Өсімдік вегетативті мүшелерінің пайда болуы және тұқымның өнуі


Slide 1

Өсімдік мүшелерінің пайда болуы

Slide 2

Негізгі вегетативті мүшелер деп, өркен мен тамырды есептеу керек. Өркенді негізгі мүше деп есептеудің себебі:

оның барлық құрамдық элементтері (сабақ және жапырақ) онгогенетикалық тұтас меристема массивінен пайда болады, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды;

сабақ, жапырақ және бүршіктердің эволюциялық жалпы шығу тегі бір, теломдар жүйесі. Демек, күрделі өсімдіктер денесінің бөлінуін мына жоба бойынша көрсетуге болады:

Slide 3 Slide 4

Тұқымның өнуі.

Көптеген өсімдіктердің өсіп-даму дәуірі тұқымның өнуінен басталады.

Тұқым 3 негізгі бөліктен тұрады:

Slide 5

Көптеген қос жарнақтыларда қорлық заттар дән жарнақтарында эндоспермде сақталады.

Тұқымның өнуі суды сіңіріп бөртуінен ұрықтың көлемі ұлғайып, қабығының шытынауынан басталады.

Тұқымның өнуінің алғашқы кезеңінен бастап-ақ оның құрамындағы органикалық заттар ферменттердің әсерінен ыдырап, белоктардан - амин қышқылдар, полисахаридтерден - моносахаридтер және т. б. пайда болады да оларды ұрық пайдаланады.

Кейінірек ұрық өскінге, жетілген өсімдікке айналғанда тұқым жарнақтары алғашқы жапырақтың қызметін жоғалтып, сарғайып қурап қалады.

Slide 6

Өркеннің қалыптасуы.

Өркеннің негізгі бөліктері - сабағы, жапырақтары, бүршіктері, гүлшелері эмбриондық ұлпаның туындысы болып есептеледі.

Өркеннің төбелік меристемасынан қалыпты өркеннің өсу төбешігі (апекс) меристемалық клеткалардан құралады.

Өркен төбешігі өздігінен қарқынды дамуға қабілетті болғанмен қоректік заттармен қатар фитогармондарды қажет етеді.

Slide 7

Жапырақтың өсіп - дамуы.

Жапырақ 4 сатылы қалыптасады:

Slide 8 Slide 9

Сабақтың өсуі.

Жеке сабақтардың өсуі өркеннің өсіп дамуына ұқсас деуге болады.

Сабақтың өсу аймағын төбелік ұштық меристема құрайды. Оның клеткалары тез бөлінеді. Осы аймақтан созылып өсу аймағы, оған жалғаса клетканың жіктелу аймағы орналасқан.

Жіктелу аймағында эпидермис, орталық өткізгіш шоқ және алғашқы қабық ұлпалары қалыптасады.

Қос жарнақты өсімдіктерде өзекше айналасын ксилема, ксилема айналасын флоэма клеткалары қоршап жайғасады.

Slide 10

Тамырдың өсіп қалыптасуы.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырларының өсу төбешігі құрылысы жағынан онша күрделі емес, оның ұзындығы 1-2 мм, одан бүйір бөліктер пайда болады.

Тамыр меристемасынан тамыр ұлпалары қыны қалыптасады. Өсіп тұрған тамыр 4 аймаққа (зонаға) бөлінеді.

Тамырдың ұшында эмбриондық меристема тамыр қынымен қоршалады.

Одан соң созылып өсу, тамыр түкшелері және бұтақтану аймақтары орналасады.

Негізгі тамыр онша ұзақ өспейді де, кейінірек өте қарқынды бұтақтанып жанама тамырлар пайда болады. Тамырдың өсуіне қажетті ауксиндердің концентрациясы сабаққа қарағанда төменірек болады.


Ұқсас жұмыстар
Өсімдік иммунитеті: пайда болуы, санаттары және молекулалық қорғаныс механизмдері
Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің құрылымы мен өзара байланысы
Найзағайдың пайда болуы және жіктелуі
Роботтардың пайда болуы, түрлері және қолдану салалары
Жұлдыздардың пайда болуы, эволюциясы және жойылуы
Биосфера: пайда болуы, құрылымы және қызметтері
Саясаттанудың пайда болуы, қалыптасуы және дамуы
Микроэволюция және түр пайда болуы: механизмдер мен популяциялық өзгергіштік
Митохондрия мен пластидтердің пайда болуы және жасушадағы маңызы
Қазақстан теңгесінің пайда болуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz