Материалдық мәдениет ескерткіштері




Презентация қосу
Ежелгі Қазақстан
аумағында
архаикалықмәдениет.
Материалдық мәдениет
ескерткіштері.
Жоспар:

I.Кіріспе бөлімАрхеологиялық тарихи мәдени
ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен
мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып
табылады.
II.Негізгі бөлім
Ескерткіштер әрбір елдің тарихы
мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық
байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін
саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-
тәрбие беруде маңызы зор.
III.Қорытынды бөлім
Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің
бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және
қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты
жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені
адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде,
сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек,
қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат
баласының қалыптасып, дамуына байланысты
туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-
тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы
қауымдық құрылыс адам баласының өсіп
дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең
алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген
мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты
дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек
құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион
жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та
жеткілікті.
Солютре кезі (18—15 мың жыл). Мұздақтардың уақытша
шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай
өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі
игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы
басқалары жасала бастады..
Мадлен кезі (15—8 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде алғашқы
адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер
үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты
аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану
біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен
жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне
пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден
жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады..
Неолиттік өнер біздің заманымызда да африкалық тайпалар
арасында ұзаққ уақыт сақталғаны көп нәрсені аңғартады.
Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындары — бушмендер
еуропалық отаршылар келгенге дейін ежелгі рулық
құрылыс жағдайында өмір сүрген болатын. Олардың
жартастағы тамаша бейнелеу өнері өзінің стилі жағынан
неолитке жатады. Бушмендердің барлығы бірдей суретші
болмаған, бұл өнермен сурет сала білетін азшылығы ғана
айналысқан. Суретшілер суретті салудан антилопаның
қылынан жасалып (кейін жылқының қылынан
дайындалған) тарамыспен байланған қатты қаламдар
қолданған. Сурет салуға қажетті бояуды ерітілген майға
езген, бояулар кішкентай құмыраларға құйылған, сондықтан
да олар қанша бояу керек болса, сонша құмыра пайдаланған.
Әрине, жер шарында құнарлы жерлер көп емес, олар
адамзат баласы мекендеген жер аумағының бір-ақ
процентін құрайды. Сондықтан да ну ормандар мен шөлейт
жерлерді игеру — жерді өңдеу, пайдалану технологиясын,
қолданылатын құралсаймандарды жетілдіруді қажет етеді.
Осы орайда адамдардың отырықшылдыққа көшуіне
байланысты шаруашылықтың жаңа салалары — егіншілік
пен мал шаруашылықтары пайда болды. Неолит дәуірінің
егіншілері мен малшылары — шаруалар болды. Осы бір
жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты
белгілері — аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және
қауымдық ұйым, ал діндері — анимизм болды. Анимизм —
рух, жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен
жанның өмір сүретіндігіне деген сенім. Ол бойынша —
табиғатта болатын барлық құбылыстардың басты себепкері
— рух пен жан болып саналады. Көне заманның
мәдениетінде діни салтдөстүрлердің, наным-сенімдердің,
діни мейрамдардың даму процесі анимизмнен басталады.
Бұл ұғымды мәдениеттану ғылымы саласына тұңғыш
енгізген атақты ғалым Тайлор болды.
Егіншілікке байланысты әдет-ғұрыптарда ер адамдар басты
рольді атқарған. Жын-перілермен арпалыс кезінде құдай
өліп те кетуі мүмкін. Міне, осыңдай қиын сәтте оған көмекке
анасы немесе әйелі мен қарындасы келеді. Олар құдайды
жер асты патшалығынан іздеп тауып алады да, жер үстіне
шығарып, күннің көзіне қояды, сөйтіп құдай қайта тіріледі.
Өліп-тірілген құдайлардың құрметіне байланысты салт-
дәстүрлер, әдетте егін шаруашылығы маусымдарының
ауысқан кездерінде өткізілетін болған.
Ерекше атап өтетін бір жайт, осындай салт-жораларды
өткізген кездерде түрлі маскалар, мүсіндер, жартастағы
кескіндер, жерге салынған суреттер кеңінен пайдаланылған
және әндер айтылып, билер биленіп, театрландырылған
көріністер қойылатын болған. Діннің ең көне түрі
сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі —
фетишизм (тұт, тұмар деген мағыналарды береді) болып
саналады. Фетишизм — табиғат заттарымен қатар адам
қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де
сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну.
Көне заман халықтарының ұстанған діндерінің тарихында
жануарлар мен ағаштарға табыну да басты роль атқарды.
Тағы адамдар үшін өзін қоршаған дүниенің барлығы да
жанды боп көрінген, сондықтан да олар жансыз заттардың
да жаны бар деп ұғынған. Адамдардың әрбір тобы өзінің
шығу тегін белгілі бір жануармен немёсе өсімдікпен
(тотеммен) байланыстырған. Олар адамның жануарға
айналатыны туралы «мифке» сенген, олай болса алғашқы
адамдар адам мен жануардың арасында айтарлықтай
айырмашылықтар жоқ деп есептеген.
Осы айтылғандардың (тотемизм, фетишизм, анимизм)
барлығы дерлік қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің
халықтарының салт-дәстүрлерінде кеңінен көрініс тауып
отыр.
Қорыта келгеңде, алда қола ғасыры мен темір ғасыры —
адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар тұрды.
Оның прогресс жолындағы қарышты қадамы дүниежүзілік
мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей эсер етті.
Қоғамдық даму барысында өнердің сан-саласы жетіліп,
жаңа мазмұнға, жаңа форма л арға ие болды, металл
өндірісінің әдістері одан әрі жетіліп «экономика» және
«мәдениет» саласындағы ұлы төңкерістерге даңғыл жол
ашты. Адамзат баласының даму жолындағы қарышты
қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамашa
өнер туындылары болашақ ұрпаққа мәдени мұралар болып
қала берді. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің
арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде
алғашқы қауымдық құры-лыс мәдениеті — дүниежүзілік
мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол
негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-
сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және тағы
басқалары болды. Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени
байланыстар — адамзат тіршілігінің басты мән-мағынасына
Алаша хан кесенесі — Ұлытауда XV-XVI ғғ. халық
шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір
ерекше архитектуралық ескерткіш. Кесене Ұлытау облысы
Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында,
Малшыбай ауылынан 2 шақырым жерде салынған. Мазар
төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді.
Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған.
Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің
суретімен безендірілген.
Бабажы-қатын кесенесі – Қазақстандағы X-XI ғасырлардан
сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км
қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан.
Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған
ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына
қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-
біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер
жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ
қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын
тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі
басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың
үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы
Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерден кездеседі. Бір-
біріне қаптай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына
себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан
суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары
дәрежеде болғанын көрсетеді.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Мәдениет тілі
Ізгілікті қоғам
Орхон ескерткіші
Рухани мәдениет
МӘДЕНИЕТ - ЖЕКЕ
Материалдық мәдениет
Орталық Азияның өзіндік мәдениеті
Қазақ халқының мәдениеті
МӘДЕНИ МҰРА
Пәндер