Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл



ҰЛЫ ДАЛА ҰСТАЗЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ІЗГІЛІК,
ДАНАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ

Өзектілігі: Халық педагогикасы арқылы жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сұлулықты сезініп, оны қастерлей білуге, өз бойына дарытуға, яғни бір сөзбен айтқанда оған эстетикалық тәрбие беруге бағытталған. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері қашаннан-ақ эстетикалық сипатта болып отырған, онда әсемдік ойдан жырақ, сұлулықтан тыс дүние жоқ. Бұлар халықтық ой-сананың туындысы ретінде үнемі эстетикалық оймен терең астасып жатады. Өмірдегі құбылыстар, ел қорғаған батыр, бас бостандығы үшін күрескен ұл мен қыз, ақылгөй дана қарт әсемдік заңдарына сәйкес жырланады. Қай өнер туындысының да барынша әсем, көркем болып келуін көздеген халық жырдағы әуезділік пен үнділікті, музыкадағы нәзіктік пен ойлылықты, қолөнердегі жарастылық пен көріктілікті негізгі сипат деп таныды.
Мәселе: Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған.

Жұмыс мақсаты: Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы - еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл», т. б. жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т. б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. Әңгіме - оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері.

Міндеттері: Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті. Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты. Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы - еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз. Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз, олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.

1-Тәжірбие
Қанағат Әзірет Әлиден бір жұт келіп сұрады дейді: - Толық байлық қайтсең табылады? Әли айтты: - Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды; қанша мал аз да болса барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады; - соның үшін Әзірет Әлі, - байлық - қанағатта, - деді.

2-ТӘЖІРБИЕ
Франклин деген даңқты білім иесі, он сегіз жасында бір қарияға қонақ болып, шығар кезде қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Айтқанша болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайын тарс соғыпты. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай әрдайым айтушы еді.

3-тәжірибе
Түлкі мен ешкі. Бір түлкі жүгіріп келе жатып абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келіп, түлкіні көріп: - Әй түлкі батыр, неғып тұрсың? - депті. Түлкі айтты: - Ой батыр, жаным рахат тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - деді. Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп, секіріп апанға түскенде, түлкі екен секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді.

4-тәжірибе
Жаман жолдас. Екі дос кісі келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты: - Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті? Ауру айтты дейді: - Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді, - дейді.

5-тәжірибе
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz