ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ


Slide 1

Вирусқа қарсы иммунитет

Орындаған: Өркен Айсулу БГ-31

Slide 2

Жоспар

Вирусқа қарсы иммунитет факторларының классификациясы.

Спецификалық емес факторлар: негізгі түрлері және вирусқа қарсы иммунитетінде олардың маңызы.

Спецификалық факторлар: клеткалы және гуморальды вирусқа қарсы иммунитеті, олардың әрекеттесуы

Slide 3

Вирус0а 0арсы иммунитет

Адам және мал организмінде түрлі вирустар кездеседі. Соған орай организмде сол вирустарға қарсы арнайы қорғаныс механизмдері пайда болады. Вирусқа қарсы иммунитеттің негізгі қызметі - организмге енген вирустарды тауып алу және организмді сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымданған жасушалардан тазарту. Осы қорғану қызметі организмнің иммунологиялық жүйесінің және иммунитетке жауапты жасушаларының арқасында іске асады. Вирусқа қарсы иммунитеттің бактерияға қарсы иммунитеттен ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктері вирустардың табиғатына байланысты. Себебі вирустар тек тірі жасуша ішінде ғана тіршілік ететін бөлшектер. Вирустар қоздыратын аурулар өте күрделі. Бұлар бүкіл организмді түгел қамтитын процесс болып саналады және өзіне тән зардабы, өту жолдары, айығу мүмкіндіктері бар. Осыған сәйкес вирусқа қарсы иммунитет те өзара байланысқан біртұтас процесс болып есептеледі. Вирустық инфекцияларға қарсы қорғаныс механизмдері белгілі бір заңдылыққа бағынады да, ол механизмдер организмде болатын өзгерістерді ұлғайтпай, вирустарды жоюға, олардың биологиялық қасиеттерін жойып, организмнің ішкі ортасының тепе-теңдігін сақтауға арналады.

Slide 4

Вирустық инфекциялардағы иммунитет вирустардың жасуша ішінде және жасушадан тыс түрінде өмір сүруіне негізделген. Вирустарға қарсы иммунитетті қамтамасыз ететін факторлар қатарына спецификалық антиденелер, Т-киллерлер, табиғи киллерлер, интерферон және де қансарысуының вирусты ингибициялайтын қабілеті жатады. Вирустарға қарсы спецификалық антиденелер вирустардың жасушадан тыс түрлерімен ғана байланыса алады, ал жасуша ішіндегі түріне әсер етпейді. Антиденелер вирус бөлшектерін бейтараптап олардың нысана-жасушаларға адсорбциялануына, инфекциялық процестің онан әрі жайылып дамуына кедергі болады. Құрылған иммунды комплекс фагоцитоз арқылы ағзадан тысқа шығарылады.

Интерферонның вирусқа қарсы қуатты әсері бар. Интерферон жасушаның ішіндегі вирусқа тікелей әсер етпей, ол жасушаның мембранасындағы рецепторлармен байланысып, жасушада өтетін биосинтетикалық процестерді тежейтін ферменттік жүйенің жұмысын үдетеді. Қансарысуындағы ингибиторлар вирустың бөлшектерімен байланысып, оларды бейтараптап нысана-жасуша мемебранасына адсорбциялануына кедергі жасайды. Вирусқа қарсы иммунитеттің қуат дәрежесін серологиялық реакциялармен анықтайды. Кейде қан сарысуындағы интерферонның концентрациясын анықтауға болады.

Slide 5 Slide 6

Спецификалық емес факторларға:

* терінің, шырышты қабықтардың т. Б тіндердің тосқауылдық және бактерияларды жоятын қызметтері;

* нейтрофилдер мен макрофагтардың микробтарды жеп қоюы/фагоцитозы/

Slide 7

Биологиялық сұйықтардың бактерияларды жоятын немесе олардың өсіп-өнуін тоқтататын факторлар/

лизоцим, пропердин, лактоферин, лизиндер, интерферондар, комплемент құрамбөлшектері т. Б/;

* рефлекстік қорғаныстық серпілістер/түшкіру, құсу, жөтелу, шырыш шығару/ жатады.

Slide 8

Спецификалық қорғаныстық факторлар:

қабыну үрдістер кездеріндегі ең нәтижелі қорғаныстық фактор болып иммундық серпілістер есептеледі.

Микроорганизмдердің құрамында көптеген антигендік анықтағыштар/этитоптар/болады.

Иммундық жүйе соларды бөтен текті зат ретінде таниды да, иммунитеттің сұйықтық және жасушалық тетіктерін дамытады.

Slide 9

Вирусқа қарсы иммунитет

Содан әр микробтың жеке түріне ғана қарсы арнайыланған төтемелілік байқалады. Бұл кезде организмге жаңадан енген микробқа қарсы арнайыланған антиденелер өндіріледі, ал бұрынғы кездескен микробтарға бұрын дамыған иммунитетті жаңғыртып, қарсы тұрады.

Иммундық жауаптың түрі микробтың организмге ену жолына және оның түріне, ерекшелігіне байланысты болады. Вирустар. Вирустардың организмге ену қақпаларында, қанға түсуінде, нысана жасушаларға жабысуында және жасушаларға енуінде оларға қарсы иммундық жауап төрт түрлі болады.

Slide 10

Вирусқа қарсы иммунитет

Ену жолдарында/шырышты қабықтар мен теріде/ олар сөлденістік а-иммундық глобулиндермен және интерферондармен шабуылданады. Вирус қанға түскенде қандағы иммундық глобулиндердің әсеріне ұшырайды. Бұл кезеңде ғана нәтижелі болады. Бірақ оның организм үшін жағымсыз жақтары да болуы ықтимал. Өйткені ол:

-антиденелермен байланысуынан организмнің қорғаныстық күштеріне вирустың төзімді құрамбөлшектері пайда болуына әкеледі; - вирус антиденелермен бйланысуынан иммундық кешендік аурулар дамуын арттырады; - тін жасушаларына бүліндіргіш ықпал ететін цитокиндердің өндірілуін тым арттырып жібереді.

Slide 11

Вирусқа қарсы иммунитет

вирус өзіне сезімтал жасушалармен жабысады және олардың сыртқы беттерінде өсіп-өнеді. Жасушалардың сырттарындағы вирустарды байланыстыратын арнайы рецепторлар қалыпты жағдайларда әртүрлі міндеттер атқаратын рецепторлар болулары мүмкін. Олар гормондардың немесе басқа дабылдық молекулалардың әсерлерін қабылдайтын рецепторлар болуы ықтимал.

вирус жасушаға енеді. Вирус енген нысана ағзаның жасушалары вирустық антигенді өршітеді және вирустың әсерінен бұл жасушаларда жаңа антигендер түзіледі.

Slide 12

Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары

Slide 13

Гуморальдік факторларына - ингибиторлар жатады, оның ішінде:

α-ингибиторлар - біркелкі тұрақты мукопротеидтер, вирустардың қан түйіршектерін біріктіретін қасиетін жояды;

β-ингибиторлар - температураға шыдамайтын липопротеидтер, көп вирустарды жоятын қасиеті бар (тұмау вирусын, арбовирустарды) ;

γ- жоғары температураға шыдайтын гликопротеидтер, 100º С сақталады. Тұмау вирусынан сақтандырады.

Slide 14

Комплемент - антиген-антидене комплексі иммуноглобулиннің Fc-фрагментімен комплементтің белгілі компоненттеріне косылып комплекс құрады. Ол комплекс фагоцитоз, иммунологиялық жабысу процестерін күшейтеді. Комплемент антиденелермен бірігіп кейбір вирустарды, вирус енген жасушаны ерітеді.

Пропердин - комплементтің қызметін фагоцитозды күшейтеді, жасушаны ерітеді.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
:1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық факторлары(температура,гормондар,ингибиторлар,интерферондар)
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекц ия түрлері және оларға сипаттама.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы
Індетті аурулардың иммунды ферменттеу анализі
Оргагизмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары 2.Кан топтарының түрлері және оның сипаттамасы
Қанның иммундық функциялары
Вирустардың нуклеин қышқылы
Парамиксовирустардың әсерінен туындайтын аурулардың диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz