Табиғи ресурстық потенциал мен адам ресурстарының құрылымы, дамуы және бағалануы


Slide 1

№4 Дәріс. Табиғи ресурстық потенциал және оның бағасы. Ресурстық даму. Адам ресурсы.

Табиғи ресурстар - елдің эконимикасын көтеретін басты құрал, ал адам ресурсы - экономика ғылымының негізін алушы санаттардың бірі.

Slide 2

Экономикалық потенциалдың құрылымы мен динамикасының көлемге әсер ететін факторлары:

Slide 3

Экономикалық потенциалды келесі түрлермен ажыратылады:

1. Табиғи ресурсты потенциал

2. Шаруашылық потенциалы және негізгі қорлар.

Slide 4

Ресурстық даму.

XX ғасырдың соңынан басталған экономикадағы қайта құру құбылыстары мен үдерістері, олардың институционалдануы және технологиялық модернизациялануы әлеуметтік-экономикалық парадигманың өзгеруіне, экономикалық әдіснаманы, бағдарды, мақсаттарды және әлеуметтік-экономикалық дамудың мағынасын қайта қарауға әкеліп соқтырды, бұл адамның әлеуметтік дамуы мен ұдайы өндірістік үдерістер саласындағы ролі, орны және жағдайын түсінуді қайта мағыналауға байланыстырды. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің тұрақты дамуының жаңа парадигмасы адам ресурстарын қоғамдық даму, өмір сүру деңгейін арттыру құралы және экономиканы модернизациялаудың басты құндылығы, мақсаты ретінде түсінуін талап етті. Осыдан келіп «Адам ресурсы » түсінігі қалыптасты.

Slide 5

Адам ресурсы

Slide 6

Адам ресурстарына шет ел экономистерінің көзқарасы

Адам Смит 1723-1790

Шотланд экономисті, философ - этик

Негізгі капиталға еңбек құралдарын, ғимараттарды, жерді, сонымен қатар «қоғамның барлық тұрғындары мен мүшелерінің бойындағы пайдалы қабілеттерін» енгізді. Себебі тұлға қабілетіне байланысты қоғамның байлығының бір бөлігіне айналады

Slide 7

Адам ресурстарына Ресей экономистерінің көзқарасы

Меликьян, Геннадий Георгиевич 1947ж.

Адам ресурстары материалдық ресурстар сияқты елдің экономикалық дамуында көрініс табады. Бұл бір жағынан материалдық игіліктерді дайындайтын, екінші жағынан олардың тұтынушысы болып табылатын адамдар.

Slide 8

Адам ресурстарына Қазақстан экономистерінің көзқарасы

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев экономист - ғалым, Қостанай 1938ж.

Адам ресурстары - бұл жоғары білім деңгейі, кәсібилік пен кәсіпкерлік қабілеттерді иеленуші, елдің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде көрініс табатын адами ресурстар.

Slide 9

Адам ресурстарының дамуы келесі негізгі қағидаттардан тұрады:

- барлық адамдарда тең мүмкіндіктер болу қажет, сондықтан жынысына, дініне, ұлтына, тұрғылықты орнына байланысты шектеулерді жою қажет;

- барлық азаматтардың өз іс-әрекеттерінің өнімділігін арттыруға, табысын қалыптасыру үдерісіне толық қатысуға және еңбегі үшін лайықты ақшалай сыйақы алуға мүмкіндіктері болу қажет;

- мүмкіндіктерге қол жетімділікпен қазіргі ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпақтың да қамтамасыз етілуі қажет, сондықтан тиісті түрде барлық капитал түрінің (материалдық, адами, экологиялық) ұдайы өндірісі қамтамасыз етілу қажет;

- даму адамдардың өз күштерімен жүзеге асырылу қажет. Азаматтар өз өмірлеріне әсер ететін шешімдерді қабылдау үдерісіне толық қатысулары қажет;

- адам ресурстарының сандық және сапалық дамуы мемлекет дамуының негізгі басым бағыттарына сәйкес болуы тиіс;

- адам ресурстарын дамыту олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы керек. Яғни адам ресурстарын оқыту және қайта даярлау кезінде әлемдік стандарттарға сүйену қажет.

Slide 10

Адам ресурсының тұрақты дамуы

Адамдардың табиғи, әлеуметтік-психологиялық және интеллектуалдық қабілеттерінің позитивті өзгеруі нәтижесіндегі сыртқы орта мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін әртүрлі іс-әрекет саласындағы әрбір адамның мақсаттарын жүзеге асыруы мен мүмкіндіктері ауқымының кеңеюін қамтамасыз ететін үздіксіз үдерісін білдіреді.

Slide 11

Қорытынды тапсырма

Потенциал

Табиғи ресурсты потенциал

Шаруашылық потенциалы

Негізгі қорлар

Адам ресурсы

Модернизациялану

А. Смит

Парадигма

Г. Г. Меликьян

К. Ә. Сағадиев

Интеллектуалдық

Позитивті

Жіктелуі, саласы

Адам ресурсы - қабілеті

Еңбек, білім, күш-жігер

Көздеген

Жоспарлы дамуға үлес қосушы адами ресурс

Ұстаным

Өсімдік, жануар, қола, су, мұнай

Көркемдеу, әсемдеу

Адам ресуры - дайындаушы және тұтынушы

Жол, күрек, машина, комбайн, фабрика

Ресурсқа қол жеткізу, үздіксіз білім, салауатты өмір

Әл-ауқаты, деңгейі

Slide 12

Қорытынды

Адам ресурстарының дамуын бағалаудың бірегей нақты қолданыстағы әдістемесі болмаса да, бұл бағыттағы зерттеулер адам ресурстарының жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық параметрлерді болашақта бағалауға негізделуі керек деген шарт міндетті түрде орындалуы тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының географиясы, демографиясы, әкімшілік құрылымы және табиғи-ресурстық әлеуеті
Қазақстан Республикасының табиғи-ресурстық потенциалы, өндіргіш күштердің орналастырылуы және ресурстардың экономикалық бағасы
Биологиялық мембрананың құрылымы мен қызметі: иондық каналдар және мембраналық потенциал
Психика және сана: құрылымы, дамуы және адам мен жануар психикасының айырмашылықтары
Негізгі капитал: мәні, құрылымы, бағалануы және пайдалану көрсеткіштері
Адам-компьютер-адам жүйесіндегі табиғи тілдің теориялық және қолданбалы мәселелері
Негізгі капитал: құрылымы, бағалануы, тозуы және амортизация әдістері
Америка Құрама Штаттарының географиясы, тарихи дамуы және экономикалық-ресурстық әлеуеті
Потенциометрия: Нернст теңдеуі, электродтық потенциал және электродтардың түрлері
ТМД елдерінің ішкі сулары: су ресурстарының құрылымы мен гидрологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz