Педагогикалық менеджменттің негіздері, мақсаттары және қызметтері


Slide 1

Педагогикалық менеджмент

Дайындаған: Аман Н., Бауржанова Э., Жұмахан А.

Slide 2

Білім берудегі менеджмент, мақсаттары, міндеттері

01

Педагогикалық менеджментің әдіснамалық негіздері

02

Педагогикалық менеджмент жүйесі

03

Жоспары:

Slide 3

Менеджмент - бұл дамытушы басқару, яғни мектеп әкімшілігін, педагогтардың, жалпы ұйымның дамуы үшін толыққанды жағдайлар жасалынады.

Slide 4

«Менеджер»- ең алдымен жаңа үлгідегі басшымен астастырылады, оның басты белгісі базалық кәсіби басқару білімінің болатындығы. Білім беру мекемелерін басқару дегеніміз - бұл әрбір адам жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, бұл ғылыми білім саласы, оны игеру үшін табиғи бейімділік, талант және көшбасшылық қасиет керек.

Slide 5

Педагогикалық менеджмент - тиімділікті арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұйымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені.

Slide 6

Білім менеджерлерін дайындаудың моделі

Day 4

Германия

Канада Италия

ШвецияФранция

Ұлыбритания

Австралия

Slide 7

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің әлсіз жақтарының бірі - білім берудегі менеджменттің нашар дамуы» - деп көрсетілген.

Біріншіден, білім беру жүйесіндегі менеджментті жетілдіру, соның ішінде корпорациялық басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жүйесін құру;

Екіншіден, білім беруді дамытуда мониторинг жүйесін, сонымен бірге халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім беру статистикасын жетілдіру.

Slide 8

Педагогикалық қызметтегі менеджмент:

демократиялық негізде оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынас құра білу;

оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу, ұдайы кәсіби біліктілігін жетілдіруі

оқушылардың оқу- танымдық қызығушылықтарын арттыру;

мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу

оқушылардың жас, дара және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу

дарынды, талантты балармен жүйелі жұмыс жасау;

инновациялық педагогикалық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу,

пайдалану, тарату;

өз іс-тәжірибесінде инновациялық технологияны тиімді пайдалана

алуы;

«еңбек қаруын» ( сөз құдыретін ) ұтымды пайдалана алуы;

- сыни ойлай білу және айқын белсенді позицияны ұстану, креативті

бола білу;

Slide 9

Педагогикалық менеджменттің мақсаты Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.

Slide 10

Педагогикалық менеджмент міндеттері 1. Педагог келесілерді жүзеге асырады: 2. Басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру; 3. Оқыту мен тәрбиелеу үдерісін қағидаттар, әдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару; 4. Оқушылардың еңбегін, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету; 5. Білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу тәрбиелеу мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету үдерістерін ұйымдастыру және т. б.

Slide 11

Педагогикалық менеджменттің жалпы қызметтері

Slide 12

Жоспарлау - бұл басқару процесінің алғашқы кезеңі. Бұл кезеңде іс қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да қадамдар, сонымен бірге нақты жағдайдағы ең тиімді әдіс -тәсілдер нақтыланады.

Slide 13

Ұйымдастыру - бұл ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі, ұжымның бірқалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз ету

Slide 14

Мотивация - бұл іс-әрекет, қызмет. Оның мақсаты - ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру, оларда мақсатқа жетуге деген ынта тудыру

Slide 15

Бақылау - бұл басқару қызметі, оның негізгі мақсаты жұмыс, еңбек нәтижесінің сапасы, сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу

Slide 16

Назарларыңызға рақмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджменттің мақсаттары, талаптары, құрылымдары және басқару әдістері
Педагогикалық менеджменттің функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау
Педагогикалық менеджменттің негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау
Педагогикалық менеджменттің басқару функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау
Қазақстандағы менеджменттің дамуы мен теориялық негіздері
Менеджменттің эволюциясы мен негізгі теориялары және педагогикалық менеджмент
Менеджменттің қалыптасу тарихы мен теориялық-әдістемелік негіздері
Жүйелік тәсілдің теориясы мен Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері
Білім процесін жоспарлау және мектепішілік менеджменттің негіздері
Педагогикалық өлшемдердің ұстанымдары мен қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz