Минералды шикізат рессуртарын пайдалану




Презентация қосу
Геоэкология

Адам іс- әрекетінің литосфераға әсері.
Минералды шикізат рессуртарын
пайдалану

.
Жоспар

1. Адам іс- әрекетінің литосфераға әсері.
2. Минералды шикізат рессуртарын пайдалану
Адам іс- әрекетінің литосфераға әсері.

Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira
— шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы
гидросфера және атмосферамен шектеседі.

Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан
ғажайып көріністердің бірі. Бірақ адам баласының
үстемдігі, ақыл-ойының біліктігі оның табиғаттың
басқа организмдерінен әлдеқайда жоғары екенін
көрсетеді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы
мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың
өзі де керек-жарақтарды атмосферадан алып отырған.
Сана-сезім ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық
даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына
көтерліді.
Адам өзінің ақыл-ойы арқылы көптеген
жетістіктерге жетті. Яғни неше түрлі өндіріс,
өнеркәсіп орыдары және т.б. мекемелер жүйесін
қалыптастырды. Бұлардың пайдалы және
зиянды жақтарын жоғарыда айтып кеткен едік.
Биосфераны осындай антропогендік фактор
әсерлерін қорғау –маңызды шаралардың бірі.
Адам әрекеті санасында табиғатты, жерді, ауа
мен өзендерді, көлдерді, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді
пайдалану осы заманғы алдыңғы қаталы
мәселелерінің біріне айналып отыр. Ұрпақтан
ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі-
табиғат байлығына жетіп, бағлап, оған
келтірілген залалы үшін болашақ ұрпақ алдында
жауапты екенімізді ешуақытта естен
шығармағанымыз жөн.
• Латынша литос-тас,сфера-шар.Литосфералық мантия
қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы
дараланады, бұл қабатты құрайтын тау
жыныстарының құрамы негізінен оливин мен
пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес
келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы
атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі.
Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында
деп есептелінеді
• Жер қыртысы 8 ірі тақталардан тұрады: 1.Еуразия; 2.
Солт.Америка; 3. Оң.Америка; 4.Африка; 5.
Антарктида;
• 6. Үнді-Аустралия; 7.Тынық мұхиттық; 8. Неаска
тақтасы
• Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне
тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп
келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1
млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер,
гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар
енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді
қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна.Топырақты
ластайтын компоненттерге қарай топырақтың
ластануының түрлері: физикалық, химиялық және
биологиялық. Физикалық ластану – радиактивті
заттармен байланысты.Биологиялық ластану – ауру
тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға
итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада
болуы.
Минералды шикізат рессуртарын пайдалану

Қазақстан – жердегі минералды – шикізат
базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі
алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың
Қазақстанда 39 –ы алынады.
Қазақстан минералдық шикізат
ресурстарының барлық түрлеріне мол. Қазақ жер
қойнауында Менделеев таблицасындағы 105
элементтің 99 табылып, 70-нің қоры зерттелініп,
өндіріске соның 60 элементі тартылған.
Республика жер қойнауында Менделеев
таблицасындағы барлық элементтер - бериллий,
висмут, кадмий, мыс, алтын, қорғасын және
мырыш, магний, вольфрам және молибден, күміс,
титан және уран т.б. кездеседі.
Қазақстан Республикасы атақты ғалым-
экономистердің есептеулері бойынша, дүние жүзінде
вольфрамның қорынан 1-ші, хромит пен уран рудалары
және фосфориттен 2-ші марганец рудасынан - 3-ші,
қорғасын, молибденнен - 4-ші, темір рудасынан - 8-ші
орында. Уранның қорынан (әлемдік қордың 40-45 пайыз,
ал ТМД-ның 56 пайызы) Австралияға жол береді.
Қазір Қазақстанда әлемдегі ең сапалы хромит, ТМД-
ғы осындай фосфорит, ТМД-ғы ең арзан мыс және темір
рудалары, ең арзан көмір өндіріледі. Қорғасын мен
мырыштың қорынан әлемнің көптеген елдерін басып
озып және ТМД-дағы республикалар бойынша бірінші
орынды алады. Сондай-ақ ТМД-да мыс, күміс, вольфрам,
хромит рудасы, висмут, ванадий, бариттің қорынан 1-
ші орынды, ал мұнай, молибден, кадмий, боксит,
фосфорит, асбест қорынан 2-ші, ТМД елдерінің ішіндегі
Қазақстан көмір, темір рудасы қорынан, минералдық
құрылыс материалдарының көптеген түрлерінен 3-ші
орынды алады.
Қазақстан пайдалы қазбаларына тән ерекшелік
өндірістің белгілі бір саласында пайдалануға қажетті әр
түрлі шикізаттар мен кен орындарының ұштасып жақын
орналасуы. Сондықтанда Қазақстанды, әсіресе осы
заманғы минералдық шикізаттардың көптеген түрлерінен
"жерасты байлықтарының қоймасы" - деп атайды.
Экономикалық минералдық шикізаттық секторында
қазір ішкі көздер және шет елдік компаниялар мен
агенттіктердің инвестициясы есебінен қаржыландырудың
қайта құру және дамытудың қуатты бағдарламасы жүзеге
асуда. Қазіргі уақытта пайдаланып жатқан кен
орындарындағы өндірістің дәрежесін минералдық
шикізаттардың ірі әлемдік өндірушілерімен салыстыруға
болады. Бұл орталықтандырылған - жоспарлы
экономикадан нарыққа көшудің өтпелі кезеңдері сатысында
тұрған Қазақстанның күрделі қаржыны тарту үшін едәуір
әлеуеттік мүмкіндігінің барлығын көрсетіп, республиканың
іскерлік өмірінің барлық сфераларына қатысқысы келіп,
үнемі өсіп отырған халықаралық инвестицияны қолдайды.

Ұқсас жұмыстар
Шикізат және материалдық ресурстар
Химиялық өнеркәсіп шикізаты
Екіншілік ресурстарды және шикізатты кешенді қолдану
ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР
Адам іс­әрекетінің литосфераға әсері. Минералды шикізат ресурстарының ұтымды пайдаланудың міндеттері. Биосфераның Жер геосфераларының бірі ретіндегі негізгі ерекшеліктері
Ғаламдық экономикалық – экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Энергетикалық ресурстар
Табиғи ресурстар
Сарқылмайтын ресурстарға күн энергиясы
Материалдық – техникалық ресурстар, құрылыс жүйесіндегі логистика
Пәндер