Микроорганизмдердің адам өміріндегі маңызы


Slide 1

Микроорганизмдер әлемінің алуантүрлілігі

Орындаған: Өркен Айсулу БГ-31

Slide 2

Жоспар:

Прокариоттардың негізгі бөлімдері;

Эубактериялар;

Архебактериялар,

Микоплазмалар.

Slide 3

Микроорганизмдер

Бактериялар

Вирустар

Саңырауқұлақтар

Қарапайымдылар

Көк-жасыл балдырлар

Slide 4

Микроорганизмдер тіршілік нәтижесін адам ерте заманнан пайдаланылғаны белгілі қамырашытқан. Микроорганизмдердің адам өміріндегі маңызы. Микроорганизмдер пайдалы жағына қарама-қарсы зияндылығы олардың аурутудырғыштығы олар өнімдерді көгерту шіріту, археологиялық ескерткіштердің шіруі. Олар тағам өнеркәсібінде пайдаланады.

Адам мен жануарлардың ауыз қуысында бактериялардың басым көпшілігі тіс өңезіндес көп шоғырланады. Мысалы, тіс өңезінің 1г массасында 250 млн микроб клеткалары болады.

Slide 5

Прокариотты микроорганизмдер

Протопласт, сферопласт және L-пішінді бактериялар. Прокариотты микроорганизмдер эубактериялар және архебактериялардан тұрады. Эубактериялардың өзара іштей айырмашылығы бар болғандықтан, оларды клетка қабықшасының болу болмауына және оның құрылысына қарай 3 бөлімге бөледі: грам-оң, грам-теріс және қабықшасыз. Археалар әзірше біртұтас таксон болып саналады, бірақ олардың да алуан түрлілігі байқалады. Бактериялар көп жағдайда клетка қабықшасын жоғалтатыны мәлім. Фирмокутты бактериялардың клетка қабықшасын лейтикалық ферменттер немесе пенициллин арқылы оңай бұзуға болатын болса, грациликуттарға липазамен, трепсинмен және қосымша әсер ету керек. Клетка қабықшасы бұзылғаннан кейінгі менбранамен қоршалған клетка құрылысын протопласт деп атаймыз, ал егерде клетка қабықшасының белгілі бөлігі сақталып қалса онда оны сферопласт деп атайды.

Slide 6

Протопласт

Сферопласт

Slide 7

Протопласттар фирмакуттарда ал сферопластар грациликуттарда пайда болады.

Протопласттар мен сферопластар бастапқы клеткадан 3-10 есе ірі болады. Олар клетка ішіндегі осмыстық қысым мен қоректік ортаның осмостық қысымы теңескен жағдайда ғана өсе алады. Сферопластар мен протопластар бастапқы жағдайға оралуы немесе лизистелуі мүмкін.

L-пішінді түрлер алғаш рет Англияда Листер институтында бөлініп алынды сол себеппен олар институт атының алғашқы әріпімен байланыстырып аталды. Бұндай пішіндер қолайлы жағдайда метаболиттік белсенділікке және көбею қабілетіне ие болады. Олар тығыз қоректік орталарда колония түзіп, агарға ене отыра, шалқасынан жатқан қалпақ тәрізді пішінде болып жақсы өседі.

Slide 8

Клеткасының қабықшасы болмағандықтан олардың белгілі бір пішіні болмайды және бір калонияда көбінесе әр түрлі пішінді клеткалар кездеседі. Олардың қасиеттеріне тоқталсақ:

1. Репродукцияға қабілетті 0, 2-1, 0 мкм аралығындағы элементарлы денелер.

2. Дөңгелек, шар тәріздес немесе 1-5 мкм тең дұрыс, әр қилы пішінді денелер.

3. 5-50 мкм-ге тең үлкен денелер.

4. Жіпше тәрәздес.

5. Белгілі бір құрылысы жоқ денелер түрінде болады.

L-пішінді клеткалар табиғи жағдайда да пайда болады. Көптеген патогенді бактериялар ауруға шалдыққан адам мүшелерінде L-пішінді түрде кездеседі. Олар клетка қабықшасына әсер ететін агенттерге, мысалы, пеницеллинге сезімталдығын жоғалтады. Сондықтанда L-пішінге көшуді бактериялардың қолайсыз жағдайда өмір сүру әдісі ретінде қарастыруға болады.

Slide 9

Эубактерия

Эубактериялар (лат. Eubacterium) -асқазан-ішек жолында мекендейтін барлық микроағзалардың едәуір бөлігін құрайтын, адам ішегінің қалыпты микрофлорасына тән грам-оң қатаң анаэробты бактериялардың тегі. Құрмаса, дау.

Пішіні көбінесе өзек тәрізді. Олар қатаң жасуша қабырғасында ерекшеленеді. Эубактериялардың кейбір түрлері холестеринді копростанолға айналдырып, өт қышқылдарының деконъюгациясына қатыса алады.

Көптеген бактериялар көмірсулар мен пептондарды метаболизм процестерінде энтероциттер қолданатын май, сірке, құмырсқа және басқа да органикалық қышқылдардың жиналуымен метаболиздейді. Эубактериялардың көптеген түрлері (30-дан 28-і) сахаролитикалық, яғни қысқа тізбекті май қышқылдарының қоспасы жинақталған көмірсуларды ашытуға қабілетті.

Сахаролитикалық бактериялардың жеке штамдары дәрумендерді, атап айтқанда кобаламинді, амин қышқылдарын (аланин, валин, изолейцин) синтездей алады, целлюлозаны ыдыратады және стероидты гормондардың алмасуына қатысады.

Slide 10 Slide 11

Архебактериялар

Архебактериялар (грек. Archaea, ἀρχαῖος - ежелгі және бактерия) - жасушасында ядро болмайтын, таза бактериялардан өздерінің физиологиялық-биохимиялық өзгешеліктері арқылы ерекшеленетін микроағзалар тобы.

Ғылымға Архебактериялардың 25 туысы, 40-тан астам түрі белгілі. Архебактериялардың жасуша қабырғасында басқа бактериялардағыдай муреин (бактерия жасушасының негізгі тірегін құрайтын полимер) болмайды. Олардың май (липидтер) құрамы глицериннің қарапайым құрылымдар эфирлері мен көп молекулалы спирттерден тұрады.

Архебактерияларда антибиотиктерге өте сезімтал РНҚ - полимераза ферменті кездеседі. Архебактериялар метан түзушілер, аэробты және анаэробты жағдайларда күкіртті тотықтандыратындар және күкіртті тотықсыздандыра алатындар, галобактериялар, термоацидофильді бактериялар (“микоплазмалар”) болып бес топқа бөлінеді.

Slide 12

Архебактериялардың метан түзушілер тобына Methanobacterіum, Methanococcus және Methanosarcіna туыстары жатады. Олардың жасушаларының таяқша немесе шар тәрізді, қозғалатын және қозғалмайтын, спора түзбейтін түрлері болады. Тіршілігіне қажетті қуатты көмір қышқыл газын метанға дейін тотықсыздандыру арқылы алады. Аэробты және анаэробты жағдайда күкіртті тотықтандыратын және тотықсыздандыратын кезде бөлінетін қуатты пайдаланады. Оларға ыстық бұлақ суларында (85-1050С темп-рада) тіршілік етуге бейімделген Sulfolobus, Desulfurococcus, Thermophіllum туыстары, ал галобактерияларға Halococcus, Halobacterіum туыстары жатады.


Ұқсас жұмыстар
Ағзаларды клондау
Микроорганизмдер алуантүрлілігі
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒДАРЛАНУ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҰЛҒАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСЫ РЕТІНДЕ. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ НҰСҚАУЛАР
Микроорганизмдерге температураның әсері
Жылу қозғалтқыштар
Хеморецепторлар. Иіс және дәм сезімі
Жылу қозғалтқыштары. Олардың энергетиканың дамуындағы рөлі
МИКРООРГАНИЗМДЕР ӘЛЕМІ, ЖАЛПЫ ТӘН БЕЛГІЛЕРІ МЕН АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz