Бастауыш сыныптағы даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту және түзету әдістемелері


Slide 1

Оқыту және тәрбие әдістемесі

БМ-32 ҚБ Мыңжасарова Жансая

Slide 2

You can delete this slide when you’re done editing the presentation.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

Slide 3

Инклюзивті оқыту біріктірілген ( оқушы қалыпты балалар сыныбында -тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.

Slide 4

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниетанымын кеңейтуді, олардың сезіне білу тәжірибесін байыта түсуді, балалардың сөйлеу және ақыл - ойының дамуын, танып білу әрекетіне дайын болуын қамтамасыз етеді. Оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру. Бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жүргізіледі. Тәрбиенің бұл түрі тек педагогтармен ғана емес, арнайы логопед, психолог, дәрігер, әлеуметтік педагог, мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне көптен-көп септігін тигізетін пәндердің бірі - бейнелеу, қол еңбегі. Бұл пәндердің әр сыныпқа арнайы жеңілдетіп жасақталған бағдарламасымен жүргізіледі. Мұндағы негізгі мақсатымыз даму деңгейі шектеулі балалардың ой-өрісін, түсінігін, ұғымын, сөйлеу тілін дамытады.

Slide 5

Бейнелеу өнері сабағында бала көрсетілген тақырыпқа байланысты сызбаны немесе сұлбаны сала білуге, оны сызықтан шықпай бояу, түстерін дұрыс таңдай отырып өз бетімен бояуға көмек көрсету. Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына сенімдерін арттырып, еңбекке деген ынтасын дамытады.

Математика сабағында төменгі сыныптарда (2, 3, 4) 100-ге дейінгі сандар арасын қосу, азайту амалдарына есептер шығарту, сандарды салыстыру, теңестіру тақырыптары бойынша тапсырмаларды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал жоғарғы сыныптарда (5, 6, 7, 8) математикадан кестелік көбейту, қосындыны санға көбейту, бөлу амалдарын орындау, көпбұрыштардың, шаршының қабырғаларын өлшеу, периметрін есептеу оны шығару.

Дене шынықтыру сабағының бала денсаулығындағы ақаулықтарға тигізетін пайдасы мол. Жеңіл дене жаттығулары секіру, тізбек құру, гимнастикалық жаттығулар, бір қатарда қойылған заттар арасымен жүру, қимылды ойындар. Күнделікті сабақ арасында баланың ойлауын дамыту үшін, дидактикалық ойындар да өткізіледі. “Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау”, “Жоқ сандарды тап”, “Не қалай дыбыстайды ?”, “Сөз ойла, тез ойла”, “Кім тапқыр ?”, “Ұйқасын тап”.

Slide 6

Бүгінде денсаулықты нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологияларды азайту мәселесінде, ең алдымен балалардың бойындағы ауытқушылықтарды, олардың сәби кезінде уақтылы анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мысалы, кемтар балалардың үштен бірінің мүгедектігі - туа біткен кемістіктердің әсері болуымен байланысты. Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. “Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы - мүгедек балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшауоқып, білім алғанын қалар дейсің . . .

Slide 7

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеуде инклюзивті білім беру
Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек оқушыларға арналған мектептің әлеуметтік төлқұжаты мен түзету-педагогикалық жүйесі
Инклюзивті білім беру: тұжырымдама мен принциптер, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған диагностикалық-түзету және әлеуметтік-әдістемелік шаралар
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім: ұйымдастыру шарттары және арнайы қолдау шаралары
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру: психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және арнайы білім беру жүйесі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білімін бағалау: критериалды жүйе және инклюзивті стратегиялар
Шетелдік тәжірибе: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы (Финляндия, Швеция, Норвегия, Франция, Германия)
Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыс: мәні, мақсаты және әдістері
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі және тұлғалық қолдау технологиялары
Бастауыш сыныпта әріпті өрнектер мен теңдеулерді оқыту әдістемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz