір уақытта, оларды салыстыра отырып анықтау керек. Қалыпты жағдайда олар біркелкі болуға тиіс.

Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады . Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен П(пульс ) деп белгілейді. Пульс бағасында минутына 60-72 рет жиілікпен соғады.

Slide 14

Қан қысымы

Қан қысымы-бұл артерия

қабырғаларына қанның

қысымы:Ол:

Жүректің айдау көлеміне

Артерия қабырғасының тонусына тәуелді

Систолалық қысым 100-140 мл

Диастолалық қысым 60-90 мл

Қан қысымын өлшеу құралы:

сфигмоманометр (тонометр)

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Тыныс алу қимылын есептеу

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ АЛГОРИТІМІ:

1. Науқасқа емшараны барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминация жасаңыз.

3. Науқасты ыңғайлы қалыпта (жатқан) , кеудесі мен іші көрінетіндей жағдайда орналастырыңыз.

4. Науқастың қолын білек артериясынан пульс анықтайтындай етіп ұстаңыз (науқас назарын басқаға аудару үшін) .

5. Екінші қолыңызды кеуде торына (кеудемен тыныс алу) немесе эпигастрий тұсына (ішпен тыныс алу) қойыңыз.

6. Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын есептеңіз.


Ұқсас жұмыстар
Клиникалық өлім
Науқастың функционалдық жағдайын бағалау
Өлім,өлімнен кейінгі өзгерістер
Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек
Қан кетуді анықтау
Қан кетудің түрлері
Артериялық қан кету белгілері
Алғашқы көмек көрсету
Улану түрлері
Жедел коронарлық синдром
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz