ЛАМАРК ТЕОРИЯСЫ


Slide 1

Эволюциялық теорияның қалыптасуының алғы шарттары. ЛАмарк теориясы

Орындаған: Өркен Айсулу БГ-31

Slide 2

Жоспар:

Эволюция

Эволюция тарихына қысқаша шолу

Эволюциялық теория дегеніміз…

Эволюциялық теорияның қалыптасуының алғышарттары

Жан Батист Ламарктың теориясы

Slide 3

Эволюция

Эволюция (лат. evolutіo - өрлеу, өркендеу), биологияда - тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория.

Slide 4

Эволюция тарихы

Эволюциялық ілімінің негізін қалауда Чарльз Дарвиннің еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.

Эволюция терминін алғашқы рет швейцарлық табиғаттанушы және философы Шарль Бонне 1762 жылы эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды. Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі - мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады.

Slide 5

Эволюциялық теория

Эволюциялық теория - бұл Чарльз Дарвиннің 1859 жылы «Түрлердің пайда болуы» деген атаумен жарияланған еңбегінің негізі. Бұл кітапта Дарвин бүкіл әлемді шарлаған бес жылдық саяхаты кезінде жинастырған едәуір зерттеу материалдарының талдауына сүйене отырып, өз тұжырымдарын келтірді.

Slide 6

Дарвин табиғаттағы келесі құбылыстарды атап көрсетті

Slide 7

Эволюциялық теорияның болжамдары

Эволюциялық механизмдерді зерттеудегі ілгерілеу тұқым қуалаушылық заңдарын ашқаннан кейін жүзеге асты.

Ағзаның өзгергіштігінің себептеріне және жаңа белгілердің пайда болуына қатысты білім эволюцияның синтетикалық теориясын тұжырымдауға көмектесті.

Бұл генетикалық өзгергіштік эволюциялық тұрғыдан алғанда өте маңызды, генетикалық материал жүйелі ұрпақтарды байланыстырады, генетикалық өзгергіштік іріктегіш сипатқа ие және эволюциялық өзгерістердің бағыты табиғи сұрыпталумен анықталады деген болжамды жасауға мүмкіндік берді.

Slide 8

Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп, өзгеріп отырады. Міне, бұл - Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары.

Ол тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік әсерінен пайда болған өзгерштігін организм өзінде сақтап және келесі ұрпаққа бере алады деп түсіндірді. Өзгергіштік организмдердің алуантүрлігін туғызса, ал тұқымқуалаушылық осы өзгерісті келесі ұрпаққа береді. Сонымен барлық тірі организмдердегі өзгерштік пен шағылыстыру кезіндегі пайда болған өзгерістер тұқымқуалаушылықтың жемісі (гетерогендігі) .

Slide 9

Тіршілік үшін күрес

Slide 10

Тұқым қуалайтын өзгергіштік

Slide 11

Жан Батист Ламарктың теориясы

Ламарктің эволюциялық теориясы немесе Ламаркизм - француз жаратылыстанушысы Жан Батист Ламарк XIX ғасырдың басында«Зоология философиясы» еңбегінде ұсынған ең алғаш эволюциялық теорияларының бірі. [1]

Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салды. Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы - нақты деректерге сүйеніп өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуүнде. «Зоология философиясы» (1809 ж. ) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгертетіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеп берді.

Ж. Б. Ламарк жануарларды жүйелеу жұмыстарымен де айналысты.

Slide 12

Ұқсастық белгілеріне қарап омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, оларды жеке 6 сатыға, 14 класқа топтастырды

.

Slide 13

Омыртқасыздарды 10 класқа бөлінеді:

Slide 14

Ламарк эволюциясының негізгі факторы - сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелердің өзгеретіндігі, ал жаттықпаған мүшеоердің өзгермейтіндігі деп есептеді. Өзгермеген мүшелер қалады немесе кішірейіп, жойылып кетеді деп оған бірнеше мысал келтірді. Мысалы: а) керіктің мойынының ұзын болуы; оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп, ағаш жапырағымен қоректену үшін мойынын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы; денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған.

Ламарк көп әрі белсенді қимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, ондай мүше жақсы өседі және тұқым қуалайды деп түсіндірді. Ламарк өмір сүрген дәуірде биология мен ауыл шаруашылығы практикасы нашар дамығандықтан әрі ғылым деңгейі де шектеулі болғандықтан эволюция теориясын жан-жақты дәлелдей алмады. Органикалық дүние эволюциясының себептері мен заңдылықтарын 50 жылдай уақыттан кейін ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин дәлелдеді.


Ұқсас жұмыстар
Климат және эволюция
Эволюциялық ілім
Эволюциялық ілімге кіріспе
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім тарауы бойынша қорытындылау
Биология ғылымының даму тарихы
КРЕАЦИОНИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Экология пәні және оның мазмұны
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы (толықтырылған)
Биологиялық алға басу табыстары ретінде ағзалардың бейімделуі
Адамның шығу тегі туралы көзқарастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz