Вирустардың құрылымының ерекшеліктері



Вирустардың құрылымының ерекшеліктері
Орындаған: Өркен Айсулу БГ-31

Жоспар:
Вирустар морфологиясы
Қарапайым және күрделі вирустар
Вирион құрылмының компоненттері
Вирустың көбеюі

Вирустың морфологиясы
Вирустар дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрамына сәйкес әр түрлі болады. Могрһе - грек тілінен алынған пішін, бейне, түрі деген сөз. Вирустардың мынандай түрлері бар:
Икосаэдралық (икосаэдр - 20 қырлы көпбұрыш), немесе куб сиякты. Мал мен адамның жұқпалы ауруын тарататын вирустардың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады (олар-реовирустар, пикорнавирустар, аденовирустар т. б. ) .
Вирустардың таяқша немесе цилиндр тәрізді түрлері (оларға рабдовирустар, өсімдік вирустары жатады) .
Сферикалық немесе дөңгелек шар тәрізді түрлері (оларға парамиксовирустар, ортомиксовирустар, ретро вирустар т. б. жатады) .
Сперматозойдқа ұқсас түрлері - олар бактериофагтар (бактериялардың вирустары) .
Жіп тәрізді оралған түрлері кейбір бактериофагтарда кездеседі.
Сопақша түрлері кейбір өсімдіктер вирустарында кездеседі.

ВИРУСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ВИРУСТАР МОРФОЛОГИЯСЫ
Спираль типті вирус - тұмау вирусы.
Герпес
Аденовирус
Полиомиелит

Вирустық құрылысы
Ақуыз жамылғысы - капсид
ДНҚ немесе РНҚ - геном
Геном ішкі ақуыздармен байланысты (капсид) вирионның жүрекшесін құрайды - нуклеокапсид
Фосфолипротеинді жамылғысы (тек күрделі вирустарда) - суперкапсид
Гликопротеинді молекулалар - рецепторлар.


Вирустардың мөлшері де әр түрлі болады. Соған байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Өте ұсақ вирустар: олардың мөлшері 20-50 нм (парвовирустар, пикорнавирустар) .
Үлкендігі орташа вирустар: мөлшері 50-150 нм (тогавирустар, ортомиксовирустар, ретровирустар, аденовирустар) .
Ірі вирустар: олардың мөлшері майда бактерияларға жетіп калады (поксвирустар) .
Жануарлар вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай қарапайым (қабыбықшасыз) немесе күрделі (қабықшалы) болып екіге бөлінеді
Жай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылы мен ақуыз ғана болады, ал күрделі вирустардың қосымша қабықшалары бар. Қабықшаның құрамында көмірсулар, липидтер, ақуыздар болады. Вирустардың қандай түрі болмасын (жай немесе күрделі), олардың генетикалық материалы вирустың тек ортасында ғана болады, ол жерді «нуклеоид» деп атайды. Жоғарыда айтылғандай вирустардың торшалардан ерекшелігі - вирустарда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана болады: РНҚ немесе ДНҚ. Нуклеин қышқылы сыртынан қабықпен қоршалған, ол қабат «капсид» (латын тілі-нің capsa - қап, тыс деген сөзінен алынған) деп аталады Капсид ақуыздан тұрады. Нуклеин қышқылын сол тысқы қабатымен қосылып «нуклеокапсид» деп атайды. Жай вирустарда «нуклеокапсид» «вирион» деген ұғыммен бірдей. Капсидтің өзі капсомерден тұрады. Капсомердін вирустар құрамындағы саны мен орналасу ерекшеліктері әр түрлі.


Вирустың толық құралған бір бөлшегі вирион деп аталады. Вирионның құрылымдық компоненттері:
капсомер - ақуыздың бөлшек бірлігі;
капсид - капсомерлерден құралған жабын;
нуклеокапсид - нуклеин қышқылы мен капсид ақуызының комплексі;
вирион - вирустың бүтін бөлшектері;

Вирион құрылысы.
Вирион құрылысы. Вирионның тура ортасында нуклеин қышқылы болады, ол капсидпеи (гректің «капса» сөзінен аударғанда - жәшік дегенді білдіреді) қоршалған. Капсид - ақуызды бөліктерден тұрады, оларды капсомерлер деп атайды. Ересек вирустар химиялық құрылысы жағынан нуклеокапсид болып саналады. Капсомерлердің саны, орналасуы вирустың түріне байланысты және қатаң тұрақты болады.
Мысалы, полиомиелит вирусы 32 капсомерден, ал аденовирус - 252 капсомерден тұрады. Вирустың құрамындағы нуклеин қышқылы тұқым қуалаушылық қасиетті тасымалдаушы қызметін, ал капсид пен сыртқы қабықша қорғау қызметін атқарады, яғни нуклеин қышқылын қорғайды, сонымен қатар олар вирустың жасушаға енуіне көмектеседі.


Вирустық химиялық құрамы
Геном РНҚ (1-4%) немесе ДНҚ (4-40 %) - генетикалық ақпаратты тасушы
Ақуыз (50-90 %) құрылымдық және құрылымдық емес.
Липидтер (4-42 %) - вирустың құрылысын нығайтушы.
Көмірсулар (3-10 %) - пішінін сақтайды, протеазадан қорғайды.

Геном
ДНҚ
Бір тізбекті
РНҚ
Қос тізбекті
Бір тізбекті позитивті
Бір тізбекті негативті
Қос тізбекті негативті
Қос тізбекті позитвті


Құрылымдық, вирус бөлшектерінің құрамына кірушілер;
Құрылмдық емес, вирустардың репродукциясына қажетті.
Вирустар құрылымдық белоктардың саны бойынша ерекшелнеді: қарапайым вирустарда белоктың саны 4тен аспайды, ал күрделі вирустарда 30-дан астам болады.
Құрылымдық вирустар капсидьі және суперкапсидьі деп бөлінеді.
Капсидті белоктар вирустардың негізгі негізгі қабықшасының капсидтік құрамында болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Микробиология және вирусология - Ә. Т. Қанаев, М. Х. Шығаева
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz