Өсу этаптары


Slide 1

Өсімдіктер өсу физиологиясы​

Орындаған: Өркен Айсулу, Шараман Жанель, Қаржанбай Азиза, Сағындық Сәния

Slide 2

Жоспар:

Slide 3

Өсімдіктердің жалпы тіршілік дәуірі өсу және даму деген ұғымдармен сипатталады.

Өсу процесі - өсімдік органдарының ұзарып, енденіп, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюы мен және жеке мүшелерінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр т. б. ) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюі мен бейнеленеді.

Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткалардың өсуіне байланысты.

Жалпы айтқанда өсу жеке мүшелердің және тұтас өсімдік организмінің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып есептеле

Slide 4

Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді.

Slide 5

Өсу

Өсу - өсімдік организміндегі тіршілік процесінің айқын бір бейнесі болып саналады.

Өсу - өсімдіктегі барлық зат алмасу процесімен тығыз байланысты, жинақгаушы, нәтижелуші қызмет атқарады.

Slide 6

Өсуге тән белгілер:

Slide 7

Өсімдіктер физиологиясында көптен бері қапыптасқан өсудің кезектесіп өтетін үш кезекті этаптары бар:​

Slide 8

Эмбрионалды этап

Эмбрионалдық этапта көлемі шамалы жасушалардың целлюлозадан, гемицеллюлозадан, пектинді заттардан және гликопротеинді -экстенсиннен тұратын алғашқы жұқа қабықшасы болады. Жасушанын ішкі бөлігі толығымен ядро мен цитоплазмаға толып тұрады. Эмбриональді жасушалар біршама тұрақты көлемде болады, себебі әр бөлінгеннен кейін пайда болған жасушалардың көлемі алғашқы аналық жасушаның көлеміне дейін артады да сосын не бөлінеді, не келесі созылу этапына өтеді, эмбриональді жасушалар болудан қалады. Эмбриональді этап бір-біріне ұқсас емес екі кезеншеден тұрады: дайындалу және өзіндік

Slide 9 Slide 10

Созылу этабы

Созылу этапында жасушаның көлемі біраз артады, вакуольдер пайда болады, судың мөлшері көбейеді, конституциялық заттардың - құрылымдық және ферменттік ақуыздардың, клетчатканың және басқа да қосылыстардың түзілу қарқыны арта түседі. Суды осмостық сіңірудің және тургор қысымының әсерінен жасушаның қабырғасы күшті созылады. Мұндайда пластикалық созылу жүреді де целлюлозаның мицеллалары, тарту күшінің әсері тоқталғаннан кейін, өзінің алғашқы қалпына келмейді және олардың араларын жасуша қабырғасының жаңа әуелілері толтырады. Қазіргі кездегі түсінік бойынша жасуша қабырғасының пластикалық созылуында басты рөл олардың целлюлоза емес құрамдастарына: гемицеллюлозаға, пектинді заттарға және экстенсинді ақуыздар үлесіне тиетін көрінеді. Олар бірігіп пластикалық матрикс құрайды, оған целлюлозаның созылғыш қанқа батырылған. Осындай құрылымның арқасында алғашқылық жасуша қабырғалары екі түрлі механикалық қасиетке ие болады. Бір жағынан, ол жасуша құрамының жоғары тургорлық қысымына төтеп бере алады да жасушаны жарылудан сақтайды. Екіншіден, жасушаның өсуіне қажет пластикалық созылуға икемділікті қамтамасыз етеді. Жасуша қартая бастаған кезде целлюлозаның микрофибрилдік саны арта түседі, соның нәтижесінде созылғыштығы, онымен бірге созылу арқылы өсу қабілеттілігі де жоғалады. Сонымен алғашқылық жасуша қабырғасы екіншілікке айналады, бұл жасуша өсуінің үшінші этапында, яғни, жіктелу (дифференциациялану) үдерісінде өтеді.

Slide 11

Мүшелену этабы

Мүшелену (дифференциациялану) этапында жүретін үдерістер, мұнда одан қандай ұлпа құрылатынына байланысты, елеулі өзгешеленеді. Мүшеленудің көптеген бағдарламаларының біреуін таңдап алуы (дамуды детерминациялау) алғашқы кезеңдерде созылу немесе тіпті эмбрионалдық этаптарда басталады, ол көп жағдайда өсіп келе жатқан мүшелердегі жасушаның орнына байланысты, соның ішінде көрші жасушалардың оған тигізген әсеріне, сонымен қатар кейбір факторларға тәуелді. Жекелеген жағдайларды, мәселен, генеративті мүшелердің ұрығы қапыптаса бастағанда өсу нүктесі жасушаларының мүшеленуін детерминациялық жолы гормональдық заттардың ықпалымен жүреді.

Өсудің үш этапының кезектесіп өтуінің нәтижесінде өсімдіктерде жаңа мүше қалыптасады.

Slide 12

Тіршілік циклы

Slide 13

Өсімдіктер де басқа организмдер сияқты, өз онтогенезінде жасына қарай физиологиялық өзгерістерді, олардың тамыр және өркендер жүйесінің біртіндеп алмасуынан вегативтік және генеративтік мүшелерінің ара қатынасының өзгеруінен байқауға болады. Бірақ өсімдіктің абсолютті дәл жасын анықтау оңай емес, өйткені даму барысында мүшелердің тұрақты алмасуы-ескіргендері тіршілігін жойып, ыдырап, жаңалары пайда болып отырады. Сондықтан “тіршілік циклы” деген ұғым енгізу қажет болды. Өсімдіктің тіршілік циклы-оның бүкіл онтогенезі, ол тұқымдағы ұрықтың дамуынан бастап индивидтің және оның барлық вегетативтік ұрпағының табиғи тіршілігін жоюға дейінгі аралық.

Slide 14

Өсімдіктердің тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлуге болады:


Ұқсас жұмыстар
Жұмыртқа жасушасы
МОНОКЛОНДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІҢ ИММУНОЛОГИЯДАҒЫ
Гибридомды технология
Ақпараттық ресурстар
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім тарауы бойынша қорытындылау
Тестті құру технологиясы мен бейімдеу
Модель және модельдерді тұрғызудың негізгі этаптары
Мәзір құрастыру принципі
Эмпирикалық деңгей
Балалар мен жасөспірімдердің дене
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz