Қызылша вирусы



тұмау, қызылша және індеттік паротит вирустары
Орындаған: Өркен Айсулу БГ-31

Жоспар:
Тұмау вирусы
Қызылша вирусы
Індеттік паротит вирусы

Тұмау вирусы

Морфологиясы
Үлкендігі 80-120 нм, пішіні сфералық, құрылысы күрделі.
Рибонуклеопротеин РНҚ-полимеразамен және эндонуклеазамен байланысқан.
Бұлар РНҚ-ның репликациясына және транскрипциясына қажет. Нуклеокапсид спиральдық симметриясымен орналасады.
Сыртқы липопротеидтік қабығы (суперкапсид) тікенек тәрізді гликопротеидтік рецепторларымен жабылған - гемагглютинин және нейраминидазамен . Қабықтын ішкі жағынан М-белогы төселеді.
Вирионның құрамындағы липидтерімен көмірсулардың шығу тегі жасушалық болып табылады.
Вирионның ортасында 8 фрагменттен түзелген “теріс-жіпті” РНҚ орналасады, фрагменттер өзара алмаса алады. Бұл вирустың жоғарғы өзгергіштігін қамтамасыз етеді.
Геном

Репродукция
Вирустың репродукциясы жоғары тыныс алу жолдарында өтеді.
Зақымдалған кілегейлі қабығы арқылы вирустар қанға түседі, капиллярлардың эндотелийін бұзып олардың өткізгіштігін жоғарылатады.
Ауыр жағдайда ішкі органдарға қан құйылуы мүмкін.
Вирус лимфоциттерге әсерін тигізген сон иммундық тапшылық пайда болады. Сол кезде тұмауға екіншілік бактериялық инфекциялар қосылады.
Вирусты тауық эмбрионында немесе жасуша дақылында дақылдандырады. Адам ұрық бүйрегінің алғашқы жасушаларын пайдаланады.
Гемагглютинин көмегімен вирус эпиттелийге жабысады, эндоцитоз жолымен ішіне енеді.
Геномының транскрипция және репликациясы жасуша ядросында өтеді, қажетті белоктар рибосомаларымен түзеледі.
Жинақталған вирустар жасушадан нейраминидаза көмегімен бір-бірден бүршіктеніп шығады.
Инкубациялық кезең, таралу жолдары

Диагностика
Вирусоскопия - жеделдетілген диагностикасы ИФ әдісімен жүргізіледі. Мұрын, мұрынкөмейдің кілегейлі қабығында вирусспецификалық антигендерді анықтайды
Вирусологиялық - мұрынкөмейдің шайындысымен тауық эмбрионын немесе жасуша дақылын жұқтырып, вирусты көбейтіп бөліп алады.
Вирустың түрін КБР-мен анықтайды /А, В, С/. Гемагглютининнің типін ГАТР-мен, ал нейраминидазаның типін - нейраминидазаны тежеу реакциясымен анықтап, А-вирусының түр тармағын идентификациялайды.
Серологиялық - науқастың қан сарысуында антиденелердің мөлшерін анықтайды. 1-ші рет - аурудың басында, 2-ші - 8-14 күннен кейін Антиденелердің титрі кемінде 4 есе жоғарыласа грипп диагнозын дұрыстайды

Алдын алу және емдеу
Жедел профилактикасын келесі препараттарымен жүргізеді: ремантадин - А-вирусының репродукциясын тоқтатады гриппке қарсы адам иммуноглобулині лейкоцитарлық интерферон.
Иммунопрофилактикасы вакцина арқылы жүргізіледі: тірі, активсізделген және химиялық.
Инфекция көзі - науқастар және вирустасымалдаушылар. Жұғу жолы - ауа-тамшылы.
Жылдың салқын мерзімде грипп эпидемиялық түрде тарайды : А-вирусы - пандемияны, В - эпидемиямен ошактық вспышкаларды, С - жеке ауруларды қоздыруы мүмкін.
Вирус УКС-лерге, дезинфектанттарға, қыздыруға сезімтал. Сырт ортада бөлмелік температурасында 1-2 тәулікке дейін сақталады. Төменгі температурада -700С-та көп уақытқа дейін сақталады.
Таралуы

Қызылша вирусы

МОрфологиясы
Қызылша қоздырғышы (Polinosa morbilliorum) - морфологиялық жақтан басқа да парамиксовирустармен ұқсас, оның вирионының диаметрі 120-250 нм.
Қабықтары 3 қабаттан тұрады - белоктық, липидтік, гликопротеидтік.
Құрамында РНҚ бар.
Сыртқы ортада төзімсіз.
Геномы “теріс”-жіпті РНҚ-мен құралады және РНҚ-полимераза ферменті бар.
Нуклеокапсид матриксты белогымен қоршалған.
Сыртқы қабықшасы екі липидтік қабатынан тұрады және 3 белоктардан - гемагглютинин, нейраминидаза, F-белок.
ГЕНом

РЕпродукция
Қызылша вирусы ағзаға жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтары және конъюнктива арқылы түсiп, шырышты қабықтар астына және лимфотүйiндерге түседi.
Лимфотүйiндерде вирустар көбейiп, қанға енедi де, барлық ағзаға тарайды.
Вирустың ең көп жиналатын жері: орталық жүйке жүйесі, өкпе, таңдай бездерi, iшектер, бауыр, көк бауыр. Осы жерлерде қабыну процесс дамып, токсиндер және аллергендер пайда болады, олар жалпы уытталу белгілерін және ішкі мүшелердің зақымдануын дамытады.
қызудың 38-39 0 С-қа дейін көтерілуі;
бастың ауыруы;
әлсіздік, енжарлық, дімкәстік;
мұрынның бітелуі, түшкіру, сірнелі (сероздық) мұрын сөлінің мол бөлінуі;
тыныс алу жолдарындағы жыбырлау сезімі;
дауыстың қарлығуы;
қатты (дөрекі) жөтел;
көзден жас ағу, жарықтан қорқуы;
теріге бөртпелердің шығуы.
Клиникасы

Алдын алу және емдеу
Қызылшаның жасырын кезеңі 9-11 күнге созылады. Ауру циклді түрде дамиды. Бастапқы кезеңі дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуімен, шаршағыштықпен, тәбетінің нашарлауымен сипатталады. Катаральды көріністер қалыптасады. Құрғақ жөтел басталады, конъюнктивит, склерит, жарықтан қорқу, блефароспазм пайда болады. Ұсақ қызыл дақты қызылша энантемалары (Филатов-Коплик-Бельский дақтары) пайда болады, ол жиі жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабықтарына жайыла бастайды. Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына немесе кебекке ұқсайды. Экзантеманың пайда болуымен олар жойылады.
Жұқпалы аурудың көзі - тек қана науқас адам. Ол жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирустарын бөледі. Бөртпенің 5-ші күнінен бастап аурудың жұғу қауіпі жойылады. Инфекцияның берілу механизмі - ауа-тамшылы. Контагиозды индексі бұрын 1, 0 болған, вакцинациядан кейін -0, 1-0, 2. Ауру жыл бойына тіркелгенмен, оның өршу мерзімі қарашадан наурызға дейін байқалады.
Таралуы

Індеттік паротит

Морфологиясы және геном
Вириондар полиморфты, дөңгелек вириондардың диаметрі 120-300 нм. Бір ішекті және фрагменттелмеген "минус" - РНҚ 8 белокты, оның ішінде суперкапсидті қабықтың h-, N - және F-ақуыздарын кодтайды.
Вирус гемагглютинациялаушы, нейраминидазды және гемолитикалық белсенділікке ие.

Репродукция
Құлақ маңының сілекей бездерінде, көбінесе ауыз қуысына енген микробтардың ассоциациясы кездеседі. Организмнің қорғаныш күшінің әлсіреуі және сілекей бөлінуінің бұзылуы осыған әкеледі. Паротит жалпы жүқпалы аурулар кезіндегі сусызданған науқастарда немесе көлемді операциядан кейін дамуы мүмкін. Микроорганизмдер құлақ маңы безіне сонымен қатар лимфогенді немесе гематогенді жолмен де енуі мүмкін. Бездің шығарушы түтігінде қабыну дамып, оның шырышты қабаты ісініп, сілекейдің ағысы бұзылады.
Қабыну түтіктен безді тінге ауысады. Басында қабыну серозды сипат алып, содан соң без үлесшелерінде іріңді инфильтрация орын алады. Түзілген ұсақ іріңді ошақтар өзара бір бірімен қосылып, абсцесс түзеді. Қантамырларда тромбоздың дамуы, некроз аймақтарының түзілуіне әкеледі.

Диагностика
Паротит (мысқыл, шықшыт безінің қабынуы) - мысқылмен ауырып жүрген адаммен қарым-қатынас жасағаннан кейін мұнымен ауырмаған адамда 2 немесе 3 аптадан кейін оның алғашқы белгілері байқала бастайды. Бұл ауруда дене қызуы көтеріледі және жұтынғанда немесе тамақ жеген кезде ауырады. 2 күннен кейін құлақтың артында және жақтың қуысында жеңіл ісіктер пайда бола бастайды. Көбінесе алдымен бір жағында, содан кейін екінші жағында байқалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz