Микроорганизмдер систематикасы


Slide 1

Микроорганизмдер систематикасы

Орындаған: Өркен Айсулу БГ-31

Slide 2

Жоспар:

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

2

Микроорганизмдер систематикасының принциптері

2. Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының типтері.

Прокариотты (бактериалды) клетканың құрылымы.

Бактерияларды жеке топтарының сипаттамасы

Slide 3

Микроорганизмдер систематикасының принциптері

Микроорганизмдермен жүмыс істеуді оңтайландыру үшін, оларды классификациялау қажеттілігі туындады.

Классификация деген белгілі бір биологиялық объектіні, өзіне тән қасиеттеріне байланысты, белгілі бір топқа (таксон) жатқызу. Өздеріне тән қасиеттеріне байланысты жекелеген топтар (таксондар) бойынша тірі организмдердің қоршаған ортада таралуын зерттейтін және оларға атау беретін ғылым систематика деп аталады. Биологияның ерте даму кезеңдерінің өзінде-ақ ғалымдар екі патшалықты бөліп көрсеткен: өсімдіктер және жануарлар.

1886ж неміс ғалымы Геккель микроорганизмдерді үшінші патшалық (қарапайымдар) ретінде қарастыруды ұсынды.

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

3

Slide 4

Қазіргі кезде микроорганизмдер үш топқа жіктеледі.

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

4

Slide 5

Микроорганизмді топтастыру кезіндекелесідей қасиеттері ескеріледі:

Slide 6

Таксономиялық бірлік негізі түр болып табылады:

Түр - шығу тегі ортақ, ортақ морфологиялық және физиологиялық сипатқа ие, қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында тіршілік етуге бейімделген организмдер жиынтығы. Яғни бір түрге жататын микроорганизмдер ортақ генотипке ие.

Штамм - бірдей немесе әртүрлі табиғи қоректік орталардан, әртүрлі уақыт аралығында бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің таза культурасы. Бір түрдің штаммдары ортақ қасиетке ие. Культуралды ашытқылар штаммы -

Раса деп аталады. Мысалы тағам өндірісінің көптеген салалаларында (нан, спирт, сыра, квас және т. б) қолданылатын Saccharomyces cerevisiae түріне жататын ашытқылар расасы бір-бірінен көмірсуларды пайдалану жылдамдығы, ашыту белсенділігі, түзетін жанама өнімдердің көлемі бойынша өзгешеленеді.

Клон - бiр клеткадан алынған дақыл немесе культура. Қәзiргi кезде микрооорганизмдердi анықтау, ажырату үшiн 1 984 жылы қабылданған Бергийдiң «Бактериялар анықтамасы» пайдаланылады.

Slide 7

Микроорганизмдердің номенклатурасы

Микроорганизмдерді топтастыру кезінде екі әдіс қолданылады: табиғи (филогенетикалық) және жасанды классификация.

Қазіргі кезде микроорганизмдердің классификациясының барлығы жасанды классификация болып табылады. Номенклатура-микроорганизмді толығымен зерттеген соң, белгілі бір атау берілуі. Микроорганизмдерді атау үшін, ХVIII ғасырда К. Линней ұсынған бинарлық номенклатураны (екі латын сөзінен тұратын атау) қолданады. Бірінші сөз- түр атауы. Бұл зат есім, бас әріппен басталады, әдетте морфологиялық, физиологиялық немесе ерекше бір қасиетін, мысалы: тіршілік ету ортасын сипаттайды. Екінші сөз- бұл сын есім және кіші әріппен жазылады, түрдің белгілі бір ерекшелігін сипаттайды. Мысалы: Streptococcus lactis микроорганизмінің атауы. Streptococcus-түр атауы. Бұл түрге сфералық пішінді (коккалар), әдетте тізбектеліп орналасатын (морфологиялық қасиет) бактериялар жатады. Екінші сөз тіршілік ету ортасын көрсетеді - сүтқышқылды стрептокок. Микроорганизмдерді атау микроорганизмдер номенклатурасының Халықаралық Кодексі ережелеріне сәйкес жүргізіледі және ол дүниежүзі елдерінде бірдей.

Оқшаулау (идентификация) - микроорганизмдерді тану. Бұл микроорганизмдерді жүйелендірудің үшінші мақсаты. Бактериялар, ашытқылар және саңырауқұлақтар анықтауыштарын пайдаланып, қоршаған ортадан бөлініп алынған микроорганизмдердің атауын анықтауға болады.

Slide 8

Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының типтері :

Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының ең қарапайым типі - бір клеткалы. Бір клеткалы микроорганизмдер көлемі өте шағын. Бактериялар, қарапайымдар, ашытқылар арасында бір клеткалылар жиі кездеседі.

Көпклеткалы - клеткалық құрылымның күрделі типі. Көпклеткалы организмдер бір клеткадан түзіледі, бірақ ересек күйінде көп клеткадан тұрады және орналасу реті әртүрлі болады. Жануарлар, өсімдіктер және кейбір микроорганизмдер көпклеткалы құрылымға ие.

Кейбір микроорганизмдердің биологиялық құрылымы көпядролы құрылымды болып келеді. Ондай микроорганизмдер ценоциттілер деп аталады. Олар өсу кезінде клеткалары бөлінбейді. Ондай ағзаларға көбінесе балдырлар және саңырауқұлақтар жатады.

Клеткалардың екі типі бар: бірклеткалы, көпклеткалы және ценоцитті құрылымға ие эукариоттар және прокариоттар (негізінен бірклеткалылар) .

8

Slide 9

Прокариотты (бактериялар) клеткаларының құрылымы

Прокариоттардың негізгі ерекшелігі клеткаішілік мембраналық жүйесінің болмауы.

Клетка қабырғасы клеткаға пішін береді, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды, клетка ішіне артық мөлшерде ылғал кіруін болдырмайды.

Цитоплазмалық мембрана

Клетка қабырғасы

Тилокоид

Цитоплазма

Бактериалды клетканың құрылыс схемасы

Slide 10

Прокариоттарды жүйелеудің классикалық критерийлері

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

10

Салыстырмалы-морфологиялық тәсілдің Өлшемдері:

1. Морфологиялық қасиеттері: бактериялардың пішіні мен мөлшері (кокки, таяқшалар, вибриондар, жинақталған формалар) .

2. Жасушалардың өзара орналасу сипаты (диплококктар, тізбектер, топтар, пакеттер, ретсіз) . XIX ғасырдың аяғында жаңа критерийлер пайда болды:

3. Биохимиялық қасиеттері.

4. Физиологиялық қасиеттері.

Slide 11

Бактериялар классификациясы

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

11

«Бергидің бактериялардың анықтағышы» бойынша барлық прокариоттар төрт негізгі категоряға жіктеледі, олардың ішінде ерекшелері : эубактериялар және архебактериилар болып табылады.

Slide 12

Бактериялар мынандай белгілер бойынша жіктеледі:

- Жасуша қабығының болуы немесе болмауына байланысты;

- Грамм бойынша боялуына байланысты:

I. Грам-оң эубактериялар, жасуша қабығы бар

II. Грам-теріс эубактериялар, жасуша қабығы бар

III. Эубактериилар, жасуша қабығы жойылған

IV. Архебактерии

Slide 13

Бактериялардың түрішілік дифференцировкасы бойынша келесідей нұсқалары бар:

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

13

Slide 14

Д. Берги бойынша бактериялардың идентификациясы D. Bergey

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

14

1923 ж. - Д. Бергидің жаңа бактериялар анықтағышы.

Бактерияялардың нақты сипаттамасы және бактерияларды идентификациялау үшін жүргізілетін тәжірбиелер тәртібі.

1948 ж. -бактериялардың номенклатуралық кодексі жарияланды, Карл Линнейдің (1707-1778 «табиғатты жүйелеу») . бинарлы номенклатурасы негізінде жасалынды.

Д. Берги анықтағышының 9 түсілімі .

бактериялардың филогенетикалық және эволюциялық туыстығын анықтайтын жолдарын қарастырмайды.

Slide 15

Бактериялардың идентификациялық схемасы

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

15

Берілген топ өкілдерінің ұқсас белгілерге ие болуына негізделген.

Идентификациялық схеманы құрастыру үшін жеңіл анықталатын белгілерді тандайды.

мысалы. Фенотиптік белгілер.

Эволюциоялық туыстық- бактериялардың таксономиялық қалпын анықтайтын негізгі критерий.

бактериялардыің эволюциялық қалыптасуының ақпараттық көзі - рибосоманың кіші суббірлігі 16S рРНК-дағы нуклеотидтердің реттілігі болып саналады.

Молекулярлық маркер Карл Возбен (K. Woese) ұсынылған.

Прокариоттарды жүйелеудің негізгі жаңа критерийлері

Slide 16

70S-бактериялық рибосома

ДОБАВИТЬ НИЖНИЙ КОЛОНТИТУЛ

16

рибосоманың 30S-кіші суббірлігінен және 50S-үлкен суббірлігінен тұрады.

55 белоктан және рРНК әртүрлі түрлерінен тұрады:

5S, 16S, 23S.

рРНК аймақтарының оптималды ұзындығы:


Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдер продуценттері
Ашыту процесі
БАКТЕРИЯ МОРФОЛОГИЯСЫ, ӨСУІ, КӨБЕЮІ, ҚОРЕКТЕНУІ ТУРАЛЫ
ҚОЯНДАР СИСТЕМАТИКАСЫ. ШОШҚАЛАР СИСТЕМАТИКАСЫ. ҚҰНДЫЗДАР СИСТЕМАТИКАСЫ. СОҚЫРЛАР СИСТЕМАТИКАСЫ
Бактерия клеткасының құрылысы
Ашытқылар
Таяқша бактериялар
Бактериофагтар тарихы
PROTOZOA дүние тармағының систематикасы
МЫСЫҚ ТӘРІЗДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz