Спецификалық қорғаныс механизмдер



Вирустық инфекциялардың спецификалық және спецификалық емес профилактикасы
Орындаған: Өркен Айсулу БГ-31

Жоспар:
Спецификалық емес қорғаныс механизмдер.
Спецификалық қорғаныс механизмдер

Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары
Тері және кілегейлі қабықшаның механикалық тосқауыл функциясы, қанның әртүрлі бактерицидті заттары, қалыпты микрофлораның колонизациялық резистенттілігі, фагоциттер және комплемент жүйесі организмде қоздырғыштың болу болмауына тәуелсіз болады және өзара байланысып организмді инфекциядан сақтайтын спецификалық қорғаныс қызметін атқарады.
Бұл қорғаныш күштер организмге әртүрлі жолдар арқылы енген заттарды және инфекция қоздырғыштарын генетикалық бөтендігі бар материал ретінде танымайды. Бірақ көп жағдайда жүре пайда болатын иммунитетпен салыстырғанда нәтижелі әсер етіп, элиминацияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, инфекционды процесс генезіндегі спецификалық резистенттілік факторлары және инфекцияға қарсы қорғаныстың иммунды механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты.

Тері_жабыны - инфекцияның ену жолдарының сирек түрі болып саналады. Мүйізді қабатының айтарлықтай тығыздығы, эпидермальді қабаттың әркезде жиырылуы, рН мәнін төмендететін сүт, май қышқылдарын тері және май бездері көп болуы, терінің қалыпты мик-рофлорасы антогонистік қасиеті арқылы жұқпалы ауру қоздырғыштарының адгезиямен колонизациясына қолайсыз жағдай тудырады. Дегенмен оба таяқшасы, лептоспира, түйнеме бацилласы сияқты микроорганизмдер тері жабынына тез енеді. Қоздырғыштар организмнің бүтіндігі бүзылғанда, бактерицидті белсінділік төмендегенде организмге енеді.
Инфекциялық бастаманың ену жолдарының негізгілеріне - асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабықшасы, жоғарғы тыныс aлy жолдарының және сыртқы несеп-жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықшасы жатады. Статистика барлық инфекциялық патологияның арасында ішек және респираторлы инфекцияның доминантты ролін анық көрсетеді.

Қалыпты микрофлора.
Организмнің инфекциядан қорғануында ерекше орынды ашық қуыстардың кілегейлі жабынын мекендейтін қалыпты микрофлора алады. Негізінен олар ішекте, сыртқы жыныс мүшелерінде, жоғарғы тыныс алу жолдарында микробиоценоз түзеді.
Қалыпты микрофлоранын тұрақты немесе облигатты түрлері биотопта көп жағдайда анаэробтармен берілген (бактероид, фузобактерия, бифидобактерия, лактобацилла және т. б. ) . Олар адгезияға және кілегейдің патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен колонизациясына кедергі жасайды.
Облигатты микроорганизмдердің мұндай қасиеті колонизациялық резистенттілік деп аталады және рН ортасын 5-6 дейін төмендететін, бактериоцин, лизоцим, органикалық қышқылдардың шығарылуымен, қоректік субстраттарға бәсекелестігімен сипатталады. Одан басқа облитты микрофлора транзиторлы микроорганизмдердің адгезиясын тоқтататын кілегейдің беткейінде тығыз биопленка түзеді.

Дизодим немесе мурамидаза


Фагоцитоз
Фагоцитоз (грек, phagos - обимын, жүтамын. cytos - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды камтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішек қуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И. И. Мечников ашып зерттеген. Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, корытып және залалдансыздыруына негізделген. И. И. Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.
Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т. б. ), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жүлдызша ), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және басқа жасушалар кіреді.

Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты:

Фагоцитоздың өту сатылары.

Адъюванттар, комплемент, иммундыцитокиндер тағы басқа факторлар фагоцитозга дем береді. Оның механизмінің негізінде фагоциттердің бетіндегі рецепторлардың қабылетін көтермелеп фагоцитоздың өтуін жеңілдету болады.
Фагоциттердің белсенділігі опсонды-фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлык көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде «жұтқан», не «қорытқан» микробтар санымен есептелсе, ал опсонды-фагоцитарлық индекс- иммуынды, не иммунды емес сарсулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжрибеде опсонды- фагоцитарлық индекс дербестің (әрбір адамның) иммундық статусын анықтауға колданылады.

Комплемент
Комплемент антиген мен антидене қосылған кезде белсендірілетін, жай кезде енжарлы жағдайда болатын сарсудың ақуыздарырының күрделі кешені.
Комплементтің құрамына 20-дан астам ақуыз түрі кіреді. Оның ішінде 9 түрі ең негізгісі болып саналып CI, С2, СЗ, С4, С5, С6, С7, С8, С9 әріп-цифрлармен белгіленеді.
Комплементтің ақуызы глобулиндер катарына жатады және өзара физикалық-химиялық көрсеткіштерімен жекелендіріледі. Мысалы, олардың молекулалык салмағы және де күрделі суббірліктік құрамы болады.
Комплемент бөлшектері жоғарғы концентрацияда синтезделеді (сарысу ақуызының 5-10 пайызы комплемент), сонымен катар, оның бір бөлігін фагоциттер бөліп шығарады.

Комплементтің міндетті ісі әр алуан:

Агглютинация
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz