Ақыл-ой кемістігі: бұзылыстардың сипаттамасы және арнайы түзету-оқыту әдістемелері


Slide 1

Ақыл-ой кемістігі жағдайында көрініс табатын бұзылыстардың мінездемесі.

Дайындаған: Аман Н, Бауржанова Э, Жұмахан А.

Slide 2

Жоспары:

Ақыл-ой кемістігі бар балалардың ерекшеліктері

Ақыл-ой кемістігі бар

балаларды оқытудың арнайы

жағдайлары

Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Ақыл-ой кемістігі бар

оқушылардың

ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру

01

02

04

06

Slide 3

Ақыл-ой кемістігі бар балалардың санатына бас ми қабығының диффузды органикалық зақымдануы

салдарынан танымдық іс-әрекетінің және эмоционалдық-ерік өрісінің тұрақты бұзылуы бар

балалар жатады. Бұзылыс белгілерінің көрініс беру дәрежесі зақымдалудың ауырлығына, оны таратпау ерекшелігіне, сондай-ақ зақымдалу уақытына байланысты.

Slide 4

Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың

ерекшелігі - жоғары психикалық функцияларынының, мінез-құлқы мен

іс-әрекеттерін реттеуінің бұзылуы болып табылады. Ең алдымен,

танымдық процестер зардап шегеді:

түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу,

зейін. Эмоционалдық-ерік өрісінің, моторикасының және жалпы адамның бұзылуы байқалады.

Slide 5

Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың негізгі міндеттері оқушылардың танымдық қызметіндегі және эмоциялық-ерік өрісіндегі кемшіліктерді барынша еңсеру, оларды өздігінше өмір сүруге, өндірістік еңбекке қатысуға, қазіргі заманғы қоғам жағдайында әлеуметтік бейімделуге дайындау болып табылады.

Slide 6

Арнайы сынып жағдайында ақыл-ой кемістігі бар балаларды мектепте оқытудың ұзақтығы:

екінші сатысы

- 5-9-сыныптар.

бірінші сатысы

- 0 (даярлық),

1-4-сыныптар;

Slide 7

Оқу процесі барлық оқу жылдарында орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен болған танымдық қызметтің тұрақты бұзылуын ескере отырып, құрастырылған арнайы оқу-әдістемелік кешендер (оқулықтар, жұмыс дәптері, әдістемелік ұсыныстар, арнайы АКТ) көмегімен жүзеге асырылады.

Slide 8

Оқушылардың психофизикалық даму бұзылыстарын, өмірлік қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыру қиындықтарын түзетудің арнайы міндеті арнайы түзету сабақтарында жүзеге асырылады:

Slide 9

1) «Түзету ырғағы». Бұл курс бойынша оқытудың

мазмұны оқушылардың қозғалыс аясын жетілдіруге, олардың сөйлеуін дамытуға және эстетикалық

сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Балалар музыка тыңдауды, ән айтуды, билеуді,

белгілі бір ырғақпен қимылдарды орындауды

үйренеді. Қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеді.

Slide 10

2) «Танымдық іс-әрекетін түзету». Осы курс бойынша сабақтар жеке және оқушылар тобымен жүргізілуі мүмкін. Олар ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың бұзылған функцияларын дамытуға, олардың оқу және практикалық қызметке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

Slide 11

«Сөйлеу тілі дамуының кемістіктерін түзеу». Логопед өткізетін

сабақтар ақыл-ой кемістігі бар балалардың дамуындағы бұзылыстарды түзету процесінде маңызды орын алады. Бұл балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы өте кең

таралған болып табылады және тұрақты сипатқа ие. Бұл сөйлеу

бұзылулары баланың психикалық дамуына, оны оқытудың тиімділігіне кері әсерін тигізеді. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың

ерекшелігі жоғары жүйке қызметінің бұзылыстарының сипатына, ең

алдымен аналитикалық-синтетикалық қызметінің төмендеуі деңгейіне негізделген. Логопедиялық жұмыс сөйлеу тілі дамуының жеке кемшіліктерін жоюға ғана емес, сондай-ақ

ақыл-ойы кем оқушылардың жалпы сөйлеу тілін дамытуға, сауат ашу, ана тілі,

математика және басқа пәндер бойынша бағдарламаларды

меңгеруде сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыруға бағытталған.

Slide 12

4) «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау». Бұл сабақтарда оқушылардың өз бетінше өмір сүруіне практикалық дайындық, әлеуметтік

нормалар мен ережелерге сәйкес өз тұрмысын құру

дағдыларын,

қоғамның әлеуметтік және мәдени өміріне араласу

дағдыларын

қалыптастыру жүзеге асырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтарда сынып

2 топқа бөлінеді.

Slide 13

5) «Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» (орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін) . Бұл сабақтарда оқушылардың сенсорлық аясын байыту және сенсорлық-естілім қызметін дамыту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады: әр түрлі модальдық түйсінуді белсендіру; қабылдаудың барлық түрлерін дамыту; кеңістіктік-уақыттық бағдарлауларын қалыптастыру және графикалық дағдыларын дамыту; танымдық белсенділігін және дербестігін арттыру.

Slide 14

Назарларыныңызға рақмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ақыл-ойы кемістігі бар балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмектің ерекшеліктері мен түзету бағдарламасы
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы білім беру жүйесі: ерте анықтау, түзету және оқыту әдістемелері
Танымдық психикалық үрдістердің бұзылыстары: психопатиялық типтер, қабылдау бұзылыстары және ақыл-ой кемістігі
Есту кемістігі бар балалардың дамуында ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиенің рөлі және арнайы білім беру әдістері
Бастауыш сыныптағы даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту және түзету әдістемелері
Арнайы мектептерде ақыл-ойы кем балаларға қазақ тілін оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері мен әдістері
Көру кемістігі бар балалардың психолого-педагогикалық сипаттамасы
Ақыл-есі кем балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және коррекциялық оқыту: нормативтік-құқықтық негіздері, ұйымдық және әдістемелік аспектілері
Психикалық дамуы тежелген балалардың ақыл-ойын дамыту әдістемелері
Ерекше оқу қажеттілігі бар балалардың дамуы: ақыл-ой кемістігінің клиникалық ерекшеліктері, себептері және жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz