Кәсіпкерлік субъектілері


Slide 1

Тақырыбы: Кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс істеу шарттары.

Орындаған: лектор, құқық ғылымының магистрі, аға оқытушы

Османова Гулайна Жалалыевна

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары) :

1. 1. Өндіріс.

1. 2. Кәсіпкерлік субъектілері, санаттары.

1. 3. Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік: бөліністері

1. 4. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.

1. 5. Дара кәсіпкерлік ұғымы және түрлері.

Slide 3

Өндіріс -

бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктреді өндіру процесі.

Slide 4

Өндіріс үш элементтің арқасында жүзеге асырылады (Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді:)

еңбек құралдарының өзара әрекеті

адам еңбегі

еңбек заты

Slide 5

Еңбек заты -

Еңбек -

адамның дайын өнім

өндіру мақсатында

өз еңбегі арқылы әсер

ететін зат.

бұл адамдардың материалдық

рухани игіліктер өздерімен қызмет

көрсетуіне байланысты мақсатты

нәтижелі қызметі.

Еңбек құралдары -

бұл

адамдардың еңбек

затына әсер ететін

қаруы.

Өндіріс құрал

жабдықтары -

бұл адамдардың еңбек затына

әсер ететін қаруы.

Slide 6

Өндіргіш күштер - қоғамның өндірісінің жеке және заттық факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші белсенді элементтері.

Slide 7

Экономикалық қатынастар - адамдар арасында қызметтер мен материалды рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметтің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады.

Slide 8

Өзінің қозғалысында 4 сатыдан тұрады. Олар -

пайдалы өнім

шығару процесі.

Бұл бастапқы

саты.

өндіріс,

тұтыну.

өндірілген

өнімдегі

әр адамның

үлесін

анықтауды

білдіреді.

айырбас

бөлу

бұл бір

өнімнің басқа

өнімге

айырбастау

процесі.

Адамның

қажеттіліктерін

өтеуі үшін

өндірілген

игілектерді

қолдануы.

тұтыну өнімді

пайдаланудың

тәмәмданушысы

болып табылады.

Slide 9

Тұтыну екі сипатта -

өндірістік

өндірістік емес болады

жеке

қоғамдық болып

екіге бөлінеді.

қоғамның ғылымға,

мәдениетке, білімге,

басқаруға және т. б.

қажеттіліктерін

қанағаттандыру.

бұл адамдардың тамаққа,

киімге,

білім, демалысқа

және т. б. қажеттіліктерін

қанағаттандыру.

Slide 10

Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада

жойылады. Яғни, оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.

Ұдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. .

Slide 11

Ұдайы өндірістің түрлері

жай

ұлғаймалы

Өндіріс

процесінің

бұрынғы

Ауқымында

қайталануы.

Ұлғаймалы

мөлшерде

өндірістің

жаңартылып

отыруы.

Slide 12

«Ұдайы өндіріс» терминін экономикалық ғылымда алғаш рет физиократ Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж. ) еңбегінде қолданған болатын. Ол жасалатын өнімнің қозғалысы меншіктенушілер, өндіруші-шаруалар және барлық қалған топтар сияқты қоғамның үш табы арасында орын алады деп қарастырады.

Slide 13

Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші оның тиімділігі. Бұл оның шығындарына қатынасымен анықталады.

Slide 14

Кәсiпкерлiк қызмет дегеніміз - кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын пайда табу мақсаты болып табылатын кешенді қызмет.

Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.

Slide 15

Кәсіпкерлік қызметтің белгілері:

шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі

экономикалық мүдделілігі

шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі

белсенді ізденуі

жаңалық аша білуі

пайда табу

тәуекелділік

Slide 16

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді.

Slide 17

Көп ғасырдың эволюциясы нәтижесінде дамыған елдердің экономикасында кәсіпкерлік шаруашылық тәсілі болып саналады. Біріншіден кәсіпкер ретінде нарықта қызмет ететін тұлғаларды немесе тәуекелділік операцияларға ауытқитын азартты тұлғаларды қарастырады. Болашақта кәсіпкерлікке заңнамамен рұқсат етілген пайданы әкелуге бағытталған кез-келген қызметтерді жатқызады. Кәсіпкерлік өте ауыр (қиын) дамып келген, ол белгілі бір көптеген қиыншылықтардың пайда болуымен байланысты. Оның бірінші тамырының дамуы нарықтық қарым-қатынасының тұрақтылуымен бірге басталды.

Slide 18

Бастапқы деңгейін XVIIIғ. аяғы мен - XIX ғасыр алып жатыр. Бұл кәсіпкерлікке жалпы меншік жүйесінің жоқтығын білдіреді. Ең бірінші рет бұл құбылысқа назар аударған Р. Кантильон «кәсіпкерлік» түсінігін айналысқа енгізген, яғни меншік қызметінен ерекше қызметті атқаратын тұлға. Кейінен А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс жұмыстарында кәсіпкер болып өндіріс процесінде қызмет ететін капиталист деп аталады. Оның рөлі жұмыс күшімен құрылған пайданы меңгеру болып табылады.

Slide 19

Екінші деңгейі - ХХ ғасырдың басынан ортасына дейін. Ол кәсіпкерлік тұтастық жаратылыстанудың пайда болуымен сипатталады. Жаңа кезеңнің арқасында экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде кәсіпкерлікті ең бірінші рет Й. Шумпетер анықтаған, ол кәсіпкерлікті инновациялық қызмет ретінде қарастырған. Ол үшін мүлікке меншік құқығы кәсіпкерлік болып саналмайды. Й. Шумпетер пікірі бойынша бірнеше кәсіпкерлердің пайда болуы экономиканы көтерудің ерекше белгісі болып саналады. Мұндай көз қарасты басқа да авторлар ұстанды. Мысалы И. Тюнен кәсіпкерлікті кездейсоқ пен тәуекелділік табысқа талапкерді жиі жатқызады. Ал Ф. Найт И. Тюненнің тұжырымдамасын дамыта отырып, кәсіпкерлік пайданы алдын ала кездейсоқ уақытта пайда болатын табысқа жатқызды.

Slide 20

Үшінші деңгейі ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр. Ол кәсіпкерлік тұжырымдамаларын нарықтық процесінің негізі ретінде сипаттайды. Л. Мизес, Ф. Хайек, И. Кирцер және т. б. зерттеулерінде кәсіпкерлік пайданың потенциалды қайнар көздеріне кәсіпкерлердің реакциясы ретінде түсіндіріледі. Кәсіпкерліктің мәні әртүрлі позицияда қарастырылады: жеке, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік.

Slide 21

Бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Slide 22

ҚР Қаржы министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңге сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4, 5%-ға өскен. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 65, 4%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар - 18%, шаруа немесе фермер қожалықтары - 16, 4%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар - 0, 2%.

2017 жылдың 1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес Қазақстанда барлығы 1 156 436 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны - 207 929, ал орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны - 2 609. Жеке кәсіпкер ретінде 756 743 азамат тіркелген. Сонымен қатар елімізде 189 155 шаруа немесе фермер қожалығы ресми жұмыс істейді.

Slide 23

23-бап. Кәсіпкерлік субъектілері

1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

2. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі.

3. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.

Slide 24

24-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

1. Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:

шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;

орта кәсіпкерлік субъектілері;

ірі кәсіпкерлік субъектілері.

2. Кәсіпкерлік субъектілерін осы баптың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:

мемлекеттік статистика;

мемлекеттік қолдау көрсету;

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану.

Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа санының өлшемшарты ғана пайдаланылады.

Slide 25

Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі өлшемшарт:

жұмыскерлердің жылдық орташа саны

жылдық орташа кіріс пайдаланылады.

Slide 26

Орташа кіріс деп:

Соңғы үш жылдағы жылдық жиынтық кірістердің немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы жылдық орташа кіріс деп есептеледі.

Slide 27

Шағын кәсіпкерлік


Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті
Кәсіпкерліктің мақсаттары
Жеке кәсіпкерлік туралы
Кәсіпкерліктің функциялары
Кәсіпкерлік ұғымы және даму тарихы
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің заңдылық
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
Кәсіпкерліктің даму тарихы
Шағын кəсіпкерлік
Кіші және Орта бизнесті қолдау бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz