Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы




Презентация қосу
Химиялық элементтердің
салыстырмалы атомдық
массасы. Химиялық
формулалар. Валенттілік.
Салыстырмалы молекулалық
масса.
“Атом” грекше “бөлінбейтін” деген сөз.
Атом - заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең
ұсақ бөлшегі.
Молекула – жай немесе күрделі заттардың құрамы
мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ
бөлшегі.
“Барлық денелер өте ұсақ
көзге көрінбейтін әрі
бөлінбейтін, мәнгі
қозғалыста болатын
бөлшектер – атомдардан
тұрады”- деген болжам
айтты( 25000 жыл бұрын)
Грек философы Демокрит.
Су молекулаларының ыдырау
сызбанұсқасы
Атомдардың бірдей түрінен Атомдардың әр түрінен
құралған. құралған.
Мысалы: Су, ас тұзы, қант, марганцовка,
1. Молекулалық жай заттар: магнийдің оттекпен
сутегі, оттегі, азот, қосылысы, т.б.
галогендер.
2. Кейбір бейметалдар: күкірт,
фосфор, мышьяк және
басқалар.
3. Металдар: темір, алтын, мыс,
күміс.
Химиялық элементтер

• Химиялық элемент- атомдардың
белгілі бір түрі.Химиялық элемент
ұғымын алғаш енгізген ағылшын
ғалымы Р. Бойль.
ХІХ ғасырдың басында ағылшын
ғалымы Д.Дальтон химиялық
элементті атомдардың белгілі бір
түрі деп санайды. Ол кезде тек қана
31 элемент белгілі болған. Кейінірек
орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев
химиялық элементтердің периодтық
заңын ашқан кезде, олардың саны 63
–ке жетті. Бүгінде белгілі болып
отырған – 110.
Жер қыртысындағы
элементтердің массалық үлесі.
• Әрбір элементтің өзіндік химиялық таңбасы бар. Оны шведтің әйгілі
химигі И.Берцелиус ұсынды. Ол элементтің латынша атауының
бірінші және одан кейінгі әріптерінің біреуін қоса алғанда шығады.
• Мысалы: Оттегі (Оxygenium) – О,
сынаптың таңбасы – Hg (Hydrargyrum),
темірдің таңбасы-Fe (Ferrum), т.б.
• Химиялық таңба – берілген элементті және оның бір атомын
бейнелейді.
• Химиялық элементтер: металдар мен бейметалдар болып бөлінеді.
Атомдық масса
• Атомдар микробөлшектерге жатқанымен олардың
әрбірінің өзіндік массасы бар.
• Атомдардың массасы өте аз шама,
макродүниедегі массаның өлшемі-граммен не кг
өлшеуге болмайды. Ең жеңіл сутек элементі
атомының массасы m(Н) ═0,000 000 000 000 000
000 000 000 001663 кг-ға тең, 1,67∙10 -24 г.
• Табиғатта кездесетін ең ауыр элемент уран
атомының массасы m(u) ═3,95∙10 -22 г.
• Атомдық массаны осылай өрнектеу қолайсыз
болғандықтан арнайы өлшем бірлігі- (м.а.б.)
алынды.
• Массаның атомдық бірлігіне көміртек атомы m(С)
массасының 1/12 бөлігі алынады.
• m(Н)═1,99∙10-26 кг ═1,99∙10 23 г

m(C ) 1,99 10 26
1м.а.б. кг 1,66 10 27 кг 1,66 10 24 кг
12 12
Cалыстырмалы атомдық масса.
• Химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы
деп химиялық элемент атомы массасының салыстырмалы
бірлікпен көрсетілген орташа мәні. Ол осы элемент атом
массасының 1/12 бөлігінен неше есе артық екенін
көрсетеді.
• Орыс ғалымы Д.Менделеев элементтердің периодтық
жүйесінде элементтердің периодтық жүйесінде элементтің
негізгі сипаттамасы ретінде атомдық массаны алған.
• Салыстырмалы атомдық масса Аr деп белгіленеді. («r»
индексі ағылшынның «rеlative» -қазақша “салыстырмалы”.
• Атомдық массаның көміртектік шкаласын 1961 жылы
Монреальда химиктердің халықаралық одағы қабылдаған.
• Мысалы:

1.66 10 27 кг
Ar ( H ) 1
1,66 10 27 -27
• Оттек атомының массасы 2,66∙10 кг немесе 16 м.а.б –ге
тең, ол салыстырмалы 2,66 10 26 массасы 16.
атомдық
Ar (o) 27
• 1,66 10
M(0)=2.66∙10-27 кг=16м.а.б, Ar(o)=16.
Бақылау сұрақтары
• 1.Мыналарды жай және күрделі заттарға бөліп жазыңдар: а)су; ә)сынап; б)оттек;
в)қант; г)темір; д)ас тұзы; е)көмір қышқылы газы.
• 2.Мына сөйлемдерде “Химиялық элемент” пен “жай заттың” қайсысы айтылып тұр:
а)құбырмен келіп тұрған ауыз суда оттек еріген күйде болады; ә)көмірқышқыл газының
құрамына оттек кіреді?
• 3.Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат? а)су; ә)қант; б)тұз; в)ас содасы.
• 4.Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат: а)су; ә)ауа; б)мұнай
• 5.
Кроссворд 1

Химиялық элемент
таңбалары берілген.
Нөмірлері бойынша
элементтің атын 3
жазыңдар.
Тестілеу
1. Химиялық элемент “купрум”-бұл...
а/ калий
б/ мыс
в/ кальций
2. Химиялық элемент Рb ... Аталады
а/ қорғасын
б/ фосфор
в/ плутоний
3/ Темір элементі қалай белгіленеді?
а/ F
б/ Ғе
в/ Ғr
4/ Химиялық элемент Ag қалай оқылады?
а/ аргентум
б/ аурум
в/ арсеникум
Қорытындылау
1.Заттың құрамы мен қасиет сақтайтын кіші
бөлшек-молекула.
2.Химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ
бөлшек-атом.
3.Атомдардың белгілі бір түрі-химиялық
элемент.
4.Салыстырмалы атомдық масса- берілген
элементтің атомдық массасының 1/12
бөлігіне қатынасын айтады.
Химиялық формула.
Атом-молекулалық ілім.
Химиялық формулалар
Химиялық формуладағы таңбалар индекстер және
коэффициенттер

Химиялық формула-заттың құрамын химиялық элемент таңбалары
және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу. Заттың
формуласы бойынша нені білуге болады?
• 1.Жай немесе күрделі зат;
• 2.Сапалық құрамы (яғни, әр атомдардың қандай түрлерінен
құралған);
• 3.Сандық құрамы (яғни, әр атом түрінің қоспасы кіреді);
• 4.Салыстырмалы молекулалық массасы;
• 5.Элементтердің массалық қатынастары.
Салыстырмалық молекулалық масса

• Заттың химиялық формуласы арқылы оның салыстырмалы
молекулалық массасын есептеп шығарады. Ол үшін заттың
құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық
массалалары пайдаланылады.
• Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, оның
молекулалық массасының көміртек атомы массасының 1/12
бөлігіне қатысын көрсетеді.
• Салыстырмалы молекулалық масса Мr (Н2О)═(2∙1)+16═18
• Мr (Н2SО4)═(2∙1)+32+(4∙16)═98
Зат құрамының тұрақтылық заңы
• ХІХ ғасырдың басында француз
ғалымы Ж.Пруст құрам тұрақтылық
заңын ұсынды. Әрбір күрделі заттың
алыну тәсіліне қарамастан құрамы
тұрақты болады.
• Неліктен заттардың құрамы тұрақты
болады? Оттегі атомында екі
жұптаспаған электроны бар,
сондықтан оттек тек қана екі
сутегімен байланыс түзе алады.
• Су қандай жолмен алынбасын,
құрамы тұрақты болады. Бір оттегі
атомымен және екі сутегінен
құралған.
Құрамы өзгермелі заттар.
• Қазіргі химия ғылымының дамуы
құрамы өзгермелі заттардың да
болатындығын көрсетті.
• Клод Лун Бертолле зат құрам
тұрақтылығы заңы әмбебап
емес деген болжам айтты.
• 100 жыл өткен соң орыс химигі
Н.С.Курнаков құрамы
өзгермелі қосылыстар бар
екенін дәлелдеді.
Валенттілік
• Валенттілік-химиялық элемент атомының
басқа химиялық элемент атомдарының
белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
• Ал қабілеттіктің сандық өлшемі ретінде
валенттік мәндері алынады. Валенттіктің
өлшемі ретінде сутек атомы валенттігінің мәні
алынған, ол 1-ге тең.
• Валенттік мәндері-элемент таңбасының
үстіне не оң жағына жақша ішіне рим
сандарымен көрсетіп беріледі, мыс: Сu(ІІ)-
“купрум-екі” деп оқылады.
• Кез келген биэлементті заттың формуласы
бойынша элементтің белгісіз валенттігін
анықтағанда, әрбір элементтің валенттік
бірліктерінің саны өзара тең болатынын
ескереді.
• Биэлементті қосылыстың құрамындағы
элементтің валенттігін, жанындағы валенттігі
белгілі элементтің атом санын ескере отырып
есептейді.
• Элементтердің валенттігі тұрақты да,
айнымалы да болады. Олар бүтін сандармен
өрнектеледі.
Биэлементтік қосылыстар
• Валенттілік бойынша формула құрастыру. • Элементтің белгісіз валенттілігін
• Екі элемент бірігіп көбіне биэлементті анықтау.
қосылыстар түзеді. Олардың формулалары •
дұрыс жазу үшін құрамына кіретін элементтердің Ал іс жүзінде қосылыстардағы элементтің
валенттік мәндерін білу жеткілікті. белгісіз валенттілігін анықтау үшін,
жанындағы валенттігі белгілі элементтерді

қолдана береді. Әдетте, ондай элементтің
1.Орындалу реті қатарына сутекпен қоса оттек те жатады,
• 2.Элементтердің таңбаларын жазу (Р.О) оның қосылыстарындағы валенттілі ІІ.
• 3.Валенттік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін Мысалы, көмірқышқыл газының СО2
табу (V, ІІ)

құрамындағы көміртектің валенттігі ІV,
4.Қосылыстағы элементтер атомдарының өйткені ол ІІ валентті 2 оттек атомымен
қатынастарын табу (5∙2═10)

қосылып тұр.
5.Элементтердің индекстерін жазу (Р2, О5)
• 6.Қосылыстың формуласын жазу (Р 2О5) • Кез келген биэлементті заттың формуласы
бойынша элементтің белгісіз валенттігін
анықтағанда, әрбір элементтің валенттік
бірліктерінің саны өзара тең болатынын
ескереді. Мысалы, күкіртсутектің Н2S
құрамындағы күкірт атомының санын оның
валенттігіне көбейтіп, ең кіші ортақ еселікті
табады: 2∙1═2. Оны күкірт атомының санына
бөліп, оның валенттігін анықтайды:2:1═2,
демек күкіртсутектегі күкірт ІІ валенттік
көрсетеді.
Айнымалы валентті элементтердің бинарлы
қосылыстары

• Мұндай элементтердің валенттігі жанындағы екінші элементтің
табиғатына олармен қандай жағдайда қосылатына тәуелді
келеді.

• Мәселен,көмір жанғанда ауа жеткіліксіз болса иіс газы (көміртек
(V) оксиді СО, ал жеткілікті болса көмірқышқыл газы (көміртек
(ІV) оксиді СО2 түзіледі. Мұнда (ІІ,ІV) валенттік көрсетіп тұр.

• 3 кесте (айнымалы)
Химиялық формулалар бойынша есептеулер
• Химиялық есептеулерде заттың
салыстырмалы молекулалық массасын
анықтау керек болады.
• Ол үшін, оның құрамына кіретін элементтер
атомдарының барлығының салыстырмалы
атомдық массаларының жиынтығын табады.
• Іс жүзінде әр элемент атомдарының санын
ескере отырып, оның салыстырмалы
атомдық массаларын жеке-жеке тауып алып,
сонан соң өзара қосады.
• Мысалы : Судың салыстырмалы
молекулалық массасын есептеп шығарайық:
• Мr(Н2О)═ (2∙1)+16═18
• Мr(Н2О)═18
Тексеру жұмысы
• 1.Мынадай химиялық формулалар қалай аталады:Cu,
N2,C,Hg,S,CI2? Бұл қандай заттарға жатады? Неліктен?

• 2.Мынадай заттардың химиялық формулаларын жазыңдар:
а)сутек атомы; ә)сутек иолекуласы; оттектің екі атомы; в)оттектің
молекуласы; г)сутектің екі молекуласы.

• 3.Мынадай заттардың химиялық химиялық формуласын оқыңдар:
азот қышқылы НNО3, күйдіргіш калий КОН, калий перманганаты
КМnО4, тотияйны СuSО4
Қорытынды.
• Заттар сапалық құрамы бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
• Заттың құрамы табиғатта таралуы және алу тәсіліне қарамастан
тұрақты болады.
• Химиялық формула -заттың құрамын химиялық элемент
таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.
• Молекуладағы атомдар валенттігіне сәйкес байланысады.
• Элементтің валенттігін білу арқылы заттың формуласын құруға
және формуласы арқылы валенттігін анықтауға болады.
• Заттың формуласы арқылы оның салыстырмалы молекулалық
массасын және құрамындағы элементтердің массалық үлестерін
анықтауға болады.

Ұқсас жұмыстар
Атомдық және молекулалық массаларды анықтау тәсілдері. Заттық мольдік массасы. Эквивалентті және эквивалент арасындағы қатынас. Газдардың заттық мольдік массаларын анықтау
Химиялық формулалар
Зат формуласы Зат атауы
Сутек атомында
Атом - күрделі бөлшек
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы
Атомның құрамы мен құрылысы
Фосфор туралы
VIIA топша элементтері. Галогендер
Периодтық жүйедегі галогендер
Пәндер