Лазердің медицинада қолданылуы: физиологиялық әсері, терапиялық мүмкіндіктері және клиникалық қауіптері


Slide 1

Лазер және оны медицинада қолдану

Slide 2

Лазер

Лазер атомдар мен молекулалардың еріксіз сәуле шығаруына негізделген ЭМ электромагниттік сәуле.

Ол ағылшынның «Жарықты еріксіз сәуле шығару арқылы көрсету» деген сөздердің басқа әріптерінен құралған.

Лазерді - (ОКГ) - оптикалық кванттық генератор деп те атайды.

Лазердің негізі - еріксіз шығару процесі

Slide 3

Лазерлі құрылғыларға тән

Лазерлі құрылғылар:

күшті жарық көзі,

оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелелі,

ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен ерекшеленеді,

когерентті,

күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі.

Slide 4

АДАМ АҒЗАСЫНА ЛАЗЕРЛІ СӘУЛЕНІҢ ӘСЕРІ

Slide 5

ЛАЗЕР СӘУЛЕСІМЕН ЕМДЕУ

Қазіргі таңда инфрақызыл және оптикалық сәуле -бұл емдеу мақсатында лазер көмегімен және оптикалық квант генераторы арқылы қолданылады.

Физиологиялық және емдік механизмдегі лазер сәулесі теріге сіңіп және беткей жатқан тіндерге әсер етеді.

Slide 6

ЛАЗЕР СӘУЛЕСІМЕН ЕМДЕУ

Лазерлік сәулемен емдеу жараны тез жазады.

Жарада жоғары алмасу процесі күшейіп, клетка құрамындағы эритроцит пен полинуклеорлар өзгереді, цитоплазма клеткасындағы РНК және гликоген өзгерісі байқалады, АТФ деңгейі және тотығу-тотықсыздану ферменті көбейеді, сонымен қатар митохондрияның тыныс алу активтілігі артады.

Гелий-неонды лазері жараға инфекция түсірмеу үшін бактериоциттік әсер көрсетеді.

Сүйек сынғанда қайта қалпына келтіру және шеміршек клеткасын қалыптастыру үшін маңызы зор.

Төмен қуатты лазер сәулесі жүйке жүйесіне және регенерация процесіне себепші болады, әлсіздік, қызбаның көтерілуі және қабынуға қарсы әсер етеді.

Slide 7

ЛАЗЕР СӘУЛЕСІМЕН ЕМДЕУ

Қазіргі кезде лазер сәулесін кіші күштілікте қолдануға көрсетпелер мен қарсы көрсетпелер анықталмаған.

Кіші күштілікті лазер сәулесін омыртқа ауруларының дегенеративті-дистрофиялық өзгерісін, ревматроитты артрит, полиневрит, бронхиалды астма, ұзақ жазылмайтын жараларды емдеуде, нейродерматит, экзема, коллоидты тыртық, стоматит, парадонтоздарды да емдеу тиімді көрсеткіш әкеледі.

Сәулемен емдеу әдісі асқазан жарасына қолданылған.

Теріде пайда болатын қатерлі ісікті алдын алу лазерлік сәулемен емдеу де іске асып жатыр.

Slide 8

Гелий-неонды лазермен емдеу әдісі жатыр мойнының эрозиясында, қабынудың алдын алуда, жыныс ағзаларында және аналық бездің функциясының бұзылуында да қолданылады.

Жалпы көрсеткіште кіші интенсивті лазер сәулесі қан ауруларының түрлерінде, жүрек тамыр жүйесінде, жұқпалы ауруларда және басқа да қатерлі ауруларды емдеуде жиі қолданылады.

Slide 9

Клиникасы

Көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді.

Лазерлі сәулелермен шыны дененің күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы қабаттың күйігі меланоманы тудырады.

Көздің тура немесе айналы көріністегі сәулелермен сәулелену кезіндегі зақымданулар ауыспалы қызметтерінің бұзылыстарымен сипатталуы мүмкін: қараңғылық адаптациясының бұзылулары, мүйізді қабаттың сезімталдығының өзгерістері, ауыспалы соқырлық және т. б.


Ұқсас жұмыстар
Медицинада ақпараттық технологиялардың дамуы мен клиникалық қолданылуы
Медицинада ультрадыбыстық зерттеулер: принциптері мен клиникалық қолданылуы
Медицинада ақпараттық технологиялардың қолданылуы
Электрөткізгіштік пен оның медицинада өлшеу және қолданылуы
Медицинада қолданылатын салицил және пара-аминобензой қышқылдарының химиялық қасиеттері мен клиникалық қолданылуы
Полиэтиленнің медицинада қолданылуы және өндіріс ерекшеліктері
Полимерлену реакциясы, оның маңызы және медицинада қолданылуы
Медицинада радионуклидтердің қолданылуы: диагностика, емдеу, өндіру және қауіпсіздік
Физиологиялық белсенді полимерлер: анықтамасы, жіктелуі, биологиялық қасиеттері және қолданылуы
Медицинада жалпы патологияның рөлі: патологиялық анатомия мен патофизиологияның клиникалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz