Әбілғазы Баһадүр өмірі



Шежіре-и түрік
к
Орындаған: Изғали Индира
Қабылдаған: Н. Халикова
Баһадүр Әбілғазы

Жоспары: 1. Әбілғазы Баһадүр өмірі; 2. “Шежіре-и түрік” еңбегінің мазмұны; 3. “Шежіре-и түрік” еңбегінің аударлуы.

Әбілғазы Баһадүр Хан (1603 - 1664) - Хиуа ханы (1645-63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Мейірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Әбілғазының әкесі Араб Мұхаммедтің Хибаш, Жолбарыс, Аспандияр, Әбілғазы, Шәріп Мұхаммед, Хорезмшах, Ауған атты жеті баласы болған. Әбілғазының 6 жасында шешесі өліп, өгей шешесінің қолында тәрбиеленді. Әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алады. Осы жылдарда ол халық ауыз әдебиеті шығармаларын сүйіп оқып, тарихи тұрғыдан зерттейді, әскери өнер, мемлекет басқару ісін меңгереді. [1]

Әбілғазы 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 1640-1641 жылы Жем өзені бойындағы Қалмақ ханы Хо-Өрліктің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. [1]

1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті. Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.

“Шежіре-и түрки” еңбегінен халық нақылдарын да кездестіруге болады. Мысалы: «Екі дөңгелегі де бүтін арба тез жүреді. Бүгінгі істі ертеңге қалдырған ешқандай істі бітірмейді. Қыздан туғанның жаттығы жоқ. Әр елдің өз әкімі бар(мұны арабтар айтады. ) Әр үйдің өз ханы бар(мұны түріктер айтады) . Қалам-бұ дүниенің даңқы, құрмет-о дүниенің даңқы. Тұман ұзақ тұрмайды. Тұманды күн де бір жар-қырар. Тұманнан соң ашық күн болмай қоймайды. » Бұрынғылар айтады екен: Оғыз көшпеген
жол бар ма, оғыз жайламаған жұрт бар ма?-деп. Бұл
дүние керуен сарайға ұқсас. Адам баласы керуенге ұқсайды: бір көшіп, бір қонып жүре береді…” [2]
Нақыл сөздері:

Әбілғазы Баһадүрханның «Түркі шежіресі» атты еңбегі XVII ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадүрханның «Түркі шежіресі» кітабының алатын орны ерекше. Оның себебі, біріншіден, кітап авторының өз заманының білімді, жан-жақты (тарихшы, ақын, полиглот, жауынгер т. б. ) адам болуында болса, екіншіден, оның шығармасының тарихи, әдеби тілдік жақтарының аса құндылығында. Оның дәлелін Әбілғазының өзі келтірген мына сөздерінен көруге болады. Ол өз кітабының кіріспесінде былай дейді: «Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген, мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі - әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі. Екіншісі - ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде қасида, ғазал, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу. Үшіншісі - бұрын Арабстан, Иран, Тұранды билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу».

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz